Өткен заманда бір мерген болыпты. Ол мергенді «Қарамерген» деп атайды екен. Қарамерген аң аулап, көп жүріп, ақырында жайылып жүрген екі маралға кездесіпті. Қарамерген мылтығын алып, маралдарды атқалы көздепті. Сол кезде маралдар: «Атпа бізді!» – депті. Қарамерген маралдың адамша сөйлеп, «атпа» дегеніне таңырқап тұрып: «Неге?» – деп сұрады. Маралдар: «Неге екенін Ағыбай шалдан сұра», – деп жауап қайырыпты. Қарамерген атуды қойып, Ағыбай шалды іздейді. Неше күн, неше түн жүріп, арып-талып, ақырында Ағыбай шалдың ауылын табады. Ағыбай шалдың үйіне келсе, жағын жібекпен таңған бір кәрі шал отыр екен. Ағыбаймен көрісіп амандасады. Ағыбай шал бұл жігіттің алыс жерден келгенін қалпынан сезіп, бәйбішесіне қымыз......
Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді. Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды. Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, .....
Оның әр айтқан әңгімесі осылай басталатын. Өзі де бір қызық жан, өн бойынан адамдарға тән қандайда бір іс-қимылды, мінез— құлықты байқаған емеспін. Ешқашан күлмейтін, адамдарға тән болмыспен қайғырмайтын, жүріс-тұрысы да мүлде бөлек. Үстіндегі аппақ көйлегінің кең етегі желмен баяу тербеліп, бір қарағанда аяқсыз қозғалып келе жатқандай немесе ұшып жүргендей әсер қалдыратын.
Оның айтқан әрбір әңгімесі жер бетінде орын алып жатқан оқиғалармен қабыса бермейтін. Бірақ оның айтары таусылмайтын. Таңнан таңға жалғасатын. Құлақ түрсең «мың бір түннің» елесіне шырмалатынсың. «Ерте, ерте, ертеде...» немесе «Бағзы бір заманда...» деп баяу үнмен басталатын әңгіме, келе-келе небір шытырман оқиғалардан құралатын қиял-ғажайып дүниелерге ұласатын. Маған Ертекші қыздың әңгімесін тыңдаған қатты ұнайтын. Бірте-бірте оның сиқырлы әлеміне бойлап, Ертекші қыздың жанына тым жақындай түскенімді аңғарғандаймын. Себебі, мұны оның бар айтқандарын ұйып тыңдап келген адамдар уақыт өте келе Ертекші қыздан қашықтай түскені көрсетіп берді. Оның қайдан келгенін, әке-шешесі кім екендігін, мекені қай жер екендігін білмейтін көпшілік кейін Ертекші қызға күдікпен қарап, тіптен «перінің қызына» балап, оның жанына жоламайтын болды. Маған бұл онша әсер ете қоймады.
«Жылдырт-жылдырт» — бұл ойынды орындыққа алқа-қотан отырып ойнайды. Қатынасушылар 10—15, кейде одан да көп болады. Ойын бастаушы шеңбердің ортасына отырып алып, қалтасынан не жүзік, не күміс аңшаны алады да, оның ерекше белгісімен ойыншыларды таныстырады, не сол жерде белгі салады. Содан соң отырған ойыншыларға ойын тәртібін түсіндіреді: бәрің де екі алақандарыңды бір-біріне қабыстыра ортасын қуыс етіп алға созыңдар. Егер алақандарыңа мына «жылдыртпа» түсе қалса, оны тез және өзіңнен басқаға сездірмей қабылдап ал да, үнемі оң жағыңдағы көршіңе жылдыртып жібер. Сонда қабысулы қолыңды өзіңнен оңға қарай емес, әуелі сол жақ көршінің қолымен тиістіріп ал, содан оң жақ көршіңнің қолына тиістір. «Жылдыртпаны» тап сол бірінші жолда өткізбей, оны бір-екі рет жаңылдырып барып өткізуге болады. Бәрің де қол тиістірген уақытта «Жылдырт-жылдырт»—деп дауыстап айтып отырасыңдар.
Ортадағы ойыншы «тапқыр» деп аталады. «Тапқыр» үнемі бақылап, болжап отырып, «Жылдыртпаны» ұстап алу керек. «Жылдыртпаны» алақанының қуысына салып алып, бастаушы «Жылдырт-жылдырт» деп, бір ойыншыдан бастайды да, өзгеге байқатпай өзі қалаған біреуге қалдырып кетеді......
Кіріспе Адамзат қызметінде ерекше орын алатын «кәсіпкерлік» ұғымы жөнінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 ж.ж.) «Кәсіпкер болу – басқаның жасағанын жасамау» деген болса, келесі француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 ж.ж.) ол жөнінде тұжырымдаманы былай жасаған: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Сонымен, «Кәсіпкерлік» терминін ең алғаш ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 ж.ж.) енгізді. Ол осы терминге мына ойды сыйғызды, яғни, нарықтық қатынастарға байланысты табысқа қол жеткізу, өндірісті дұрыс ұйымдастырудағы адам белсенділігімен байланыстырды. Экономикада кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын бірінің орнына бірін қолдану қолданып жатады, негізінде ол екеуі тығыз байланста болғанымен, екуінің қызметі ерекшеленіп тұрады. Бизнес табыс әкелетін қызмет түрі болса, кәсіпкерлік ол новаторлық қызмет. «Кәсіпкерлік қабілет» экономика ғылымында кездесетін ұғымдардың бірі. Ондай қабілеті бар адам бизнесте жаңалық ашу қабілеттілігіне ие болушы адам немесе кәсіпкер болады. Сонымен, экономикалық қызмет түріне жатқызатын бизнес адамға табыс әкеледі деп есептелсе, кәсіпкерлік қызмет жаңа ізденіс арқылы осы істі тәуекелмен жүзеге асыру.....
Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Халық арасындағы үзілмейтін үрдіс. Аударма көптеген халықтардың тілдерінің және әдебиеттерінің пайда болуында және дамуында маңызды рөл атқарады. Аудармашы түпнұсқа тілін терең әрі жан-жақты біліп, сондай-ақ, сол халықтың тарихы мен мәдениетін көрсеткен жағдайда ғана аудармашы аударманың әлеуметтік жоспарын сәтті орындайды. Аударманың бірінші теоретиктері аудармашылардың өзі болды. Кез-келген теориялық концепциялар аударма процесінің қадағаланып отырған фактілерінің сипаттамасына сүйену керек, сонымен бірге осы фактілерді жалпылап, түсіндіру керек. Аударма - бұл күрделі құбылыс. Оның жеке аспектілері түрлі ғылым салаларын зертеу пәні болуы мүмкін. Пәнге байланысты зертеуді бірнеше түрге бөлуге болады:психологиялық аударматану, әдебиет аударматану, этнографиялық аударматану, тарих аударматануы және т.б. Аудармашылық халық арасындағы мәдениеттің әдебиеттің, қатнастың ортақ жылжу процесіндегі даму қабілеті. Аударма сын - бұл, аударма өнерінің қандай дәрежеге жеткендігін көрсететін бірден-бір көрсеткіш. “Әр халықтың адамзатқа, өткен мәдениетке, көршілеріне деген өзіндік ерекше қатысы бар. Әр халықтың аудармашылық іске байланысты өзінің тарихы бар. Бірақ, ұлттық мәдениеттің дамуындағы халықтың шығармашылығы, әдеби тілінің өзара байланысындағы аударманың рөлі белгіленген заңдарға бағынышты” [7] Олексий Кундзич а)Аударма түрлері. Аударманың жалпы екі түрі бар; 1) Жазбаша аударма 2) Ауызша аударма Жазбаша аударма мен ауызша аударманың бір-бірінен айырмашылығы – бұл осы аудармалардың әрқайсысын жүзеге асыру барысында, аудармашы түпнұсқаның әртүрлі үзінділерімен жұмыс атқарады. Аудармашы жазбаша аударма кезінде түпнұсқадағы айтылымды бірінен соң бірін аударады, бірақ түпнұсқаның мәтіні түгелдей оның қолында болады, және де әр айтылым берілген мәтіннің бірлігі болып есептеледі. Аудармашы бөлек айтылымды бүкіл мәтіннің мазмұнымен қатыстыра аударады;ол мәтіннің алдыңғы және соңғы бөлімдерінен аударма нұсқасын таңдауға қажетті қосымша ақпаратты іздей алады, ойдың даму логикасын , бөлек айтылымдар арасындағы дұрыс байланысты бақылай алады. ....
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.). Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері ....
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 000 доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді: 1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды. 2. Халықтың жұмыс пен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.....
Жеңіс Омаров (Zheka Fatbelly ) – қазақстандық блоггер, актер, рэпер және ресторатор. Өмірбаян Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған. № 24 орта мектепте, одан кейін Төле би атындағы № 8 гимназияда оқыды. Кейін Алматыға көшіп келді. Біраз уақыт КВН командасында ойнады. Алматыда Менеджмент университетінде оқыды. Жеңіс Instagram-дағы өз вайндар арқасында танымал болды, қазіргі уақытта оның парақшасында 1,9 миллионнан астам жазылушылар бар.Қазақстанның ең танымал блогерлерінің қатарына кіреді. 2016 жылдан бастап ол фильмдерде түсе бастады. Ол «Алаңдар» (2016, реж. Ақан Сатаев), «Наурыз» (2017, реж. Асқар Бисембин), «Ақылды әйелдер күнделігі» (2019, реж. Эдил Амандық), «Q-Jeri» (2019) фильмдерінде ойнаған. 2018 жылдан бастап ол бірнеше рэп және хип-хоп әндерін жазды: «F. A. T.», «Будь со мной», «Раздевайся», «Вкусная», «Повелась», «Гетеросексуал», «Супруга и супруг», «Не найду», «Магия».....
ВВЕДЕНИЕ Договор имущественного найма (аренды) является одним из самых древних в истории права и известен еще из законов XII таблиц. Этот договор очень популярен и в современном мире, - как в странах кодифицированного права, так и в странах англо-американского права. В бывших социалистических странах, в том числе и в Казахской ССР, договор имущественного найма имел вполне определенное общественное значение. В ГК Казахской ССР, договору имущественного найма была посвящена глава 28, содержащая 16 статей. В перестроечный период, в качестве важных законов переходного времени разрабатывались и действовали Законы СССР и Казахской ССР об аренде и арендных отношениях. Имущественный найм в действующем ГК РК. Структура главы 29 «Имущественный наем (аренда). Перед разработчиками ГК стояла задача: найти оптимальное сочетание классических положения договора имущественного найма, апробированных в мировой практике в течении многих веков, и новых положения этого договора, появившихся в связи с развитием и усложнением отношений, между участниками рынка. Глава 29 ГК, регулирующая договор имущественного найма (аренды), состоит из шести параграфов, включающих 60 статей: первый параграф посвящен общим положениям договора, второй – пятый параграфы посвящены отдельным видам и объектам договора, в том числе лизингу, аренде предприятий, аренде зданий и сооружений, аренде транспортных средств и прокату. Название договора. Исторически так сложилось, что применительно к договору имущественного найма очень часто применяется термин (аренда). При этом, в законодательстве никогда не проводилось четкого разграничения между этими терминами. Различия между ними носят филологический характер, и применение того или иного названия к одному и тому же, по юридической сути, договору, определяется правовым обыкновением. Например, применительно к найму земли илил предприятий устойчиво используется термин «аренда»; для нежилых зданий и сооружений, как аренда, так и наем; для жилых помещений наем. При обсуждении рабочей группой названия для договора решено было в качестве основного термина использовать исторически приоритетный термин «имущественный наем», и как его синоним – термин «аренда». .....