1916 жылғы патшаның "июнь жарлығынан” кейін жер-жерде басталған толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды, ең ірі қозғалыстар Жетісу, Торғай – Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты. Көп қазақтар елін, жерін тастап Қытайға, Ауғанстанға қашты. .....
Іштөліалды кезең (предплодный период) — эмбриондық дамудың гастогенез және органогенез сатыларындағы эмбриогенез кезеңі. іштөоліалды кезенде жануарлардың түрлеріне, кластарына, туыстарына, тұқымдастарына, отрядтарына тән белгілер дамиды. Ұрықта желбезек аппараты, мезодерманың сегменттерге бөлінуі жойыла бастайды. іштөлі аяқтарының бастамалары, кейбір тұқымдарга тән қасиеттер (мүшелердің пішіні, ұзындығы) жетіледі. ішкі мүшелердің (жүрек, бауыр, қарын, ішек, аралық және тұрақты бүйректер, жыныс бездері) мөлшері, пішіні, даму қарқыны жануарлар түрлеріне сәйкес қалыптасып, пішін түзілу процестері (морфогенез) басталады. .....
Бүгін таңертең осы өзіміздің Платоновкада Митрофан деген шаруа дүние салып еді, соның жаназасына үлгермей қалған әулие әкей енді біздің үйге келіп алып, шайды қайта-қайта сораптап қойып, биылғы қыста боранға үсіп өлген адамдардың қисапсыз екенін айтып құлақ сарсытып отыр.
Қарлы құйын шатырды сабалап, толассыз сыңсыған жел бой тітіренткендей, іргедегі орман да арсы-күрсі боп күңіреніп жатыр; "ертегінің ит тұмсығы өтпейтін үрейлі нуынан несі кем?" — деп ойлаймын іштей. Осы нудың ішінде қайтып шығарға жол таппай адасып жүрген жолаушы көз алдыма елестейді.
— Ay, бұл мекенде тірі жан бар ма?! — деп айқайлайды, алақаншық боранда Платоновканың жылт еткен отын байқап қалған жолаушы.
Бірақ, үскірік жел ә дегенше тынысын буып, бас-көзге сабалаған жылбысқы қар бет қаратпай, қара түнек арасынан тіршілік нышанындай көрінген үміт шырағынан адастырып кетеді. Оның үстіне біздің мынау баспана адам баласының мекен-тұрағына ұқсаса бір жөн-ау. Ертегідегі мыстан кемпірдің үйшігі де осыдан аспаған болар. "Үйшік-үйшік, шыр айнал! Артқы жағың ну орман. Есігіңді бері қарат! Есіл ерді паналат!".....
Апыр-ай десеңші, алты ай қыс, алты ай жаз, лүп еткен желсіз, қақырата соғар қара дауылсыз, азынаған ақ түтек борансыз күн кешіп жатқандары мынау. Казармадан шыға қалса маңдайына тіреліп, көз алдына керілген көк пердесін көлденең тартқан қалың орман. Сол орманның арасында өмір сүру көкжиекпен астасып жатқандай көрінетін байтақ қырда кіндік кесіп, саф ауасымен көкірек кере дем алып, ұлылы-кішілі төбелер мен тауларға өрмелеп өскен айдын шалқарға қаз қонып, үйрек ұшқан.
Айдындардың еркесі, аққу, аялдаған көлдерге өзендерге шомылып, ат құлағында ойнап, еркін өскен қыр баласы сол байтағын, қалай сағынбасын, қалай аңсамасын? Талай түндерде кірпік ілмей, сол далаға деген сағыныш бесігінде тербелгені де күні кеше. Сондықтан да болар ол қазақ киностудиясы жарыққа шығарған фильмді көруге асығып ынтығып отыр. Фильм басталмастан бұрын бұл туралы полк командирінің саяси жұмысы жөніндегі орынбасары (бұдан әрі командирдің орынбасары): « Бүгін сіздер қалыптасқан дәстүр бойынша айына бір рет көрсетілетін одақтас республикалардың бірінің кинофильмін көресіздер. Кезек – Қазақстандікі. «Алдар көсе» фильмінікі», – деген еді. .....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы». Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді. Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының концепциясының негізгі міндеті – болашақта қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.....
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Ол «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.....
1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады. 2. Дауысты дыбыс буын жасауға қағысады. 3. Дауысты дыбысқа екпін түседі. 4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, н, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э. 5. Дауысты дыбыс тіл, жак және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі. Тілдің қатысына қарай Жуан тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады а, о, ұ, ы, у Жіңішке тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады ә, ө, ү, і, е, и, (у), э Жақтың қатысына қарай Ашық жақтың кең ашылуы арқылы жасалады а, ә, о, ө, е, э Қысаң жақтың тар ашылуы арқылы жасалады ы, і, и, у, ү, ұ Еріннің қатысына қарай Еріндік еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады о, ө, ұ, ү, у Езулік езудің кейін тартылуы арқылы жасалады а, ә, е, ы, і, и, э 6. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.). Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, па, йу қосарлы дыбыстарынан тұрады. 1. Л әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, э болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б. 2. Л әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат т.б. 3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: әр, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б. Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б. ....
Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті. Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан – жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы түсінік. Ойын ережесі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату Сабақ мақсаттары: Ойын ережесін құрамыз. Сөз мағыналарын ажыратуды үйренеміз.....
ВВЕДЕНИЕ Экономические реформы в Казахстане включают в качестве одного из важнейших направлений становление и развитие отечественной модели менеджмента. В своем Послании народу Казахстана Президент НАНазарбаев определил главную цель социально-экономической политики государства на долгосрочную перспективу. Она состоит в том, чтобы к 2030 году создать здоровую и процветающую экономику, способную решить демографические, экономические и социальные проблемы, поднять качество продукции и благосостояние каждого человека. В ходе трансформации социально-экономической системы, перевода ее на рыночные условия и принципы функционирования возникает потребность в изучении теории и практики управления с учетом зарубежного опыта и специфики казахстанской экономики. Выше¬изложенное и послужило основой для издания монографии. Концепция исследования заключается в том, что изучение менеджмента должно основываться на исследовании теоретических основ и основных социально-экономических факторов его становления, обоснования рациональных механизмов его формирования и регулирования в Республике Казахстан. Все это требует внимательного анализа принципов и методов взаимодействия менеджмента и рынка. В современном экономическом мире самым популярным направлением деятельности является менеджеризм, одина¬ково применимый в любой стране и наиболее приемлемый в процессе формирования и развития рыночной экономи¬ки. Следовательно, с полным основанием он может теоре¬тически изучаться и практически использоваться в Казах¬стане, начавшем переход к новым экономическим отноше¬ниям и созданию новой системы управления социально-эко¬номическими процессами. В силу этого необходимо глубо¬кое изучение теоретико-методологических основ менеджмен¬та и практическое его использование в управленческой дея¬тельности на различных уровнях. Менеджмент понимается как особый вид управления, не¬обходимый экономически самостоятельному субъекту в ры¬ночной экономике. Это вид профессионально осуществляе¬мой деятельности в первичном звене экономики (предприя¬тие, фирма), действующей в рыночных условиях, опреде¬ленных намеченных целях путем рационального использо¬вания совокупных ресурсов с применением методов эконо¬мического механизма менеджмента. Отсюда менеджмент можно трактовать как управление в условиях рыночной эко-номики. При прочих равных условиях это означает: а) ори¬ентация предприятий (фирмы) на спрос и потребности рын¬ка, на запросы конкретных потребителей; организация про¬изводства тех видов продукции, которые пользуются спро¬сом и могут принести прибыль; б) постоянное стремление к повышению эффективности производства: минимум сово¬купных затрат — оптимальные результаты и в) хозяйствен¬ная самостоятельность (это верх экономической свободы и свободы принятия решений)......