Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Әубәкір Сұлтанбекұлының естелігі


Жаңылмасам, шілденің 10-ы күні Албанның мен деген адамын ақжелке пристав Подборков Қарқарада алдына шақырды. Барлығымыз 20-дай кісіміз. Шақырғанда айтқаны: «Мына Қарқара жәрмеңкесінен сарт-ноғайдан, саудагерден 50-дей қара жоғалды. Осының бәрін ұрлап жатқан - қазақ. Болыс-болысқа бөліп алып төлейсіңдер», — деді. «Қарқара қазақ жері болғанмен қазынаға қарайды, бәрімізге ортақ. Төлемейміз», — дедік. Аяғында сөз ерегіске кетіп, пристав тақтай тепкілесе де біз қасарысып отырып алыстық. Пристав бастығын Жәмеңке, Ұзақ қылып 21 кісіні абақтыға қамады. «Түбі осы малды төлемесеңдер сендерді өлтіретін ыңғайы бар», — деп приставты маңайлаған адамдар айтып жүрді. Біз қорыққанымыздан «төлейік» деп уәде қып босанып, 30000 теңгені Албаннан алып бердік.

Ақшаны алып болған соң, ақжелке жігіт сұрады. Біз оны «көп біледіге» сүйеп жүріп кетістік.

Онда Албан екі учаскеге қарайтын. Тараншылармен қосып тоғыз болыс елді Қалжат приставы сұрайды. 5 болыс елді Нарынқол приставы сұрайды. Нарынқол приставы бізді Қырғызсай қаласына жігіт алуға жауапқа шақырды.Пристав: «Кісі бересіңдер ме, жоқ па?» — деп сұрақ қылды. Біз «жеке мұндай ауыр жұмысты ашып айта алмаймыз. Біраз күн мәулет бер, біз көппен ақылдасып, жауап берелік», — дестік. Пристав бізге біраз күн мәулет беріп, Алматыдағы жандаралға білдірмек болды және сол жерде пристав соғыс пайдасына жәрдем сұраған соң жанымыздан 1000 сом ақша жинап бердік. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Кемпірі бар үйдің


Балалар өте көңілді... Жұбайым түске дейін бес рет жылады. Мен оған түсінбей отырмын...

Менің әкем төрт рет үйленген кісі. Тірі болса ол кісі 107-ге толар еді. Ол кісінің кейінгі жұбайы биыл жетпістің сегізінде. Ол кісіні мен шеше тұтамын. Шешем алжи бастаған кемпір. Бұрын билеп үйреніп қалған кісі, «ауру қалса да — әдет қалмайды» дегендейін, осы уақытқа дейін үй ішінде үстемдігін жүргізгісі келеді...

Бірнеше мысал.

Қарт адамның ұйқысы сергек болады. Ол кісі тұра салысымен таң сәріде самаурын қояды. Біз ұйықтап жатамыз. Самаурыны біресе өшіп, біресе жанып жатады... Сиырын сауып, сүтін сепараторға бұрап қаймақ, май істеп қояды... Біз ұйықтап жатамыз... Самаурынын кемпір қайта тұтатады. Біз әлі тұрмай жатырмыз...

— Жаға берсең, самаурынға отын да шақ келмейді екен, — депті кемпір бір жолы азанғы шай үстінде. Оны менің жұбайым көңіліне ауыр алады.

Біздің балалардың ауылда жаңа өспірім туысқандары көп.

— Пошли к нам ужинать! — деп кеш сайын балаларын ертіп келеді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ұйқы келтіретін дәрі

Боранбай жатар алдында қалтасынан ішінде тары дәніндей түйір - түйір сарғыш бірдеңелер бар титімдей жұмыр флакон алып қарап отыр еді.

— Жаке, бұл немене? — деп, әуесқой Ержан қасына жетіп барды.

— Ұйқы келтіретін дәрі ғой балам.

— Не? Ұйқы келтіреді?

— Иә, ұйқы келтіретін дәрі.

— Қайтып келтіреді?

— Ұйықтар алдында осынын екі-үш түйірін жұтатын болса, адам қатып ұйықтап қалады.

— Сонан соң оянбай ма?

— Неге оянбасын, таңертең әдеттегідей қалпымен оянады.

Ержан қызығып, осындай да дәрі болады екен-ау деп, қайран қалды.

— Дәрігер берді. Соңғы күндері мазасыз ұйықтайтын болып жүргенім. Енді біраз күн осыны ішіп көрейін деп отырмын.

— Жаке, маған да біреуін берші, — деп өтінді Ержан.

— Оны қайтесің?

— Мен де жұтып көрейін.

— Мұның саған не керегі бар? Онсыз да төсекке басың тиер-тиместен қор ете қаласың.

— Жәкетай, біреуін ғана! — деп, Ержанның ынтызары арта түсті.

Борекең ұлының меселін қайтармайтын көңілшек адам.

— Мә, жұтсаң жұта ғой, — деп Ержанға ол дәрінің бір түйірін берді.

Ержан әкесінен аса бір қымбат зат сыйлыққа алғандай қуанды. Рақмет айтты да, жүгіре шығып, әжесінің бөлмесіне барды. Әжесі екеуі осы бөлмеде ұйықтайды.

— Әжетай, төсек салып бере қойыңызшы, мен кәзір мына дәріні жейін де қатып ұйықтап қалайын.

— О неғылған дәрі?

— Ұйқы келтіретін дәрі. Жәкем берді.

* * * .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ернар Жидебаев | Кәсіп таңдау

Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес. Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі, өйткені өмірдің едәуір бөлігі, күннің 7-8 сағаты сонда өтеді. Сондықтан кәсіп таңдау мұны ескеріп мұқият болуды талап етеді. Бұл тақырыпта ата-ананың, ағайынның, мұғалімнің, өмір жолында тәжірибесі мол аға-әпкелерден кеңес алған жақсы болады. Сондай-ақ өзінің табиғатын, қабілетін, мінезін, нендей іспен айналысуды ұнататынын ескеруді назардан шығармау керек.

Психология ғылымдарының PhD докторы Бейсембаев Ғани Бектайұлы осы тақырыпта ата-аналарға мынадай үндеу айтады: «Әуелі балаңыздың белгілі бір іске не кәсіпке қызығушылығы мен әуестігін еске түсіріп көріңіз. Екіншіден, балаңыздың бойындағы қарым қабілет пен бейімділігін сырттай байқап қараңыз.Осы зерттеуіңізді ой зердесінен өткізіп алыңыз. Мұндай қадам, балаңыздың мамандық таңдаудағы шешіміне оң ықпал етуіңізге көмектеседі. Ал қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ата-ана ретіндегі өздеріңіздің арман тілектеріңізді басым бағыт ретінде қарастырмағаныңыз жақсы. Мамандық таңдауда ата-ананың қалауы мен баланың таңдауы көп жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өзіңіз әлпештеп отырған балаңызды жүрек қалауы болмаған мамандықты таңдауға мәжбүрлеу оны өмір бойы бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.»

Әр түрлі маман иелерінен қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қандай ауыртпалығы, қандай артықшылықтары барын сұрап, мүмкіндік болса барып өз көзімен көріп, толық бір күн сол маманның жанында болудың пайдасы бар. Бұл іс ыңғайлы ма, жоқ па деп оқыған, естіген, көргендеріңді, өз қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді саралап, мүмкіндік болса кәсіби бағдар беретін арнайы мамандардан кеңес алып барып таңдау жасаған жөн. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есепке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күші бар Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
1. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
2. «Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін айқындайды, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерін белгілейді.»
3. Тараулардың тақырыптарындағы «I», «IV» және «V» деген цифрлар «1», «4» және «5» деген цифрлармен ауыстырылған.
4. 1және2-баптар мынадай редакцияда жазылды:
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
«1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жеке кәсіпкерге (бұдан әрі – кәсіпкерлерге ), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі-ұйымдарына ) қолданылады.
2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, бухгалтерлік есепке алу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп беруді жасауға міндетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы

1.1 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір суру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН

Мен Қазақстан мемлекеттінде дүниеге келіп, қазақ болып өзімді өсірген ата-анамның, елімнің, алтын бесік – туған жерімнің қадірін, аяулы алақандарының жылулығын сіңіріп өскен қызымын . Туған жерге арналған жыр да, қара сөзбен жазған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Әр халық туған жеріне деген отты сезімдерін қастерлей, ұрпақтан-ұрпаққа махаббаттарымен сүйіспеншілік сезімдерін өлең жолдары арқылы сақтап, ұрпақтарына жеткізген. Біздің де қазақ халқымыз өзі туып өскен өлкеміздің ыстық топырағымен, бәрімізді біріктіретін көк аспанымыздың тұңғиығына шомылып, атамекен құдыретін жас ұрпақ бойына, бала санасына сіңіруде мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлық жырларының арқауына жүгінеміз. Өз өлкемнің перзенті болғандықтан, туған жерімнің әл-ауқаты, оның тұрмысы мен жағдайын көркейтуде ат салысу менің де борышым деп есептеймін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Бөбек жасындағы қабылдау ес ойлау

Егер нәрестенің психикалық даму тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде 3 жастағы кезі бала ақыл-ойының дамуы жағынан недәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: «Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қаблеті қандай екен , соны біліңіз. Осыдан соң бебекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз»,-дейді. Сонда Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы деуге АҚШ психологы Э. Торндайк қосылыпты.
Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін негізгі фактордың бірі- оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі сызуға не үй салу т.б. бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Бөбектерде ойынның тек қарапайым түрлері ғана кездеседі. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтың сылдырлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің не машинаның бейнесі екеніне мән беріп жарымайды. Бөбек жасында ойынншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандыралы, ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, « осы менің атым » деп жүгіретіні кездеседі. Осындай ойынға кішкентай қыз балалар әуес келмейді. Олар да жаңағыдай істің өздеріне қатысы жоқ екенін біледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 15 16 ғасырлардағы Қазақ Қырғыз қарым қатынасы

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды.
Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің «Маджмуат-тауарих» атты шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын (бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Аудиттің мақсаты мен міндеті

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде.
Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.
Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызда түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерн қамтамасыз етеді.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0