Реферат: Биология | ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ

ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ
Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Боран батыр

Баяғыда Ұлы жүзде Боран деген бір батыр мен Қасқарау деген бай болған екен. Ноғайлы елінен қоныс ала алмай аз румен бір қоныстас болып жүретін заманы екен. Сол мезгілде Боран батыр байға қатты өкпелеп шауып алмақ болып атқа үш мініп, үш түскен екен. Ондағы себебі – шауып тастауға қорқып жүрген жоқ, бұл наданның наданшылығынан көрмей, «Боран өз елін өзі жаулап құтын шайқады» деп, жаман аты менде қалады-ау, – деп тоқтаған екен. Сол Боранның баймен өкпелесіп жүрген мезгілінде ноғайлы ауып кететін кезі болып Қасқарау айттырып қойған бір қызды бермей көшіп кетеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Жыр селін төккен жүздесу

Ақпанның соңғы күнінде аудандық Мәдениет Үйінің кіші залында , келе жатқан көктемнің алғашқы лебіндей әсерлі де әдемі кеш өтті. Аудандық кітапхана ұжымының үлкен еңбегінің нәтижесінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл шара- аты қазақ еліне танымал арқалы айтыскер, өлеңдері республикалық басылымдарда көптеп жарияланып жүрген белгілі жазба ақын,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің тілшісі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойлық медалінің иегері, төрт жинақтың авторы Хасен Зәкәрияның творчествосына арналған еді. Күнілгері осы жүздесуден құлағдар болған ақынның оқырман, тыңдарман, көрермендерінің бір парасы ғана көрсетілген уақытта кіші залды лық толтырғанда, «Хасеннің ақындығын жоғары бағалайтын алыс-жақындағы жырсүйер қауым жиылып келсе, үлкен залың таршылық етер ме еді!?.»-деген ойға келгендейсің... Сонымен, кітапхана қызметкерлері Гүлнар Даутова мен Роза Кенжеханова кезектесе сөз алып, қысқаша өткізілмек шараның мақсатын айта келіп , кеш иесі-ақын Хасен Зәкәрияға төрден құрметті орын ұсынған соң, алғашқы құттықтау сөзді Хасеннің көп жылдар қызметтес болған аға жолдасы, аудандық «Рауан» газетінің редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Кәдірбек Айдархановқа берді. Кәдірбек Айдарханұлы ақынды редакцияға қызметке шақырғанда өзінің қателеспегенін, Хасен інісінің бай сөздік қорымен, тілді аса жетік меңгергенімен және өзінің туабітті еңбекқорлығымен аз ғана уақытта газет жұмысын тез игеріп, кәнігі журналист деңгейіне көтерілгенін қысқа да әсерлі жеткізді. Хасеннің қызметтегі жетістіктерінетыңдарман назарын арнайы аударып,оның журналистика саласында алар биіктері әлі де алда екеніне сенім білдірді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Еврейдің баласы болса олай етпес еді


Сабақ алдында

- Білім дегенді шартты түрде зат деп алайықшы, - деді методист еңбек жолын енді ғана бастап жатқан жас ұстаз мұғалима қызға қарап. - Иә, кәдімгі зат деп алайық. Бұрын қалай болды? Сол затты мұғалім балалардың көзіне көрсетіп, ол жөнінде барлығын да өзі айтып беретін. Енді біз олай етпейміз. Зат алақанда жасырулы күйінде тұруы тиіс. Оны бала ізденіп, өзі табатын болсын. Мен өзге елдердің білім жүйесімен танысып қайттым. Соның ішінде еврейлерде де болдым. Сабағыңызды абыржымай жүргізе беріңіз. Мен сіздің сабағыңызға қатысып, сізге бағыт-бағдар беріп отырамын. Іске сәт!

Сабақта
Мұғалима. Сонымен, балалар, апайдың, алақанында не жасырулы тұр екен? Қане, бәріміз бірге табамыз? Апайдың алақанында не жасырулы тұр? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы экономикалық тиімділігі бар.
қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары екі жақта дамып жатыр:
• спортқа қолданатын жылқыларды өсіру;
• өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың
басын көбейту.
Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы өнімдеріне сұраныс бар.
Осыған орай шет мемелекеттерге шығарылатын өнімдер инфекциялық жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және сапалы болуы керек.
Біздің негізгі объектіміз спорт жылқылары. Спорт жылқылары шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы – тендинит, немесе тендовагинит жиі кездеседі.
Ғылыми әдебиеердің деректері бойынша жылқының тендинитімен, тендовагинитін анықтау және емдеу барысында санаулы тәсілдер мен әдістер бар. Мысалы, емдеу барысында ең бірінші себебін анықтау керек, екінші тыныштық жасау керек, үшінші салқын, қысымды байлам және новокаиндік тежеу қолданылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жігіт қуалау

Жігіт қуалау — ұлттық ойын.

Ойын көгалды жазық алаңда, спорт залдарында ойналады. Ойынға оннан 30-га дейін ойыншы қатынасады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сызылған сызықтың үстінде қатарласып тұрады. Сол сызықтан 15—20 метрдей қашықтықтан екінші сызық сызылады да, екі жағынан екі жалауша қадалады.

Ойын жүргізуші әр топтан бір-бір ойыншыдан ортаға шақырып, оның біреуіне белбеу, не шиыршықталған орамал береді. Содан кейін екеуі бірінші сызықтың бойында қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша олар екінші сызыққа тұра жүгіреді. Қолында белбеуі бар ойыншы екінші сызыққа жеткенше, ананың арқасына белбеуді тигізіп үлгеруі керек. Көмбеге жеткен бірінші ойыншы, қолындағы белбеуді екінші сызықтың үстіне тастайды да, кері қашады, екінші ойыншы белбеуді ала салып оны қуады. Егер бірінші сызыққа дейін оны қуып жетіп, арқасынан белбеумен ұра алса, жеңген болып табылады да, тигізе алмаса, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі ойыншы шақырылады. Ойын жалғаса береді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану

Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Битумның классификациясы

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мұнайдың қалдықтарын пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені олардан мұнай битумын алуға болады. Ал битум құрылыста, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және реактивті техникада, радиоактивті сәулелерден қорғануда, тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары мен аэродромдар құрылысына қажет болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда отандық мұнай битумдарын шығаратын өндірістер жоқ. Қазақстанның Солтүстік региондарын битуммен қамтамасыз ету мақсатында Павлодар МӨЗ- нда мұнай битумдарын өндірудің алғы шарттары жасалуда. Алайда, шикі заттың жоқтылығынан бұл зауытта битум өндірілмейді. Оңтүстік Қазақстан облысында автокөлік жолдарын жалпы пайдалану 5203 мың км құрайды, соның ішінде 763 км жолдың республикалық және 440 км жолдың жергілікті маңызы бар. Осындай жұмысқа облысымызға жыл сайын 44 мың тонна мұнай битумы қажет. Мұнай битумына деген қажеттілік Қазақстанның басқа региондарында да сезіледі. Тек қана үш облыста- Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай жылдық мұнай битумына деген қажеттілік 120 мың тонна құрайды. Соңғы кезде Қазақстан Республикасына жол битумы Ресейден орташа бағамен 1 тонна битумды сатып алу үшін 165 долардың және транспорттың шығынын қоса алғанда әкелінеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0