Едіге Танашұлы - батыр. 14 ғасырда өмір сүрген. Ресейдің қазіргі Омбы қаласы орнындағы «Керей тоғайы» деген мекенде дүниеге келген. Орта жүз кұрамындағы керей тайпасының ашамайлы керей руынан шыққан. Едіге ағалары Балға, Балта батырлар сияқты .....
Описторхоз (грек. opіsthen – артында, артқы және orchіs – аталық без, ен) – ішек құрт ауруы.[1] Аурудың қоздырғышы – ұзындығы 4 – 13 мм-дей жалпақ құрт описторхис. Денесінің алдыңғы бөлігінде екі сорғышы болады. Ересек құрт адамның, иттің, мысықтың, терісі бағалы аңдардың өт жолдарын, бауырын, ұйқы безін зақымдап, нәжіс арқылы сыртқы ортаға (суға) түскен құрт жұмыртқаларын моллюскалар жұтады. Олардың денесінде құйрықты дернәсілдер (церкариялар) дамиды. Моллюскалардан шыққан церкариялар балықтардың денесіне еніп, олардың тері астында не бұлшық ет қабаттарында тіршілік етеді. Адамдарға аз тұздалған, дұрыс ысталмаған не шикі балық етін жегенде жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 2 – 4 аптаға созылады. Содан кейін жедел түріне өтеді. Бұл кезде науқастың температурасы көтеріліп, басы, бұлшық еттері ауырып, буыны сырқырайды, терісінде қышыма бөртпе пайда болады. Ауру асқынып, созылмалы түріне өткенде, науқастың оң жақ қабырғасының астында ауырсыну пайда болып, бауыр және өт қалтасы үлкейеді. Ас қорытуы бұзылып, лоқсиды. Егер дер кезінде ем қолданылмаса, әр түрлі асқынулар дамиды. Мысалы, іріңді холангит, перитонит, жедел панкреатит, т.б. Ауруға диагноз лабораторияда қойылады. Алдын ала жүргізілетін шаралар: балық етін дұрыс өңдеп, пісіру; эпидемия шыққан жерде дұрыс санпединстанциялық-ағарту жұмыстарын жүргізу. Емі: празиквантил препаратын қабылдау.
Ертеде бір кедейдің жалғыз баласы болыпты. Аты Асан екен. Күндердің күнінде әкесі дүние салып, бала жетім қалыпты. Шешесі ұлын жетелеп жүріп, ел қыдырып, күнін көріпті. Бір күні бұлар Тайыр деген ханға келіп, мұңын шағып, жәрдем сұрапты. Сонда хан Асанның шешесі Жаңылға: — Сен менің тазыларымның күтушісі бол, иттермен бірге жатып, бірге тамақтанасың. Ал мына балаң қозы бақсын, – дейді.......
Құланиектеніп таң білінген кезде Мекке - Мәдинеден дүлдүліне мініп, зұлпықарын асынып, атағы бүкіл әлемге кеткен Ғазретғали пайғамбар жолға шығыпты.
Оның ойына бірнеше қырғын соғыстардағы, тіпті өзі таң қаларлық болған жеңістері, «аллалап ап» дегенде, көлденеңінен пайда бола кететін күші, керемет майдандардың шаңы бұрқырап, қызыл қандар су болып аққан суреттері елестеді.
Бірақ бір ұзын аяқ сары маса ызылдап көзінің алдында, мұрнына қанатымен сырып өтіп быж-быж етіп мазасын кетірді. «Ер мұрынды келеді, ат ерінді келеді» дегендей, жарықтық Ғазретғалидің мұрыны қоқырайған үлкен болатын. Ал танауының тесігі анау-мынау шелектей бар. Ызылдаған сары маса енді мазасыздығын бұрынғыдан да гөрі ұлғайта түсті. Тіпті даңдайсып кетті. Бір кезде быж-быж етіп ән салып келді де Ғазретғалидың танауына зып берді.
90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. .....
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. 2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын тиiмдi iске асыру үшiн 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы әзiрленедi, мұнда өңiрлiк мамандануды күшейту, пайдалылығы жоғары өндiрiстi дамыту, әрi iшкi және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жолымен тиiмдi аграрлық бизнестi дамытуды және ауыл шаруашылығы өнiмдерi нарығын кеңейтудi мемлекеттiк ынталандыру шаралары көзделедi ....
Анам қайтыс болған соң, нағашы әжемнің қарауында қалдым. Менің әжем тамаша кісі ғой. Мені шексіз махаббатқа бөлеп, үлде мен бүлдеге орап, қызымнан қалған қарашығым деп ерекше жақсы көреді.......