Жарғақ (мембрана) — жасушаларды, олардың ядролары мен цитоплазмасындағы жарғақты органеллаларды шектеп түратын жұқа қабықша. Жасушадағы зат алмасу процестері жарғақтың қатысуымен жүреді. Сондықтан, оны биологиялық жарғақ деп те атайды. Жарғақ жасушадағы протеиндер мен липидтердің молекулаларынан құралған. Оның қалыңдығы 6-10 нм-дей. Биологиялық жарғақ жасуша плазмолеммасы мен ядро кариолеммасын, Гольджи кешенінің, митохондриялардың, лизосомалар мен пероксисомалардың, .....
Бадамша бездердің қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. 1 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың бадамша бездері әлі дамып жетілмеген.
Этиологиясы- әр түрлі микробтар.
Клиникалық айқындалуы: Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы 38-390 С-қа көтеріледі, басы ауырады, буындары қақсайды, жұтынғанда тамағы ауырады, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, денесі тітіркенеді, жақасты бездері ісініп, ауырады.
Бір бала жасынан мал бағып, отын-су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап-қара болыпты.
Сондықтан ел оны алғаш «Қара бала» деп атапты. Баланың елден ерек бір өзгешелігі - өте қорқақ екен. Күркіреген күннен де, қараңғы түннен де, аң атаулының бәрінен қорқыпты. Тіпті төрт түлік малдан – түйеден де, жылқыдан да, сиырдан да шошыпты. Тек жалғыз досы қой екен. Сонан қойды ғана бағыпты.
Бала бірдеңеден қорықса, қой ішіне қойып кетіп жасырынады екен. Болмаса беті ауған жаққа қашыпты. Сөйтіп ел оны енді «Қара Қашқынбай» деп атап кетіпті.......
— Ең бастысы жоқтан өзгеге ренжіп, абыржушы болмаңыз, — деді дәрігер Мейнелл өз әріптестеріне тән сабырлылықпен.
Көңілдің хошы үшін айта салған дәрігердің жаңағы сөздеріне Гартер ханым құлай сеніп, илана қалған жоқ, кайта кез келген науқастың көңілін аулау үшін айтылатын жаттанды әңгімеге жүрегі сенбей, екі ойлы болып отырып қалды.
— Сөз жоқ, жүрегіңізде ақау бар, — деді дәрігер сөзін қайта сабақтап, — бірақ соншалықты абыржитындай ештеңе жоқ. Бұған кәміл сеніңіз. Әйткенмен үйіңізге лифт қондырып алғаныңыз артық болмайды. Бұған қалай қарайсыз?
Гартер ханым дәрігерге мазасыздана қарады.
Дәрігер Мейнелл өзіне дән риза сияқты. Ол қалтасы жұқа кедейлерден гөрі ауқатты адамдарды көбірек жағалайтын. Себебі, қалтасы қалыңдар оның аузынан шыққанын екі етпей, не айтса соған көне кететін.
— Иә, лифт қондырып алыңыз, — деді ол бұдан басқа лайықты еш нәрсенің орайын келтіре алмай, — оны орнаттырып алсаңыз, шамадан тыс қимыл жасап қиналмайсыз. Күн сайын жазық жерде ғана серуендеп, ойлы-қырлы жерден аулақ болғаныңыз жөн. Бәрінен бұрын — көңіл-күйдің тыныштығы керек, алайда денсаулығыңызды көп ойлап сарыла бермеңіз.
Чарлз Риджуэйге жасы ұлғайған нағашы апасы туралы дәрігер тым мылжыңдап кеткен сияқты көрінді. .....
Көпшілік өндірісте және халық қажеттілігінде нан өнімдері маңызды роль атқарады. Көпшілік өндіріс - өндірістік процестің күнделікті қайталануын және оның үздіксіз жаңартылуын көрсетеді.Өндірістік процесс бұл – бүтіндей алғанда бәрінен бұрын көпшілік өнім өндірісі және біріккен өнім, бөлінген өнім, қажеттілік және айырбас болып табылады, осы процестер бір – бірімен тығыз байланысты. Тауарлық бидайды сатып алу – қажеттілік сферасының бастапқы сатысы.Бидай өзінің натуралдық түрінде дайын өнім болып саналмайды.Ол спирт суларын жасауда, крахмал, консервы өндірістерінде шикізат болып есептеледі. ....
Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білімберудің ғылыми негіздері талқыланды. Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам -табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады. Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бұлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады. ....
«Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды»-демекші соғыс жылдары еліміз үшін де, бүкіл әлем халықтары үшін де, есте қаларлық кейінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі жыл. Бүкіл дүниежүзілік соғыстың аяқталуына биыл алпыс тоғыз жыл толып отыр. Ардагер аталарымыздың, әкелеріміздің, ағаларымыз бен әпкелеріміз жастардың бойында Отанның абыройы мен бостандығын қорғаған ардагерлер үшін мақтаныш сезімін тудыратынына сенімдімін. Ардагерлерге ілтипат көрсету парызымыз. Сол бір ел басына қайғылы бұлт үйірілген шақта қолына қару алып елін, жерін қорғауға аттанған жұрт есінде қаларлық ерлік жасамаса да, сол қырғынға қатысқанның өзі үлкен ерлік дер едім.......
Уақыт пен кеңiстiк ұғымының ауқымы шексiз. Екеуi Сиам егiзiндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсiбiр сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды. Көркем әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң шағын моделi. Оны дүниеге әкелу үшiн де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негiзделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдерi де мекеншақ ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт және кеңiстiктiң перцептуалдық бейнесiн әдебиет мекеншақ тағандарына табан тiреп тұрып сомдайды. Абай философиясының ең басты бағаналы терегi – Уақыт (әрине, кеңiстiк ұғымы өзiнен-өзi сана астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай объективтi табиғи құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүрiп, уақыттың түйткiл мәселелерiн шешемiн деп ойлау – өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу екенiн бiледi. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы тұрақтылық табуға ұмтылысы. Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде ақын алғаш рет уақытты жанама кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш сезiмiне байланысты психологиялық уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi, кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс заматымен iшкi драматизм тудырады. Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн арттырады. Ақын үшiн алдыңғы буынның олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ болашағы да қауiпсiз емес. Ол кертартпа орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы кереғарлықты сезiнiп, қам жейдi. Лирикалық қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен, өзiнiң жекелiк қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен келiспеушiлiк тәрiздi сарындарға көшуiмен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелiктi аңғартады. Бұл тәсiл баяндау уақытының еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық үлгiдегi жыраулар поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсiз болмысын бойына сiңiре отырып, әлеуметтiк және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәрiптеу мен таңырқау әсерiне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегiн бұзады да, осы төңiректегi драматизм, лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы эмоционалдық полифония қалыптастыру нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк дүниесезiну дәстүрiн дүниеге әкеледi. Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан емес-тiн. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтiк себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты әшкерелеу интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар емес, азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар эмблематикасын алға тартады. ....
Казак ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды. Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік. ....
Түлкіге тамақ іздеп сапар шеккен Жолығып, айтты бір күн Қарашекпен: «Күнің аз тауық жемей жай жүретін, Ұрлыққа құмар жансың мұнша неткен? Сыр ашып сөйлеселік оңашада .....