Үмбет Ғалиев 1818-ші жылдары туылып кейбір жазбаларда 1888 жылы, ал басқа мақалаларда шамасы 1893-94 жылдары қайтыс болған деп айтылады. Арал бойының халқы биді "Үмбет молда" атап кеткен. Себебі ол діни имандылық жолында біраз еңбек еткен. Заман ағымына қарай ел басқару ісіне қарай бет бұрыпты. Ол әділ билігімен бірде шешендік сөзімен айналасындағы дау-жанжалдарды шешіп көзі тірі кезінде «Пірлі би» аталған. Үмбет бидің есімі Қазалы уезінің түрлі бөлімдеріне а .....
Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) — дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асыратын мүшелер жүйелері (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелері) жатады.Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) — дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею .....
152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.
153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Мен, қарапайым, кішкентай ауылдың тұрғынымын! Өз ауылымның көркейіп, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің жақсы болғанын қалаймын. Ауылдан жыраққа шыққан жағдайда, яғни қала орталығына бара қалсаң, өзіңе қажетті нәрселердің бәріне қол жеткізесің. Ал, мен ән айтып, би билегенді, қоғамдық ортада пікір тастап, ғылыми жұмыспен айналысқанды қатты ұнатамын. Бірақ, біздің мектепте ән сабағы болғанымен, нағыз маманның болмағандығы қынжылтады, сонымен қатар би үйрететін биші де жоқ.......
Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары (“Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов “Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың “Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл - күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді. ....
Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі. ''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды. Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ''қазақ'' сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, - деп жазылған. ....
Егер жер бетіндегі барлық құрлықтың тек оннан бір бөлігін ғана алып, оған күннен түсетін-жылу энергиясын тек 10% пайдалы әсер коэффицентпен, яғни оның оннан бір бөлігін ғана пайдаланса, онда 4,18 • 1021 Дж энергия алынған болар еді. Ол қазіргі уақытта жер шарында пайдаланып отырған барлық энергиядан 100 еседей көп. Осыған байланысты күн энергиясын пайдалану мәселелерімен шұғылданатын ғылымның жаңа саласы — гелиоэнергетика (күн энергетикасы) пайда болды. Күннің жылу энергиясын адам игілігіне жарату бүгінгі күннің кезек күттірмес маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Күн аса таза-әрі тегін энергия көзі болып табылады. Күнді энергия көзі ретінде пайдалануды адамзат ежелден армандап келеді. Әйгілі грек ғалымы Архимед екінші Пуничек соғысында Сиракузах қаласында үлкен айнаның көмегімен Рим кемелерін жандырып жіберген деген аңыз бар. Ал Циолковскийдің өзі ғарыш сапарында жермен байланыс жасау үшін айнаны пайдалануды ұсынған. 1923 жылы Москвада өткен алғашқы ауыл шаруашылық көрмесінде Циолковскийдің жобасы негізінде жасалған күн қозғалтқышы көрсетілді. Мұндай мысалдарды тарихтан көптеп келтіруге болады. Дегенмен қол жеткен жетістіктер мен табыстарға қарамастан, күн энергиясын күнделікті тіршілікке, тұрмысқа тікелей пайдалану мәселесі әлі де тиянақты шешімін тапқан жоқ. Оның көптеген объективті және субъективті себептері бар. Мәселен, күн сәулесі жер бетіне шашыраңқы түрде түседі. Әрбір шаршы метр жер бетінен тек жүз елу вольт шамасында энергия жинауға болады. Қазір күн энергиясын пайдаланудың негізгі 4 бағыты белгіленіп отыр. Олар — жылу-техникалык, фото-электрлік, биологиялық және химиялық бағыттар. ....
Қоңырқайлау өтуде күз кештері, дос дегендер қанша күн жүздеспеді; шарттылықты немесе шақыруды былай қойып, келмейді іздеп сені. Жарқыл қағып келетін жандар бұрын ....
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптаскан. Римнің негізін қалаған әттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды әкелік ру табылган. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған. Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және діни бірлік болып табылатын курияны құраган. Курияның басында қурион тұрған. Он қурия трибуды тайпаны кұраған. Рим халқы үш тайпадан құралған. Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар - бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеқе бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген. Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат коғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған, мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган - бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер және фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понти¬фиктер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған). ....