Шанбаев Шерімхан Оралханұлы (5.12.1958 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер қаласы) - әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы жоғары жалпыкомандалық әскери училищесін (1980), ҚР ҚК әскери академиясын (2001) бітірген. 1980-95 жылы Солтүстік Кавказ, Түркістан, Орта .....
Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы 1. Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы. 2. Үйсіндер қоғамының дамуы. Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Бай-калдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді.....
Қадым заманында, жайқын теңіздің қабағында, бір күшті ханның уалаяты тұрады екен. Бұл уалаятты Темір мырза деген ұлы хан билеп тұрады екен. Бұл бай жақсы, рақымды адам болмапты. Күндей күркіреп, халыққа атағы жайылып тұрыпты. Ханның қазынасында неше түрлі асыл тастар, неше түрлі ою-өрнек салған ыдыстар бар екен. Дүниеде мұнан бай адам болмапты. Барша халық мұның байлығына таң қалып, сәлемге келіп жүреді екен.
Бұл ханның бір қымбатты дүниесі болыпты, оған бұл дүниенің қазынасы тең келмейтін. Ол қымбат дүние – оның Зайра деген қызы еді. Мұның сұлулығы ешбір адамда жоқ сұлулық. Оның шашына желдің самалы тимеген, ал қара көздеріне күннің сәулесі түспеген екен.......
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт- дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен , ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық,......
Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.
Естен танудың бастапқы сатысында зардап шегушіде қысқа уақытты қозу сипатталады. Ол есіне келгенде тынышсызданады, өзінің ауыр халде екенін сезіне алмайды, секіреді, қашуға ұмтылады, айғайлайды, жұлқынып сөйлейді, көздің қарашықтары ұлғаяды, өңі бозарады, жиі тыныс алады және тамыры жиі соғады.
Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.
Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:
- жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;
- зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;
- қан кетуді тоқтату;
Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;
- тыныс алу жолдарын босату;
- тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;
- ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);
- жылумен қамтамасыз ету;
- зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;
- жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;
Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.
Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады......
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін» Назарбаев Н.А Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Атамекен! Тарих!......
Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі. Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады. Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол (Қасым) әкесінің үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды» деп жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым билікті өз қолына алады. ....
Қазақ дейтін тұғыры биік, қабілетті-қаһарман, тарихы мол халықтың тұлпар тектес тұрқымен, бойында батылдығы басым, рухты азаматтары қашан да болмасын тек елі үшін еңбек ететінін сонау тарих беттерінен білеміз. Сол ұлы тұлғалардың қатарына, әңгімеме арқау болған Әбіш Кекілбаевты зор мақтанышпен жатқызған болар....
Адамзат тарихында қайғылы қара уақыттың біріне «Ұлы Отан соғысын да қосуға болатынына да ешбір күмән жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамыз айтпақшы «Соғыс-өмір мен өлім арасындағы қыл көпір» атты сөзі бұл уақытқа сынды теңеу болатыны рас.Басталған күнінен аяқталған сәтіне дейін Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы қанды майдандарда дүние салған жандармен-ақ өлшенер. Тарихтың қара беттеріне жазылғандай бұл оқиға барысы 1941 жылдың 22 маусымында таңның маужырап тұрған тыныштығын бұзған болатын. Ол неміс фашистерінің тарапынан бүкіл адамзатқа қасірет әкелген «Ұлы Отан» соғысының басталған күні болғандығы айғақ. Дүние жүзіне апат әкелген бұл соғыс 1418 күн мен түнге ұласты. Соғыс мәселесіне қарсы Қазақстанның барлық жерінде фашизмнің зұлымдығын айыптайтын жаппай халықтық митингілер өтті. Сол сияқты жаппай қарсы іс шаралардың бірі біздің Торғай облысы (Қазіргі Қостанай обл.), Аманкелді ауданында өтіп, Отан қорғауға аттануға көптеген азаматтар өз еркімен тілектерін білдірген болатын. Осы сұрапыл соғыста даңқты халық батыры Амангелді ауданының азаматтары ерліктің небір жанқиярлық үлгілерін көрсетті. Олар майдан далаларында жаулармен арыстанша айқасып, жолбарысша жұлқысты. Жан алып, жан беріскен сұрапыл соғыста ата-баба ерлігін одан әрі жалғастыра білді. Олардың көбі майдан далаларында шаһит болса, енді біразы елге мүгедек және біразы дін аман болып оралды. Отанға оралған соң бейбіт еңбекте ерліктерін кеңінен жалғастыра білді. Қай салада болмасын қызмет атқара жүріп, халықтың көңілінен шықты. Әрине, олардың бәрін түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы олардың қай-қайсысының болмасын есімдері еліміздің есінде болуы парыз болса, ерліктері ұрпаққа ұлы өнеге болатыны мақтаныш! Олардың ерекше ерлік көрсеткендері Батырбеков Тайжан және менің мақтан тұтар атам Наурызбаев Бөстекбай Абламбайұлы. «Ұлы Отан» соғысына қатысқан әрбір азамат батыр болғандықтан, туған жерін, өскен өңірін білуі меніңше әрбірімізге міндет......
Балаларда ас қорыту бұзылыстары жиі диспепсия (грек. dispepsia қорытылмау) түрінде кездеседі.
Диспепсия — тамақтанудың бұзылуынан немесе микробтардың әсерлерінен туындайтын тез дамитын ас қорыту бұзылысы. Диспепсия қарапайым, уытты және ішектен тыс (парентериалдық) себептерден дамитын болып бөлінеді. Бұл кезде құсу және іш өту (грек. diarrheo — диаррея), зат алмасудың бұзылыстарымен сипатталатын көптеген көріністер пайда болады.
Қарапайым диспепсия балалардың қоректенуі бұзылғанда (артық тамақ бергенде, қосымша тамақтың дұрыс берілмегенінде, жасанды тамақтандыруға ауыстырғанда) пайда болады.
Уытты диспепсия бактериялардың әсерлерінен туындайды немесе қарапайым диспепсияның асқынуынан болуы мүмкін.
Ішектен тыс (парентералдық) себептерден пайда болатын диспепсия дене қызуы көтерілуіне әкелетін жұқпалы аурулар кездерінде дамиды. Бұл кезде диспепсиялық құбылыстар аш ішектердің бүрлерінің құрылымы өзгерулерінен пайда болады. .....