Баяндама: Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру
жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан
жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын,
әлеуметтік цивилизацияға.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Термиялық және электрлік күйіктер

Зардап шегушінің киімі жанса оның үстіне пальто, басқа қандай да бір тығыз матаны жабу немесе жалынды сумен сөндіреді.

Киім жанып жатқан кезде жүгіруге болмайды, себебі жел жалынды күшейтіп, күйікті үлкейтеді және күшейтеді.

Зардап шегушіге көмек көрсету кезінде бірнәрсені жұқтырып алмас үшін терінің күйген учаскелерін қолмен ұстауға немесе оларға маз, май, вазелин жағуға, ішетін сода, крахмал себуге рұқсат етілмейді. Күлдіреген ісіктерді тесуге, күйген жерге жабысқан мистикті, канифольды немесе басқа да шайырлы заттарды алып сүртуге рұқсат етілмейді. Себебі, осылайша күйген теріні жұлып алуға және жарақат алған орынның іріңдеуіне септігін тигізуге болады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Алтынасық және Құрмерген

Ерте заманда Қашақ деген ел болыпты. Бұл елдің Ғайып деген ханы болған екен. Ғайып хан асқан балуан және оған сай айлаға шебер батыр болыпты.

Осындай дәуірлеп тұрған заманында артыма атағымды қалдыратын іс істеуім керек — деп ойлап, осы ойын жаушылыққа тиянақтап, маңайындағы хандармеи соғыс ашып ел-жерін жаулап алып, атағы барған сайын аса берген екен.

Қалман деген ханның елін де шауыпты. Ғайып ханның өз тұсындағы жаугершіліктің соңғысы да осы Қалман соғысы болыпты.

Ғайып ханның жасы ұлғайып, бұрынғы күш-қайраты қайтып босағанын біліп, осыдан кейін ешбір ханның елін іздеп барып соғыс ашпапты. Ал жеңілген хандар тегіндегі дүмпу айбарынан қорқып, Ғайып ханды іздеп келіп соғыс ашып кек қайтаруға келмеген екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Соңғы хат

"Ол замандарда, біз xат жазушы едік, қазіргідей телефон деген жоқ," - деп бастады әңгімесін, Марат ағам.
"Қателеспесем, 94 жылдың күзі. Мектептегі қатарласым, басқа сыныптағы Әлияға іштей ғашық болып жүрген кезім еді. Оныншы сынып оқып жатқан шағымыз. Мен де көркі өзіне сай жігіт болдым ау, шамасы. Себебі, оның да маған көңілі барын сезетінмін. Хат жазып көңілімді білдіруге бел будым. Бірінші xатты жазу мен үшін, сірә, "Абай жолын" жазып.....
Әңгімелер
Толық
1 0

Курстық жұмыс: Топография | Құрылыс туралы жалпы түсінік

Құрылыс материалдары мен детальдар өндірудің өсу қарқыны жоғары болғанына қарамастан құрылыс материалдарының көптеген түрлері — (терезе әйнегі, линолеум, қаптағыш плиталар) әлі де болса басқа республикалардан әкелінеді.
Қазақстанда құрылысты ауыр индустрия кәсіпорындары құрылысы. Село — құрылыс, монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстары, сондай-ақ көптеген мамандандырылған басқармалар мен трестер жүргізеді. Құрылыстағы бақылау мен техникалық саясатты Қаз. ССР Министірінің Советінің Құрылыс істері жөніндегі мемлекет континенті іске асырады. Құрылысқа арнап республикада 6 жоғары оқу орны. 25 орта оқу орны, 91 кәсіптік-техникалық училищелер мамандар даярлайды.
Құрылыс саласында басты міндет етіп күрделі қаржыны пайдаланудың тиімділігін арттыру, жаңа қуаттарды, тұрғын үйлерді және басқа да объектілерді қысқа мерзім ішінде және аз шығын жұмсап іске қосуды қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту болатындығын атап көрсетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (4-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/ санын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады
Көптеген оқушылар: заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады
Кейбір оқушылар: заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде еркін қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

"Анамдай болып кетті". Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты.

Youtube желісіндегі Aina арнасына сұхбат берген Қазақстанның экс-президенті, қазір биліктегі "Нұр Отан" партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты. Оның сөзінше, бірінші әйелі қара шаңырақта тұрады. "Мен әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды "Бірінші май" деген ауылда тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде жүргізуші болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім (ред. бірінші әйелін айтып отыр).
Жаңалықтар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері


Медициналық сұрыптау нақты, қайталанып тұратын үрдіс. Ол медициналық эвакуацияның барлық кезеңінде, оның барлық функциональдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Диагноз қою мен болжам жасау – медициналық сұрыптаудың негізі. Сондықтан міндеттердің шешілуі мен қолданылатын әдістерге байланысты медициналық сұрыптау екі типке бөлінеді:



І. Клиникалық-диагностикалық медициналық сұрыптау – зақымдалу ауырлығы жағдайының клиникалық көрсеткіштеріне негізделген. Клиникалық-диагностикалық сұрыптау екі түрге бөлінеді:

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Мамай батырдың арманы

Бұрынғы өткен заманда үш жігіт жолаушы жүріп, қоналқа ауылға жақындағанда, бір малшыға жолығып:
— Мына көрінген ауыл кімнің ауылы? – деп жөн сұрапты. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Одан жүріп кетіп тағы бір малшыға жолығып:
— Мына ақ ауыл кімнің ауылы? – депті. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Сонымен бұлар тоғыз ауылдың малшысынан сұрағанда, тоғызы да Мамай батырдың ауылы болыпты. Күн бата оныншы ауылға келіп, бірақ үйдің артына түсіп, бір жігіттен жөн сұрап:
— Бұл кімнің ауылы, қонуға бола ма? – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.
Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген .
Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта үйрету технологиясы
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0