Шығарма: Шуағын шашқан - Шымқала

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Иммундық жүйенің құрылысы

Иммундық жүйе туралы түсінік. Иммундық жүйенің мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейлерінің құрылысы.Лимфоциттер генезі, иммунды хабарлы жасушалардың мигерациясы мен рециркуляциясы. Иммундық бақылау концепциясы және оның биологиялық рөлі.Иммундық жауап туралы түсінік.Иммундық жауаптың түрлері.Т-, В-лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың иммундық жауаптағы маңызы......
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қола қабан

Болған оқиға Флоренциядағы Грандук алаңының төңірегінде, ұмытпасам, Порта-Росса – деп аталатын шағын көше бар. Сол жерде жеміс дүкенінің алдында қоладан тамаша қылып құйған қабанның ескерткіші тұр. Қабанның аузынан мөп-мөлдір салқын су атқылайды. Ескерткіш әбден ескіріп қошқыл тартқан, тек тұмсығы ғана сырлап қойғандай жып-жылтыр. Өйткені қаптаған бала-шаға, үлкен кісі еңкейіп, аузын тосып, су ішкен сайын, әлгі тұмсықтан қолдарымен ұстайтын. Жартылай жалаңаш сүп-сүйкімді балалардың......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По Шөлмектен шыққан қолжазба

Қасқағым ғұмыры қалғандардың енді бұл жалғаннан жоғалтары жоқ.

Филлип Кино. Атис

Отаным мен туған-туыстарым туралы айтарым аз. Әділетсіздіктің әлегінен жат жерге қуылдым, ұзақ жылдар бойы шет жерде жүргендіктен — жат туыспын. Еншіме тиген мол мұра сол кездегімен салыстырғанда әжептәуір білім алуыма мүмкіндік берді, ал бойыма туа біткен алғыр зеректік жас шағымда талмай тырбанып жиған мағлұматымды жүйелеуге жағдай жасады. Мен бәрінен де немістің философ-моралистерінің шығармаларын оқуды жақсы көруші едім, әрине, онда мені қисынсыз қызыл сөз емес, логикалық ойлауға дағдыланған адамға олардың құрылысындағы жасандылықты оп-оңай шығаруға болатындығы шектен тыс ынтық ететін еді. Мені әдетте тақуалықтан таймайды деп айыптап, қиялымның қарымы үшін қылмыскердей кінәлайтын, мені жұрт қашан да Перронның ізбасары санайтын. Тұрпайы философияға тым әуестігім шынында мені де біздің ғасырымыздағы мейлінше кең таралған қателіктің құрбаны етті ме деп қорқамын — мен бұл жерде барлық құбылыстарды, тіпті оған қатысы шамалы құбылыстардың өзін сол ғылым принципімен түсіндіруді айтып отырмын. Жалпы айтқанда, мен сияқты адамдарды ырымшылдықтың алдамшы сәулесі еліктіріп, шындықтың шегінен шығады дегенге сенудің өзі қиын. Мен өз әңгімемді осындай шағын алғысөзден бастауды орынды көрдім, өйткені мен баяндағалы отырған бұл әдеттен тыс оқиғалар қисынсыз қиялдың нәтижесі емес, қайта қиялды құр жаңғырық пен жансыз әріптердің құбылысы деп біліп, оны мүлдем жоққа шығаратын адамның ақыл-ойының шынайы тәжірибесі болып табылады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы рөлі

Стратегиялык проблемалар жөніндегі мамандар қашыктан оқыту формасын 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрьш технологияларға бағытталған қогамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны кашыктан оқытудың маңыздылыгын арыттырды.
Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялык деп сипаттауға болады. Бүл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақтытүрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан окыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, озара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады.
Одан баска, кашыктан оқыту жүйесі әлеуметтік жагдайына (окушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жүмыссыздарға ...) карамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында түрса да адамның білім және ақпарат алу қүқығын камтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларга сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін үстап тұруда кашыктан окыту 21 ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Зерттелетін проблеманың мәнісі мынада:
Қашықтан оқытудың нормативтік-кұкыктык негіздері кабылданбаған және жасалмаган; Осы себептен кашыктан оқытуға дәл анқытама беріп, оның теориялык жақтарын әртүрлі деңгейлерден қарастыру керек. Соңғы кездері педагогикалык әдебиеттерде кашыктан оқтудың педагогикалык проблемаларына көп назар аударылып жүр. Қолданыстағы алгашкы көздердің сипаттауларында гылыми көзкарас (терминологияны пайдалану, оны ашып көрсету, баст жәйттерді шығару және негіздеу, айтып жеткізудің ойға қонымдылығы) байқалады, бірак, әр жылдардагы авторлардың еңбектерінде кейбір сұрактар бойынша айырмашылыктар ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Бүгінгі экономикадағы шағын орта және ірі бизнес және олардың байланысы

Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік құқық қызметі тек мемлекетке ғана жатады. Рыноктық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорынмен индивидке де мүмкіндіктер жасалады. Бұл рыноктық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде майда, орташа және ірі кәсіпкерлікке бөлеміз. Кәсіпкерлік субъекті бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер (жеке тұлға) және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз.
Неміс ғалымы әрі экономисі Иозеф Алоиз Шумпетердің ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге, жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың діңгекті нәрсесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Менің Қазақстаным — менің болашағым

«Менің Қазақстаным — менің болашағым». Бүгін «Атамекен— «Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенінде Конституция күніне арнап өткізілген республикалық бейне-конференция осылай аталды. Интерактивті сабақ түрінде болған шарада құқықтық және демократиялық мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі төңірегінде ғибратты әңгіме өрбіді. Интернет арқылы Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облысы мен Астана қаласының сондай-ақ, өзге де өңірлердің студент, оқушылары тікелей байланысқа шықты. Олар заң саласының білгір мамандары мен «Нұр Отан» партиясы өкілдеріне өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бейне-конференцияға Әділет, сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі мен Ресей, Белоруссь елшіліктері интернет арқылы қатысты. Ұйымдастырушылар, «интерактивті сабақ жас буынның құқықтық санасын қалыптастыруға таптырмайтын шара» деп бағалап отыр. Ал Заң ғылымдарының докторы Марат Башимовтың сөзінше, көптеген елдер Конституция күнін патриоттар мейрамы ретінде атап өтеді.
1995 жылы референдумда қабылданған Ата заңымыз бүгінде еліміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Республика аумағында жыл сайын атап өтіп келе жатқан мереке қарсаңында биыл да түрлі мекемелер тарапынан іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Төтенше жағдайлар департаментінде де бірқатар іс-шаралар осы бағытта өрбуде. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 7 тамызында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы ғимаратындағы саптық алаңда департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Отаным ....
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Кірпіге дос табайық ойыны

Сабақтың мақсаты:Балаларға біріңғай заттарға сенсорикалық белгілеріне қарай ажырата, салыстыра білуді бекіту. Үлкен- кіші ұғымдарды білуге үйрету, геометриялық пішіндерді ажыратуды бекіту, ажыратуды әрі қарай дамыту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қол моторикасын дамыту.,
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға кірпінің суретін көрсету. Кірпі туралы өлең оқу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап.
Қостілділік компонент:Ежик - кірпі.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2
Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.2.1 Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну.
2.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын тұтастай түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын еркін түсінеді. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қараханидтер мемлекетінің пайда болу тарихы

Қараханидтер мемлекетінің пайда болу тарихы
1. Қараханидтер мемлекетінің пайда болуы, даму тарихы.

2. Қараханидтер мемлекетінің саяси жағдайы.
1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып.....
Рефераттар
Толық
0 0