Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Биші Шара Жиенқұлова

Шара әжем би өнерін

Түлеткенін білер ме едім?-

Дейді Гүлден масаттанып,

Би кітабын қолына алып.

Қамажайды шалқып билеп,

Киіз басып, салады өрнек.

Би – өнер, бұл емес ермек,

Шара әжесін үлгі тұтқан,

Биші қыз ол жүрек жұтқан. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ Тәуелсіздігіне 25 жыл


«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).

Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер деп соқса дағы жүрегім

Туған жерім - Отаным - Қазақстан. Отанымның мен үшін орны әрдайым ерекше. Қазақстан дегенде естір құлақ өзгеше. Тіпті сол сөздің өзі ыстық секілді.
Қанша жерге, қандай жерге барсақ та үйімізді, отбасымызды сағынып тұратынымыз рас. Ия, тіпті сол уақытта жүрегің әлденеге елпілдеп, «туған жер, туған жер» деп дамыл қағып соғатындай көрінеді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық көрінеді емес пе? Мен үшін өзімнің Састөбем айдан да, күннен де артық. Қызық, қазірдің өзінде сәл бір жаққа аз ғана уақытқа шықсақ , дереу сағынып, үйге қайтқымыз келеді. Ал кейін оқуға түсіп, уйден, туған жерден жыраққа кетсек не істер екенбіз? Нендей сезімде болар екенбіз?......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шақантай Жауғашарұлы

Шақантай Жауғашарұлы (1706 — 1791) — батыр. 1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Абақ керей ішіндегі Жастабан. 18 ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезеңде қансыраған халқына қалқан, қорған болған. Қазақ-жоңғар соғысында қазақ халқының қас батырлары, бас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ер Жәнібектермен бірге бірнеше шешуші шайқастарға қатысқан.Орта жүз ішінде керей тайпасынан. 14 жасынан жоңғарларға қарсы күреске бастан аяқ қатысқан. Қазақ — жоңғар соғысында Қабанбай, Жәнібек тархан, тағы басқа батырлармен бірге ірілі-ұсақты 34 шайқаста ерлік көрсеткен. 1724 ж. Қабанбай батыр бастаған отыз мың әскер Аягөз өзені бойында .....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту

Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының 
қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті
ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни
тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді
көруге  қабілетті, мәселелерді.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Нағи Ілиясов

Нағи Ілиясов (6.11.1920, Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы "Қызыл коммуна" ауылы - 6.5.1987, - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. Қазақ. 1929-36 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1936-39 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетінде (Ташкент) оқыды. 1939-41 жылы Ташкент маңы Жоғары Шыршық ауданындағы мектепте мұғалім болды. 1941 жылы туған еліне оралып, 37-Жәдігер мектебінде неміс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, 2- Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан

Менің туған елім - Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз ел. Біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады. Біз олармен тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Қысқы ауылда


...Біз үйге кіріп келгенде, сары самаурынды ортаға алып, төрт-бес кісі шайға бас қойып жатыр екен. Ат жақты келген, шүңірек көзді қара кемпір күпісін жамылып, ыстық шайға нанды малшып жеп отыр. Екі жас жігіт жалаң бастанып, терлеп-тепшіп шайды ұрттап жатыр. Екі келіншектің біреуі шай құйып отыр, біреуі жас балаға сүт ішкізіп отыр...

— Кеш жарық...

Бәрі де ажырайысып қарады. Жігіттер ығысып орын берді. Ала дастарханның бұрышын созып, алдыма таман тартты. Бірер минут тұнжырасып отырғаннан кейін сөзге кірісті: олар менің аты-жөнімді, қайдан келе жатқанымды, не жұмыспен шыққанымды сұрады.

— Е, солай де, Қызылордадан шықтым де...

Қара кемпір бетіме тесіле қарап отырды да:

— Шырағым, қашан шықтың?.. Сол жақта біздің бір жаман баламыз болушы еді, одан хабар білесің бе?!— деді.

— Әй, әже-ай, жоқты сұрайсың-ау, Қызылордада кімдер жоқ дейсің, бұл жігіт қайсысын біле берсін,— деп самаурынға таяу отырған бақа сары жігіт кейіңкіреді.

Кемпір жым болды. Жас әйелдер өзара күңкілдесіп, жас баланы сылтау қылып, бірдеме айтып күліседі.

— Бетіңнің кірін қара, балаң сүймеймін дейді, жүр, бетіңді жуайын,— деп біреуі баланы жетелейін деп еді, бала көнбей бұртиды.

— Тұр, қалқам, жуғыз, ұят болады, мына кісіні көрдің бе,— деді әжесі.

— Қойыңдаршы, баланың бетін жуғанды қайдан шығарғансыңдар, жуып керегі не?— деп кемпір де кірісті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0