Реферат: Биология | Автофлуоресценция

Автофлуоресценция (грек, autos — өзім, өздігінен; fluoris — жарық; лат. escent — әлсіз эсер) — гистологиялық жонындыларды флуоресцентті микроскоппен ультракүлгін, күлгін немесе көкшіл сәулелермен зерттеу кезінде, жануарлар организмі үлпаларының құрамындағы заттардың сөулелі қуат әсерінен қозуы нәтижесінде зерттеу нысанының өздігінен қысқамерзімдік жарықтану қабілеті. Нысанның жарықтануы жарық спектрінің көрінетін көгілдір түсті аймағында байқалады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Бір суреттің тарихы

Аспан жүзін қаптаған күзгі сұр бұлт оқтын-оқтын қабағын түйгендей тұнжырап, себелеп бүркіп-бүркіп алады. Ысқырған ексімді жел арбиған қу қаңбақты домалатып, ескі апандарға, сай жырасына малша иіріп тыға түседі.

Дала иесіз. Көңілсіз.

Айдабол сайының жол етер кезеңінде бейнеусіз үйілген тезектей қиқайып, құммен көміліп бара жатқан тәрізденіп қараша үй отыр. Жел ішін тартып үйірілте соқса, қараша үйдің киізі қолп-қолп етеді. Үй ортасына жағылған от шалқи жанып, от басына төнгендердің көзінен сорасын ағызып, берекесін тым-ақ алып отырған секілді.

От басында екі әйел отыр. Қатпар бетті қара кемпір жаулығының шетімен көзінің сорасын сүртті де, бақшиып шаңыраққа қарады. Аспан жүзінің түнерген бұлты үрейді ала түсейін дегендей әлденеге түксие қалыпты. Кемпір ауыр күрсініп, аузы күбірлеп, жанында отырған жас әйелге қарады. Жас әйелдің бауырында бесік. Ажарында ауыр қайғының, кейістіктің ізі.

— Ұйықтады ма, сәулем? — деді кемпір.

— Ұйықтады.

Екеуі де үнсіз, отқа телмірумен отырды. Екі ортасында бесік. Іргеден соққан ызғырық жел отпен ойнағандай түтіннің ұйқы-тұйқысын шығарды. Тарамыс саусағы қалтылдап, кемпір бесіктің жабуын қымтай түсті. Бір кезде кемпірдің иегі кемсең қақты:

— Келінжан, не болар екен күніміз?

Жас әйел ақшыл беті сұрғылт тартқан секілденіп, мөлдір қара көзі жаспен көміліп, төменгі ерні әдеттегісінен сәл қымқырыла түскендей боп, үнсіз отырды да қойды...

Жел ызыңы бұрынғысынан да үдеп, жыртық киізді жұлмалап ойнағандай сілкіп-сілкіп қояды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ахмет Байтұрсынұлы | Қазақша сөз жазушыларға


Бұл күндері адамдардың сөйлесетін тілдерінің түбі мұнарланған сағымдай алысқа барып жоғалады. Қанша қадалып қарасақ та, көзіміз оған жетпейді. Қай тілдің де болса қайдан шығып, қалай ғұмыр шеккенін ешкім анық білмейді. Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып, өзгерілмеген тіл жоқ: я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын, тіл де бұтақтанған. Біздің түрік тілі әуелде бір тіл болып, сонан соң ел бұтақтап, өскенде, тіл де бұтақтанған. Түбірі бір болса да, түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілідің басқалануына себеп болған – әр түрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып араласқандықтан. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Өндіріс | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Кіріспе
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Туған елімнің, байтақ жерімнің патриотымын!

Атамекен – бабаларымыздан ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан киелі мекен, «кір жуып, кіндік кескен өлке», ұлы қоныс. Қорыта айтқанда, аталарымыздың кейінгі үрім-бұтағына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы. Ата жұртын өзге елде өмір сүріп жатқан қандастарымыз сағынышпен жырлайды. Ал осындағы халқымыз қасиетті атамекені – Қазақстанды әрқашан жан-тәнімен сүйеді, мақтан тұтады. «Жайлаукөл кештері», «Сыр өңірі», «Туған жер», «Атамекен», т.б. әндерді тыңдағанда, ол әннің әдемі әсері арқылы туған елге деген мөлдір махаббатты сезінеміз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Басқару батырмалары Button және BitBtn

Қарапайым және жиі қолданатын батырмамыз Button және ол Standard бетінде орналасқан. Оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық батырма .Сирек қолданатын батырмамыз BitBtn , оның айырмашылығы бейнелеу мүмкіндігі бар .Олардың қасиеттері мен оқиғалары бірдей .
батырманың сыртқы тұрғыда негізгі қасиеті Caption . Батырмаға жазғанда пернені қолдануға болады тездетілген доступ үшін , яғни жазудың бір символын ерекшелейміз .Бірақ символдың алдында амперсанд ‘&’ қойылады. Бұл символ жазуда болмайды , ал келесі символ сызулы болады . Мысалы :
Caption қасиетіне ‘&выполнить’ , ал батырмада мынандай жазу болады ‘выполнить’.
Кез-келген батырманың негізгі оқиғасы – onclick , өзін басқанда пайда болады . Әсіресе бұл жерде операторлар жазылады , яғни олар батырманы басқанда орындалу керек .
Cancel қасиеті, егер ол ақиқат болса , ол анықтайды қолданушының басуы, яғни Esc пернесі эквивалентті басылады батырмаға . Default қасиеті True болса , енгізуші Enter пернесін берілген батырмаға эквивалентті басылуын анықтайды . ModalResult қасиеті модальді формада қолданылады . Қарапайым жағдайда mrNone – ға тең болу керек .
BitBtn батырмасына тоқталатын болсақ , онда батырмаға бейнелеу қасиеті Glyph беріледі . Бұл қасиетті ашқанда Обьект инспекторында терезе шақырылады . Load батырмасын басқанда , файл суреті ашылады , және керекті файлды таңдайсыз .bmp , суреттерден тұрады .Delphi батырмаларға арналған көптеген суреттер бар .Олар Images\Buttons , Images мына каталогта орналасқан program files\borland\borland shared .Суретті таңдап алынғаннан кейін ОК батырмасын басыңыз және таңдалған суретіміз батырма жазуының сол жағында пайда болады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу

Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айтқанда, жан сақтауы өте-мөте әділет сезіміне тәуелді. Соның айғағы - әділеттілікті жанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін халық болмайды. Оның осынау шоқтығын, қастерлі биігін ғұлама Шәкәрім былайша өрнектейді:
Нысап пен мейірім, әділетті,
Жаныңдай көріп жан сақта.
Ол жолда өлсек, неміз кетті,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та.
(«Анадан алғаш туғанымда», 1929).
Әділет – қиянаттың дұшпаны. Олардың арасында өтетін талас-тартыс күллі адамзат көшінің тағдырына, тарихы мен мәдениетіне сәулесін түсіреді және небір ғажайып шедевр, классикалық туындыны дүниеге әкеледі. Күллі көркем әдебиет классиктері шығармашылығының алтын өзегі - әділет пен қиянаттың мәңгі айқасы, бітіспес майданы. Көркем әдебиеттегі деймін-ау, күнделікті өмірдегі шындық өзегі де осы тартыс емес пе.
Сонымен, әділет - жан сақтау құралының бірі, қастерлі категория. Бірақ әділеттілік туралы басқадай не білеміз, ол жайлы біліміміз толық па?
Сірә да жоқ, қазақ философиясы тұра тұрсын, әлемдік философия тарапынан да әділеттілік туралы пайымдар бір ізге түскен емес, яғни өз алдына дербес жүйелі ілім боп қалыптасты деуге әлі күнге ертерек. Себеп - феномен ұғымның күрделі табиғатында және түп тегі - генезисінің тереңдігінде десек қате бола қоймас. Төменде осы күрделі тақырыпты сөз етпекпіз. Ондағы мақсатымыз - жаңағы олқылықтың орнын толтырған данышпан біздің қазақтың Абайы екенін дәйектеуге саяды.
Біреу біледі, біреу білмейді, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңі және 45-ші сөзі хакім Абайдың сарқынды шығармалары. Алдыңғы туындысында данышпан:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,
Және «Хақ жолы осы» деп әділетті, -
дейді. Ал, соңғыны: «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері... һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі» деп бастайды.
Сөйтіп, Абайдың ақтық өсиет-толғаулары қос феномен сезім: махаббат пен әділетке бағытталғанына көз жеткіземіз. Маңызды ерекшелік - хакім Абай махаббат, ғаделетті қосақтап айтады. Мұның сыры неде?
Гәп мынада: махаббат - күллі әлемге нұрын, шуағын төккен қуат, ал әділет - тұтастай ғалам құбылыстарын реттеуші құдірет. Қос феномен қосылғанда ғарыштық күрделі қатынастар ғажайып үйлесімін табады.
Міне хакім Абай махаббат, ғаделетке осы тұрғыдан келіп, жаңа аталған 45-ші қарасөзінде мынадай даналық тұжырымын жасайды: «Бұлардың (махаббат пен әділеттің) керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан Тәңірінің ісі».
«Ол – жаратқан Тәңірінің ісі» деген бір-ақ ауыз тезис бүгінгі біздер үшін аса салмақты. Осылайша Абай бізге он сегіз мың ғаламның махаббат-әділет заңымен басқарылып, реттелетінін ашықтап беріп отыр. Бұл, сөз жоқ, тек әлем ойы алыбының ғана сыбағасы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса – ел ырысы №1 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы
Сабақтың тақырыбы: Батыр туса – ел ырысы №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Өлең үзіндісін тыңдап, тақырыбы мен идеясын анықтайды
Көптеген оқушылар
Өлеңнің негізгі мазмұнын түсінеді
Кейбір оқушылар
Өлең мазмұнын түсінеді, идеясын талдайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Су сесурстарының экологиялық проблемалары

Жерде тіршілік пайда блған алғашқы орта – су болып табылады. Тарихи даму барысында көптеген ағзалар ауа-жер ортасына тарала бастады.Нәтижесінде эвалюция барысында жаңа тіршілік ету жағдайларына бейімделген құрлық өсімдіктері мен жануарлары пайда болды.
Топырақта су және қурлық ағзалары таралып, оның өзіне тән комплексі түзілді.
Су тіршілік ортасы.Гидросфера жер бетінің жалпы ауданының 70%дейінгі бөлігін алып жатыр. Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды. Қазіргі кездегі гидросфера тек қазіргі кездегі тірі заттың ғана емес, ертедегі геологиялық дәуірлердің тірі заттың тіршілік әректінің өнімі болып табылады. Ғаламдардың еснптеуі бойынша бүкіл гидросферадағы судың ( теңіз, мұхит, өзен, көлдер ) биологиялықайналымы 2 млн. Жылда аяқталады.Яғни су плнетаның бүкіл тірі заты арқылы айналып өтеді. Әлемдік мұхиттың сулары шамамен 3000 жылда жаңарады. Ағынсыз көлдердің суы 200-300 жылда, өзендердің суы әр 12 күн сайын жаңарып отырады.
Тіршілік ортасы ретінде суға тән қасиет - оның қозғалғыштығы. Эвалюция процесіндесуда тіршілік ететін ағзалар судың қозғаоғыштығына бейімделген. Мысалы, жасыл және диатомды балдырлар, су мүктері су тубіндегі тастарға бкінеді. Жануарларда да сулы ортаның қозғалғыштығына бейімделушіліктер қалыптасқан. Ағысы қатты өзендерде мекендейтін балықтардың көлдең кесінділері дөңгелек, денесі жалпақ, көпшілігінің құрсақ жағында су астындағы заттарға бекінетін әр түрлі мүшелері болады.
Су ортасының температуралық режимі. Әлемдік мұхиттағы су температурасының ауытқуы үлкен емес: -2С-дан +36С-ға дейін. Ішкі, тұщы су қоймаларының қоңыржай белдеудегі ауытқуы -0,9С-дан +25с-ға дейін. Термалдық бұлақтарда, жылы, ыстық және айнап жатқан сулардың температурасы +100С-ға дейін жетеді.
Судың тұрақтылығы мен тығыздығы.Судың тығыздығы ауаның тығыздығынан 800 есе жоғары. Сондықтан су өсімдіктерінде өсімдіктің біріктік қасиетін қамтамасыз ететін механикалық ұлпасы нашар дамыған немесе болмайды.
Судың тұздылығы. Әлемдік мұхиттың суының құрамында жерже белгілі элементтердіңбарлығы дерлік кездеседі. 1л суда еріген минералдық заттардың массасы судың тұздылығы деп аталады. Тұздылықтың өлшем бірлігі промиле ( % o) -1л судағы 1г минерлдық заттар ерігенін көрсетеді.
Теңіздердің тұздылығы жоғары ( 40-45 %o), ағыс пен жауын-шашын буланудан жоғары болған жерлерде тұздылық төмен ( 305%o) немесе тұщы болады. Тұздардың концентрацисы 270%0 артық болатын жер асты суларында тіршілік болмайды. Судың орташа тұздылығы 35% - 1л суда шамамен 35г тұздар, негізінен хлоридтер, сульфаттр мен карбонаттар болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0