Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің ойлау процесінің даму деңгейін зерттеу және логикалық ойлауын дамыту жолда

Зерттеу өзектілігі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт ішінде экономикада сілкініс жасап, өркениетпен ықпалдасуда. Әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр.
Осыған орай, қоғамдық даму деңгейінің өлшемі болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің мәні арта түсуде.
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында: « Білім беру жүйесін дамыту – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі » деп атап көрсетті.
Орта білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім беру. Білім негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Мақала жазудың талаптарымен таныстырып, теорияны практикада бекіту.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бөкейхан | Тәуелсіздік жаршысы ұлт көсемі


Ә. Бөкейхан – Тәуелсіздік жаршысы, ұлт көсемі

Нурмагамбетова Салтанат Куандыковна

Ақтөбе қаласының

№ 51 гимназияның тарих пәні мұғалімі



Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық ғұмыры XIX ғасырдың 90 –шы жылдарының орта тұсынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған 1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әрине, 20-30 жылдар Бөкейхановқа творчестволық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту қиын, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мазмұнына айналған үйреншікті ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген емес. Ә.Бөкейханов 1913 жылдың ақпанынан бастап Орынбордан шыға бастаған «Қазақтың» негізін қалап, бағыт-бағдарын анықтаушылардың бірі болып қана қойған жоқ, сондай-ақ газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған ең белсенді және өндірімді авторлардың қатарында болды. Ал, «Қазақ» болса 1913-1918 жылдар аралығында ең алдымен белгілі үштік, яғни А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов және М.Дулатовтардың табан ет, маңдай тер еңбегінің арқасында жалпыұлттық басылым деңгейіне көтерілуімен бірге, ұлт-азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді. Тура осы мезгілде ол қазақ қоғамында отарлық және феодалдық езгіге қарсы күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті......
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Михаил Сергеевич Горбачёв

Михаил Сергеевич Горбачёв — 20 ғасырдың соңғы опжылдықтарындағы Ресей саясаткерлерінің ішіндегі ең танымалы. Оны ұлы реформатор деп те, Кеңес Одағын өлтірген адам деп те атайды.
Михаил Сергеевич 1931 жылдың 2 наурыз күні Ставропольенің Привольное селосында крестьяндар отбасында дүниеге келді.
1948 ж ол әкесімен бірге комбайнда жұмыс жасап, «Трудовой Красного Знамени» деген орден алған. 1950 ж Горбачёв мектепті күміс медальға бітіріп, Мәскеу университетінің Заң факультетіне түсті.Кейінірек ол былай деп айтатын: «юриспруденция және құқықтың не екенін мен ол кезде дұрыс түсінбейтінмін, бірақ соттар мен прокуратура орны маған қатты ұнайтын ».
Ол кезде ол Мәскеуде алғаш рет болған. Көп жылдар өткеннен соң ол былай деп есіне алатын
«Салыстырыңызшы: Привольное селосы және ... Москва. Айырмашылығы өте үлкен... Бәрі де мен үшін ең алғаш рет болды: Красная площадь, Кремль, Үлкен театр — алғашқы опе¬ра, алғашқы балет, Третьяковка, сурет салу өнерінің музйі... Москва өзенімен ең алғаш рет катермен қыдырғаным, Подмосковьедағы экскурсия, алғашқы қазан демонстрациясы... Әрбір кезде ештеңемен салыстыруға келмейтін жаңа нәрсені білу сезімі туады». Жас про¬винциалдың білім мен мәдениетке деген құштарлығы мол болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: Кембридж тәсілімен тәжірибе кезіндегі өзгерістер және оны басқаруым жайлы

Жаһандық ғаламтанудың ұлғаюы, ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Елбасы Н.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет» деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді.
Мен де өзімнің педагогикалық-психологиялық түсінігімді жетілдіру үшін биылғы жылдың ақпан айында басталған ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына қатысып, білім берудегі.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Баяндама: Ізденімпаз ұрпақты ғылыми жобаға баулу – ұстаздың құзыреттілік тәсілі

Жаңашылдық іс-әрекеттер қазіргі таңда мұғалімдер арасында кең өріс
алуда. Атап айтар болсақ, оқушылар мен студенттерді зерттеу іс әрекетіне
баулу. Білімге деген қызығушылық, бақылауға тырысушылық, тәжірибе
жасауға дайын болу, бүкіл әлем туралы жан-жақты мәлімет жинауға
талпынушылық қасиеттер бүгінгі жастарға тән дәстүрлі мінез болып
табылады. Баланың өзін қоршаған ортадағы.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Реферат: Биология | БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕР

БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕР
Денесі цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан (опалина) тұратын өте ұсақ жәндіктер қарапайым жәндіктер типіне жатқызылады. Олардың табиғатта 70 мыңға жуық түрі бар деп есептеледі.
Қарапайым жануарларда ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Сондықтан бұларды жәндіктер тобына жатқызамыз. Біржасушалы жәндіктердің құрылысы өте қарапайым. Олар жалғанаяқтың, талшықтың, кірпікшелердің жәрдемімен қозғалады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы,әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. ....
Рефераттар
Толық
0 0