Реферат: География | Атлант мұхиты

Атлант мұхиты – Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған
Жалпы мәлімет
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Υнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолькленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да Кунье, Вознесение, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қоршаған ортаны қорғау

Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғат пен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік –экономикалық дамуы әл қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды қажеті мәселелерінің бірі болып табылады .
Қоршаған ортаны қорау дегеніміз – табиғат пен адамның өзара қарым –қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік құқықтық актілер мен азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекетік және мемлекет аралық келісімдермен, конфенциялар мен реттеліп жүзеге асырылады.
Қазақсатнда «қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруды бағытталған.
Қоршаған ортаның ластанатын жолдары және ластаушы
көздер.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын энергетика ресурстарының түріне, өдірісте қолданылатын шикізатқа оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өдірістері ауаны улы көміртек (П) оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен қағаз өндірісі – күкірт оксиді мен, сутекті көміртекпен, меркаптандармен, жасанды талшық өндірісі күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды. 1 тонна шойынды өңдегенде атмосфераға 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкірт оксиді, 0,1-0,5 кг марганец, мышяк, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап сирек металдарының қосылыстары бөлінеді.Ауаны ластайтын қатты заттар негізінде оның төменгі қабаттарында шоғырланады.
Өндірісі дамыған елдерде жерінің, ауасының, суының құрамы күрт өзгеріп өсімдік пен жануарлар әлемінде едәуір зиян тигізеді.
Қазақстанның көптеген өндіріс дамыған аймақтарында, әсіресе Орталық пен Шығыс Қазақстан облыстарды топырағының өте көп мөлшерде улы заттар мен ластанғанына байланысты бұл төңіректе биогеохимиялық аномалиялар пайда болып отыр. Осы аталған облыстардың кәсіпорындары мен көлік тағы басқа ластанушы көздері соңғы мәліметтер бойынша тек атмосфераға 5 млн тонна улы заттарды жыл сайын тастайды екен.
Қоршаған ортаның ластану мөлшері табғи ресурстардың тиімді және жан-жақты пайдалануына да көп байланысты. Қазіргі кезеңде бұл проблема әлі толығымен шешілмеген. Пайдалы кен қазбаларын (9.1-ші кесте) минералды шикізаттарды (9.2-ші кесте) жер қойнауынан алған көздің өзінде біразы шығынға ұшырайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Пирамиданың қасиеттері

мұндағы Sтаб- табанының ауданы, H -биіктігі.
Толық беті Sт.б=Sб+Sтаб, Sб – бүйір бетінің ауданы , Sтаб– табанының ауданы.
Қиық пирамида көлемі

мұндағы S1 , S2 – қиық пирамиданың табанының аудандары, H -биіктігі.
.
Қиық пирамида толық беті Sт=Sб+S1+S2 ,мұндағы Sб - қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы, S1 , S2 - қиық пирамиданың табанының аудандары.
1.Егер пирамидаға төмендегі екі шарттың бірі орындалса:
а) барлық бүйір жақтары табан жазықтығымен бірдей бұрыш жасайды;
б) барлық бүйір жақтарының апофемасының ұзындықтары бірдей; Онда пирамиданың төбесінің проекциясы табанына іштей сызылған шеңбердің центрімен беттеседі.
2. Егер пирамидаға төмендегі екі шарттың бірі орындалса:
а) барлық бүйір қырлары табан жазықтығымен бірдей бұрыш жасайды;
б) барлық бүйір қырлары ұзындықтары бірдей;
Онда пирамиданың төбесінің проекциясы табанына сыттай сызылған шеңбердің центрімен беттеседі.
3.Егер үшжақты бұрыштың, екі сүйір жазық бұрышы тең болса, онда олардың ортақ қабырғаларының проекциясы үшінші жазық бұрыштың биссектрисасы болады.
4. Егер пирамиданың табаны тікбұрышты үшбұрыш болса, онда пирамиданың биіктігінің табаны, табанына сырттай сызылған шеңбердің центрімен беттеседі.
Мысалдар:
1. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың биіктігі 7 см, табан қабырғасы 8см. Бүйір қабырғасын табыңыз.
Берілгені: SABCD - дұрыс төртбұрышты пирамида. SO = h = 7 см; AB=BC=CD= =DA=8 см.
Табу керек: l=AS=BS=CS=DS....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломная работа: Становление финансовой системы Казахстана

Современное банковское дело – динамичный бизнес. Исторически сложившись как одна из наиболее регулируемых экономических сфер деятельности, банковское дело постепенно превращается в де регулируемый бизнес в США, Канаде, Западной Европе, Японии и в других странах мира. Темпы перехода от старых норм к новым значительно отличается в разных странах, это приводит подчас к драматическим изменениям в разделе финансового рынка между ведущими международными банками.
В своем ежегодном Послании Народу Казахстана 6 февраля 2008 года Президент Н.Назарбаев отметил: «Правительству, Нацбанку, Агентству по финнадзору необходимо сформировать действенные механизмы системного и оперативного реагирования государства на угрозы финансовой нестабильности и укрепить доверие международных рынков к экономике Казахстана…Надо усвоить уроки, преподанные ипотечным кризисом в США, оказавшим серьезное влияние на наши банки» .
Глава Государства подчеркнул, что «Государственная поддержка не может быть односторонней, и банки должны взять на себя свою часть рисков. Если акционеры банков не желают или неспособны, привлекать дополнительные ресурсы для своего развития, то государство должно быть готово, принять необходимые меры. При этом процесс регулятивного вмешательства должен быть предельно прозрачен и предсказуем для всего банковского сектора».
Резюмируя вышесказанное надо отметить, что сегодня вопросы эффективного менеджмента в банковском секторе являются наиболее актуальными. ....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0

Шығарма: Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін!

Басы қатты, аяғы тәтті болған кез...
1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Осыдан жетпіс бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Ия, осы уақыттың сүйекке таңба салған жарасына, қайтпас қайсар бабаларымыз мойынсұнбай төтеп берді. Кешегі оқиға, бүгінгі тарих. Олай болса сол тарихты білу, келешекке үмітпен қарайтын мына біздерге парыз. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.
«Ерліктің қос қанаты деп білемін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары

Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары (көне грекше: insuli pancreas; көне грекше: insuli — аралшық, көне грекше: pаn — барлыгы, көне грекше: kreas — ет) — ұйқы безінің гормондар бөлетін ішкі секреция (эндокринді) бөлігі. Аралшық без құрылысы мен қызметі әртүрлі безді жасушалар — инсулощптерден (А, В, D, D , РР) құралған. Аралшықтың орталығында орналасқай В инсулоциттер инсулин гормонын (организмдегі қант алмасуын ретгеуге қатысады, гормон жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы өрбиді), шеткі жағындағы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Кәрібай шал)

Күн суық қыстың күні, даласы қар,
Жол оңап жүргізбейді тағы да тар.
Жүк салып арық атқа өлең айтып,
Келеді ыққа қарай Кәрібай шал.
Жүк тартып келе жатты Кәрібай шал,
Жалғыздың бейнет көрсе жоқ қой амал.
Жеткенде бір оқапқа.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аксо-дендриттік жанасым

Аксо-дендриттік жанасым (synapsis axo-dendritica; гр. synapsis — жанасым; гр. axon — білік, ось; гр. dendron — ағаш) — нейроцит аксонының (жүйке толқынын клетка денесі — перикарионынан әрі қарай өткізетін өсінді) басқа нейроциттер дендриттерімен (жүйке толқынын қабылдайтын нейроцит өсіндісі) жанасып жалғасуы. Аксо-дендриттік жанасым арқылы жүйке толқындары (импульстері) биологиялық белсенді заттардың (медиаторлардың) көмегімен бір нейроциттен басқа екінші нейроциттерге беріледі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері

Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0