Аудан аткомның "төтенше өкіл" деген мандатын төрт бүктеп боқшаңа салып, ауылдық "орындаушыға" келіп ылау тауып бер деп шұқшисаң, ол қалбалақтап сені Шегірдің үйіне алып барады.
Жай табан етігін қонышынан басып, жаман тымағын қисайта киіп, іш ауру болған адамдай көзі тікірейіп, Шегір алдыңнан шығады.
— Е, ылау жалғыз маған міндет пе екен? Жектір басқадан,- деп ол орындаушыны беттен ала түседі.
— Сенің жамандығың. Жаман болған соң, басынып келіп тұрғанын көрмейсің бе? — деп күйенте асынып тұрған қара қатын Шегірді шаптай түседі.
— Сөзді қой, отағасы, үкімет жұмысы екенін білесің ғой, науқанның тығыз екенін де білесің... әкел, жек! — деп орындаушы сөзді тікесінен қайырып, сұстанып бір алады.
Сен "төтенше өкіл" болсаң да, шаруаға қатаңдық көрсеткің келмей:
— Кезек сіздікі болса, жегіңіз, отағасы, біз ақша төлеп мінетін адамбыз,— десең, Шегір ала көзімен бір қарайды да:.....
Бұл Мұқағали ақынның «Өмір деген біреу бар» атты өлеңінің екінші буынының алғашқы егіз тармағы осы жолдарды оқығанда бір шама ойға берілдім.
Бұл не ақйық ақынның ар алдында ағынан жарылған ақжар ма тұсы ма... жоқ әлде тәңірі ерекше талант силаған періште көңілдің көрінісі ме?!
Қалай десек те болмай жатып болдым, толмай жатып толдым дейтін таланттан, ең бастысы ар ұяттан жұрдай өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуде тырысатын ақындардың пешенесіне жазылмаған сыршылдық.
Бұл сыршылдық демекші Мұқағалидың кез келген өлеңі тұнған сыр. Ол сізді өзінің сырына ортақтастыра, ой бөлісе отырып, өзі мен бірге қуантып, өзі мен бірге мұңайтады.
Сіз Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білесіз бе? - Иә, дедім мен, ол кісі біздің жерлесіміз ғой. Бейіті қай жерде?
- «Жаңажол» совхозында.
- Жоқ, дәлірек атасаңызшы.
- Онысын онша біле қоймадым.
- Менің біршама қысылып, қолайсызданып қалғанымды аңғарған ол:
- Ол кісінің бейіті өзің айтқан «Жаңажол» совхозының Ескелді деген жерінде. Басында болмағаның көрініп-ақ тұр. Тек шыныңды айтшы, қазірде сен қатарлылардың көбі атеистер ғой, Мәшекеңе деген көзқарасың қалай.
- Шынымды айтсам атеистігім шамалы. Алла мен аруақты ауыздан тастамай келе жатқан жай бар, аға. Ал аруағыңнан айналайын Мәшекеңді... .....
К І Р І С П Е Еліміз бүгінгі күні құқықтық, демократиялы ел болуға бет бұруда. Бұл асқақ мақсатқа еліміздің өткен тарих қатпарларындағы дала демократиясының көрінісі болып табылатын құбылыстарды танып, бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқауы ете білген де ғана жетеміз. Сонымен қатар бұл еліміздің жалпы адамзат қауымдастығындағы өзіндік бет-бейнесі бар ел екендігін танытуға мүмкіндік береді. Және де бүгінгі таңдағы жергілікті жерлерде көрініс беріп жатқан ұлттық-құқықтық қайта жаңғырығулардың табиғатын тануға жол ашады. Билер институтының Кеңес дәуірінде таптық көзқарастың тезіне түсіп, сұрықсыз түспен боялып, кертартпа, үстем таптың қол шоқпары ретінде бағаланғаны бізге аян. Ал бүгін бұл мәселені жалпы өркениеттілік құндылықтар тұрғысымен қарау кезек күттірмей жүзеге асыруды қажет ететін шаруа. Міне осы және жоғарыда айтылғандар тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғартады. Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар. Бұл қазақ әдет-ғұрып құқығының дәстүрлі институты туралы деректің бастауы қытай елінің қорларында жатыр. Оны кейінгі кездерде белгілі ғалым Қ. Салғараұлының сол елдерден әкелген және де бұрыннан бізге белгілі еңбектерден білеміз. Ал билер институтына қатысты деректердің жүйелі жиналуы Ресей патшалығының қазақ елін отарлауымен байланысты. Осы тұстарда бұл институттың әр қырын терең тануға мүмкіндік беретін материалдар кең көлемде жинастырылды. ....
Метрологияның ғылым ретінде адамзатқа сіңірген үлкен еңбегі – бүгінде қолданылып жүрген метрологиялық сынап бақылауларды жүзеге асыру. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімі – өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарға қатысушы объектілер мен құжаттарды тіркеу есебінің құжаты. Уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық келісімдер (шарттар) (бұдан әрі - келісім) негізінде шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін тану және өлшем құралдарының түрін бекітуді жүзеге асырады. Сынақ нәтижелерін тану және өлшем бірліктерінің түрін бекіту «Сынақ нәтижелерін өзара танудың, өлшем құралдарының түрлерін, салыстырып, тексеруді және метрологиялық аттестаттауды бекіту» 06-2001 ПГМ-де белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды. Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының аумағында, шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларда жүзеге асырылады Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды....
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады - банктердің ұзақ мерзімді қарыздар - банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар - мерзімі шегерілген корпоративтіқ табыс салығы. Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1жылдан астам мерзімге, әдепте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі. Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар. 3010 «Банк қарыздар», 3020 «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» және 3390 бөлімшенің «Қарыздар», 3050 «Басқалар» қолданылды. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттар 1040 бөлімшенің “Банктердегі аккредетивтердегі, чектердегі; карт-шоттардагы ақша,” 1050 ”Ұлттықвалютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша” 3320 Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек”, 3310 Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша- ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар соммасы беріледі. Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттармен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредиттеу обьектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды берумен өтеу жөніндегі міндеттемелерді, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдай көрсетіледі. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексерген де, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың бас кітаптың жоғарда аталған шоттарының журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс. Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледе. Басқаша айтсақ, баланстың «Қамтамасыз етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары», бабтары аналитикалық есеп мәліметтер негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аударуына тиіс.....
Тіл — адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден-ак пайдаланылған. XIX гасырдың аяғында жүргізген сынак бойынша Қазақстанда жергілікті ұлт үлесі - 81,1% болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті тілдік орта болган. Бүл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен оның төңірегендегілер тілмаштар ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылган. XIX ғасырдың II жартысындағы тілдік ахуал, яғни жергілікті ұлт окілдерінің 81,1% болуы және біртекті тілдік ортаның болуы патша әкімшілігі үшін екі тілде (орысша, қазакша) газет шыгару және сол газеттерді ("Дала уоләятінің газеті, 'Түркістан уәләятінің газеті) қаржыландырып түру қажеттілігін туғыз-ды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында казақ тілі өзінің қоғамдық әлеуметтік қызметін толық атқарған. Сол жылдары қазақ даласында болған орыс ғалымы Г.Н. Потанин былай деп жазады: "Бар жерде қырғыз тілін ғана естисіз — жол шетінде жантайып, әңгіме соғып жатқан қазактар да, стансада өткінші шенеуніктің ат-арбасьның маңында әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сойлейді. Кейде, тіпті сотта да солай әр кезеңде әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім кабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның 1-ші Конституциясы бойынша казақ және орыс тілдері республика мемлекеттік тіл болып табылады. 1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақсган Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. ....
Арал – Балқаш тағдыры бүгін барша жұртты алаңдатып, толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекетінің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр. КПСС Орталық Комитетінің Саяси Бюросы Арал теңізі ауданында экологиялық жағдайды түбірінен жақсарту жөніндегі СССР Министрлер Советінің елдің жетекші ғалымдары мен мамандарынан құралған комиссияның тұжырымдары негізінде әзірленген ұсыныстарын қарады. Арал өңірі ауданында бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Арал теңізін сақтап қалу жөнінде түбегейлі іс-кимыл жасау қажеттігі атап көрсетілді. Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, егішіліктің су үнемдеитін прогресті жүйелерін практикаға енгізудің бірінші дәрежелі маңызы бар екеніне айырықша назар аударылды. 1988-2000 жылдары суару және коллектор-дренаж жүйелерін қайта құру жөнінде ірі ауқымды жұмыстар жүргізу көзделді. Суармалы жерлердің ірі алаптарын құру тоқтатылды. Әмудария, Сырдария сағаларына және Арал теңізіне судың кепілді ағуын қамтамасыз ету үшін суару мақсаты мен шаруашылық қажетке су пайдалануға лимит белгілеу дұрыс деп табылды. Арал өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет. 1988 жылы сентябрь айында КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі “Арал теңізі ауданындағы экологиялық және түбегейлі жақсарту, оның бассейніндегі су және жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы” қаулы қабылдады. ....
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы – реттеуші ықпалын тигізетін әлеуметті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады. Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.....
Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ„ Мүхиттар мен теңіздер түбінде, түщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, пара-зиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде тсездееедіг Қүстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру щгоцесінің барлығы осы нематодтардың қатмсуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы түрғыдан оларды бактериялар мен бір-клеткалы организмдермен салыстыруға болады. Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан қүрылыстары бірдей. Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде (бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ аравына енуге) қалыптасқан ....