Ертегі: Залым түлкі

Бір күні Арыстан ұйқыдан жаңа оянып, есінеп отырса, салып ұрып Түлкі келеді.

— Сәлеметсіз бе, Арыстан аға, әдейі іздеп келдім, – дейді.

— Жай ма? – деп сұрайды Арыстан.

— Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып жүрген сансыз көп қой бар. Қасыңызға біраз......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі – Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascal – дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылған. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А. Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай , қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан , оқушылар мен студенттерге программалаудың негізін Turbo Pascal тілін оқытып–үйретуден бастап, программкалаудың қыр – сырын меңгертудің маңызы зор. Turbo Pascal – жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық ұғымы

Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады.
«Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:
1. адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды.
2. адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез-келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады.
3. мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелер бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтыөты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән жайларына қарамастан заң алдында тең.
Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге – 1992 жылдың 1 наурызына Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Менің сәби кезім

Балалық шақ - адам өміріндегі бақытты сәт. Әрбір адам өмірге ересек адам болып келмейді. Ең әуелі, дүние есігін анаңның құрсағын жарып шығасың. Сол сәттен бастап сен пешенеңе жазылған қамшының қысқа сабындай қысқа, қайғысы мен қуанышы қатар жүретін, тәтті өміріңе алғашқы қадамыңды жасайсың. Басында сүйкімді әрі тәтті, қоршаған ортаңдағы адамдардың сүйіспеншілігіне бөленетін, өмірдің ең тәтті кезі – балалық шағың, яғни, бейкүнә сәби болдың. Сәби болған кезде ештеңені түсінбейтін, жаңа әлемнің әрбір бөлігін қызықтап, қызығатын кез.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУ СӨЗ ТАБЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Елім деп соғар жүрегім

Мен-патриотпын ! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды , отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын.
Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Бөдененің түлкіні тойғызуы

Бір түлкі тоғайды аралап келе жатып, қалың шалғынның арасында жүрген бөденені ұстап алыпты. Үрейі ұшқан бөдене:
– Түлкіжан, тимеші, екеуіміз дос болайық, – депті, құтылудың амалын іздеп.
– Ендеше, мені тойғыз, – депті түлкі.
– Онда ер соңымнан, анау қыздарға барайық, – депті, бөдене жаңа қонып жатқан бір ауылға ерулік алып бара жатқан қыздарды көрсетіп. Оны көріп:
– Ал, баста! – дейді де түлкі соңынан ілеседі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Бөгелек

Ерте, ерте, ертеде жәндіктер өздерін-өздері мансапқа қойыпты. Сона – хан, бөгелек – уәзір, шіркей – жасауыл сайланыпты.
Күндердің күнінде ызылдап ұшқан бөгелек өрісте жайылып жүрген жылқыны, сиырды, есекті кездестіреді. Қараса, жылқыға жал, сиырға жая, есекке қоң біткен. Бөгелекті мүлде әкім екен деп танымайды. Бұған қаны қайнап, көзі алайып кеткен бөгелек ызыңдап, әрқайсысына бір төнеді. Оған жылқы да, сиыр да, есек те мыңқ етпейді.......
Ертегілер
Толық
0 0