Реферат: Қазақ әдебиеті | Халифа Алтай

Алтай Халифа (1917 – 2003) – 18 желтоқсанда Шығыс Түркістанда туған. Дін және қоғам қайраткері, жазушы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 — 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.[1] 1940 ж. Алтай Халифа және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.[2] Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкстанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 — 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Екі иттің достығы

Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты.
Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Перзент парызы

Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.

(«Әкелерге арнау» өлеңінен)

1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз

Барлық игіліктердің ең ұлысы – тәуелсіздік.
У.Годвин

Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол – алаш деп түнемесі дөңбекшіген бабаларымыздың, ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде өзекті өртеген намыстан былайғы жақын-жұрағатына көрсетпей, бармағын тістелеп отырып жанарына үйірген көз жасы. Ертеңіміз, елдігіміз не болады деген ұлы уайымы. Қазақ келешекте бодан болып жер бетінен мүлде жойылып кете ме, әлде іргелі елге айналып, көшін түзеп кете ала ма деген жүрекжарды сауалы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Реферат: Құқық | АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», – деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Химия | Алкогольдар спирттар

Этил спиртінің құрылысы Бұл класс қосылыстарының құрылыс ерекшеліектерін олардың өкілі-этил мысалы бойынша анықтаймыз.
Этил спирті С2Н6О -өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, судан жеңіл 78,3° С температурада қайнайды, суда жақси ериді және өзі көптеген бейорганикалық және органикалық заттарға еріткіш бола алады.
-Этил спиртінің молекулалық формуласын және оның құрамындағы элементтердің валенттіліктерін біле отырып, спирттің құрылысын бейнелеп көрейік. Оның екі түрлі құрылымдық формуласын жазуға болады:

Н Н Н Н
Н-С-О-С-Н (1) Н-С-С-О-Н (2)
Н Н Н Н
Осы екі формуланың қайсысы этил спирті молекуласының құрылысына сай келеді?
Формуланы салыстыра келіп, егер бұлардың біріншісін дұрыс көміртегі атомдарымен қосылысып, қасиеттері жағынан бірдей болатынын байқаған болар едік. Егер екінші формула дұрыс десек, онда молекуладағы сутегінің бір атомы көміртегі атомына оттегі арқылы қосылып, бұл сутегі атомының қасиеті басқаларынан өзгеше болатынын тәжірибе арқылы тексеруге де болады екен.
Спирт құйылған пробиркаға бір түйір натрии салайық. Газ бөліп шығара жүретін реакция бірден басталады. Бұдан бөлініп шығып жатқан газдың сутегі екенін анықтау қиын емес. Тағы бір қиынырақ тәжірибе жәрдемімен спирттің әр молекуласынан сутегінің неше атомы бөлініп шығатынын анықтауға болады. Ішінде натриидің ұсақ түйірі бар колбаға воронкадан тамшылатып белгілі мөлшерде, мысалы, 0,1 (4,6)

спирт құяйық. Спирттен бөлініп шыққан сутегі екі мойынды шөлмектегі суды цилиндрге ығыстырып шығарады. Цилиндрге ығысып шыққан судың көлеміне сәйкес келеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Ауа туралы жалпы түсінік

Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.
Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы.
Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан

Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.
XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады». Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.....
Рефераттар
Толық
0 0