Николай Иванович Ященко (31.10.1919, Ресей, Новосібір қаласы - 8.1.2001, Ресей, Челябі қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, генерал, полк командирі. Орыс. 1941 жылы Қазақтау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Кеңес әскері қатарына Алматы әскери комиссариатынан шақырылған. Алматы жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін (1942) 3-Украина майданы 57-армия 73-гвардиялық .....
Исатай Тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан .....
Талаптың мініп тұлпарын...Иә,талабың таудай болса кемел келешігіңде жарқын болатыны анық.Ал,бүгінгі таңдағы басты талаптардың бірі-білім көзі.Осы тұста көшбасшымыздың мына бір құндылығын жоймаған сөзі есіме түсті: «Қазір бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заман».Демек,бар назарымызды оқуға,білімге аударуымыз керек деген сөз.Көп оқыған озар.Бәрінен озамын деп қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерден тыс қалсаң тағы болмас.Жалпақ тілмен айтқанда,ізденістік танытып,білімге зейін қоя жүріп,еліміздегі саяси жаңалықтардан хабардар болып,құлақ түріп жүруімізде жөн болады.Себебі,саясатқа бір табан жақын болсақ өрісіміз кеңейіп,өзімізді одан әрі шыңдай түсеміз.Егер біздер «өскелең ұрпақ бізге қарап бой түзеуі керек» екендігін ескерсек,алдымен өзіміздің білім деңгейімізді арттырғанымыз жө .....
Бұл ойынды 4—5 адам бірігіп ойнайды. Қалғандары көрушілер қатарында болады да, кезектері келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойынға қатынасушылардың бәрі де саусақтарын столдың үстіне салып, өздері столды қоршап отырады. Ойынды алғаш бастайтын ойыншы тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шығады:— 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның санау сөздерін айта береді. 1. Бірім-бірім, 2. Екім-екім, 3. Үшім-үшім, 4. Төртім-төртім, 5. Бесім-бесім, 6. Алтым-алтым, 7. Ауыр балтам, 8. Қалың қалтам. 9. Алтай-сәлтай. 10. Балақай-алақай. 11. Олпық. 12. Солпық, 13. Сен бұқ (бұл саусақ ішіне қарай бүгіледі). 14. Сен тұр (бұл саусақ басын тік көтереді). 15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).
Ендігі кезек тік тұрған саусақтан басталып, тағы да әрі қарай жоғарғы санау сөздері қайталанады да, 15-ші сөзге жетіп, «Сен шық» дегенде он бесінші саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам ұпай тартады.
Осы 15 сан айтылып отырғанда «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін алдын ала есептеп болжап алуға болады. 3 кейде 2 саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі санау сөздері қайталана береді.
«Бүк» дегенде бүгіліп қалган саусақтар, яғни 15-ші сөз келгенде «Қасқырдан бұғып қалған төрт түліктің бірі» деп есептеледі де, сол ойыншының құлағына былай деп айғайлайды......
1.Халықтық педагогика, оның табиғаты және құрылымы Халықтық педагогиканың, яғни ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруде алатын орны айрықша бөлек. Дей тұрсақ та, Қазақстанда жарық көрген философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми басылымдардың ішінде халықтық педагогиканың қоғамның рухани дүниесінде, соның ішінде білім беру саласында алатын өзіндік орны мен ролін, ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан бірде – бір қомақты монографиялық еңбек жоқ. Жарық көрген басылымдардың барлығы дерлік негізінен жалпы білім беретін орта мектептің оқу- тәжірибе ісінің белгілі бір саласының немесе белгілі бір пәннің көлемін де ғана халықтық салт – дәстүрлер мен әдет - ғұрыптардың қайсы бір жекелеген түрлерінің тәлімдік озық үлгі - өнегелерін пайдалану әдістемелерін көрсетумен шектелген. Сондықтан да болар, халықтық педагогиканың тәлімдік мәні бар озық үлгілерін оқу - тәжірибе ісінде қолдану мәселелеріне арналған еңбектерінде қарастырылып отырылған мәселедегі басты ұғым - « Халықтық педагогика » терминінің мәнін анықтауға, оның құрылымдық элементтерін , ерекше белгілерін және қызметін талдап, түсіндіруге талап жасалмаған. Ал зерттеу объектісі ретінде алынып отырылған кез – келген проблеманың шешімі, көбіне – көп құрылымдық элементтерін, яғни оған қатысты негізгі ұғымдардың мәнін, олардың өзара байланысы мен сабақтастығын, өзіндік ерекше белгілері мен қызметін дұрыс анықтауға байланысты.....
Еділ мен Жайық бойындағы Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылғы шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, Орта және Кіші жүз қазақтары қатысты. Көтерілістің алғышарттары: 1. Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі. 2. Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы. 3. Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы. Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына түрткі болған - жер мәселесі. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Кіші жүздің ханы Нұралы қазақ шаруаларының талаптарын ескеріп, 1742 жылы 19-қазандағы Жайық бойында мал жаюға тыйым салған патша үкімін жоюды талап етті. 1756 жылы императрица Елизавета Петровна башқұрттардың көтерілісін басуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға уақытша рұқсат ете отырып, Жайықтың оң жағасына көшіп-қонуға тыйым салды. XVIII ғасырдың 60 жылдарында патша үкіметінің Ертістің оң жағасындағы шұрайлы өлкені қазақ шаруаларына тартып алып беруі, қазақтарға бекіністерге жақындауға тыйым салуы халықтың наразылығын туғызды. Кіші жүздің ірі ақсүйектері - Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады. • 1773 жылғы 20 қыркүйек - Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады: жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды. • 1773 жылы қарашаның 17-нен 18-не қараған түні - Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сәтсіздігі ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. Пугачев күштерінің Орынбор әскери шебіне жақындауы осы өңірде көшіп-қонып жүрген қазақтарды рухтандырды. Қазақ жігіттері Пугачевтің әскерімен бірлесіп шайқасты: - Жайық бекінісін қоршауға қатысты. - Кулагин бекінісін алды. - Орынборды қоршауға 2000 қазақ қатысты. 1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. Нұралы хан бастаған ақсүйектер екі жақты бағыт ұстанды: - Көтерілісті пайдаланып, жер тапшылығын жою. Көтерілістің өршуінен сескеніп, қазақтарды тәуелділікте ұстау және жеңілсе патша алдында ақталу. 1775 жылы 7 қараша - сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша, қысқы уақытта Жайық, Еділ Каспий теңізі, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауы, Ембі, Сағыз өзендері бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етілді.....
«Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады»(ҚР АК 33-бабы). Заңды тұлғалардың жоғарыда аталған белгілерін қарастырсақ. Оқшау мүлік – шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай – ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек. Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті – бұл өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл – ұйымдық құқық субъектісі – заңды тұлғаның мойындауының заңды салдары болып табылады. Заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі – оның оқшау мүлкінің салдары. Атап айтқанда, кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Меншік иесіне оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды. ....
Цитология-клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ілім. Грекше kytos-клетка, logos-ілім деген мағынаны белдіреді. Цитология-анатомия, гистология, физиология, эмбриология, генетика, биохимия т.б ілімдерімен тығыз байланыса келіп, клетка физиологиясы, цитохимия, цитогенетика, цитоэкология, салыстырмалы цитология сияқты өзінің төл тармақтарын туындатты. Цитологияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі-клеткалар мен ұлпаларды әртүрлі микроскоптар арқылы зерттеу. Микроскоптар арқылы арнайы тәсілдермен дайындалған гистологиялық және цитологиялық препараттар зерттеледі. Сондықтан, ең алдымен сол препараттардың қалай жасалатындығын қарастырайық.
Микроскоптың оптикалық жүйесі. Микроскоптың оптикалық жүйесі конденсор, объектив және окулярдан тұрады. Микроскоптың айнасына түскен жарық сәулелері конденсорды жиналып объектке (кесіндіге) түседі. Объектен өткен жарық сәулелері объективтің линзаларына түсіп одан кейін окулярда жиналады. Объективтің линзаларында алғашқы улғайған көрініс пайда болады. Алғашқы көрініс окулярдың линзасына түсіп тағы да үлкейеді. Микроскоптың көрсету қабілеттілігі объективке байланысты. Зерттелген объектіге екі нүктесі әрқайсысы анық көрініп тұрса, сол нүктелердің арасындағы ең кішкене қашықтығы микроскоптың көрсету қабілеті болып саналады. Объективтің көрсету қабілеттілігі нашар болса екі нүкте бір-бірімен қосылып, бір нүкте сияқты болып көрінеді. Жарық толқынның ұзындығы неғұрлым қысқа болып, ал активтің апературасы жоғары болса, соғұрлым микроскоптың көрсету қабілеттілігі артады. Әдетте жарық микроскоптарда спектердің көрінетін аймағы пайдаланылады (400-700 нм). Сондықтан микроскоптың көрсету қабілеттілігі 200-350 нм (0,2-0,35 мкм) артпайды. Егер де спектрдің ультракүлгін бөлігі қолданылса, онда көрсету қабілеттілігін 130-140 нм (0,13-0,14 мкм) дейін жеткізуге болады.....
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық – инфлияцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сандай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, Ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады. «Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады». Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдері мен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдері мен «интеграция» саясатынан «үйлестіру» саясатына көшіруді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі патенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті. Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар. Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады. ....
Ауыру - урологиялық кеселдердің ең мәнді және неғұрлым жиі болатын нышандарының бірі. Шығу тегі жағынан ауыру шаншып не қақсап ауыратын болуы, тыныш қалыпта не қозғалғанда білінетін болуы мүмкін. Науқастардың медициналық көмек сұрауының ең жиі кездесетін себебінін өзі де осы ауыру сезімі. Ауыру белдің төңірегінде, шап өзегінің сыртқы бөлігінде, шат аралығында, тік ішектің төменгі шегінде, қасаға байламында шоғырлануы мүмкін. Ауыру әдетте ауырған органның орнына сәйкеседі, алайда басқа органнан таралған, иррадиацияланған болуы мүмкін. Мысалы, бүйрек шаншуында (несепағарда, шүмекшеде тас болуы) ауыру төмен шапқа, жыныс органдарына, санға иррадиацияланады. Бүйрек пен жоғарғы несеп жолдарының аномалиялары мен аурулары кезінде неғұрлым жиі болатын симптом (нышан) бүйрек шаншуы. Бүйрек шаншуының ұстамасы әдетте кенеттен, ауыр күш түскеннен кейін пайда болады. Ауыру пышақпен кескендей өткір сипатта болады. Науқастар мазасызданып, төсекте дөңбекши береді. Бүйрек шаншуының ұстауы әдетте қысқа мерзімді болады. Бүйрек шаншуы кезінде несеп оған қан араласқандықтан қызыл түске боялады. Бүйрек шаншуы - бұл жоғарғы несеп жолдарының жылтыр бұлшық еттерінің құрысып қалуының салдары. Кейде белдің маңы қақсап ауырады, әдеттегі иррадиация болмайды, енді бір жағдайларда ауыру реакциясы мүлдем болмайды (уақытша өзі дара қалған бүйрек). Құрсақ – астының, мықын асты маңының тартып ауыруы бүйректердің дистопиясына, таға тәрізді бүйрекке тән. Таға тәрізді бүйрек кезінде ауыру сезімі бүйрек мойыншасынын қолқаға, төменгі қуысты венаға, нерв өрімдеріне батуынан да болады. Бүйректің киста аурулары (поликистоз, мультикистозды бүйрек, мультиокулярлық бүйрек, бүйректің солитарлық кистасы) кезіндегі ауыру сезімі де әдетте тартып ауыратын сипатта болады және ұлғайған кисталардың бүйректің фиброздық капсуласын керуіне байланысты. Аномальдық бүйректер инфекцияның енуіне - пиелонефритке шалдыққыш (82%), ал мұның көп жағдайда бүйректің құрысуына апарып соғатыны мәлім. Жедел пиелонефрит кезінде толып жатқан симптомдар тән: жоғары температура, қабырға астының, белдің шаншып ауруы, несепте лейкоциттердің болуы.....