Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат және демалыс (5 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Саяхат және демалыс.
Сабақтың тақырыбы: Саяхат және демалыс.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру;
ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы
ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу;
Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: сөздікпен жұмыс жасап, жаңа сөздерді меңгереді;
Көптеген оқушылар: мәтінде көтерілген мәселені түсіндіріп айта алады; қарапайым жоспар құра алады; жоспар негізінде мәтін құрап жазады;
Кейбір оқушылар: ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтарын түсіндіріп айта алады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы жайлы Ұлттық банк төрағасы жақ ашпады

Зейнетақы қорындағы халықтың қасықтап жинаған ақшасының тағдыры жайлы бүкіл ел шулап жатса да, бір аптадан бері жақ ашпаған Ұлттық банк төрағасы кеше журналистерден әрең құтылғандай болды. Үкімет отырысынан шыққан Данияр Ақышев тілшілерді Алматыда өтетін баспасөз мәслихатына шақырумен ғана шектелді деп хабарлайды nur.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Ғарыш әлеміне саяхат

Зерттеудің мақсаты:
 Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу, ғарышқа алғашқы қадам, ғылымның адам өміріне қосқан үлесін зерттеу, білу;
 Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
 Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің бөлімдері:
 Кіріспе
 Ғарыш ұғымы оның пайда болуы, ғарыштық техника.
Негізгі
 Ғарыштық корабльдің ішкі құрылысына жалпы сипаттама
 Ғарышты зерттеуге өз үлесін қосқан ғарышкерлер
 Ғарышқа алғашында нелерді ұшырады
 Ай жердің табиғи серігі
 Жалпы космос, негізгі жетістіктер
 Адам - ғарыштық тіршілік иесі.
 Ғарышты игерудің ғылыми практикалық маңызы.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Балалық шаққа саяхат


ҮЗІК-ҮЗІК СУРЕТТЕР

Жаз. Жайлау. Шұбала қонған киіз үйлер. Қанаттас бір ауылға апам мені жетелеп, қыдырыстап келген. Үш-төрт әйел үйде шай ішіп әңгімелесіп отыр да, мен сыртта асық ойнаған балалардың қасында қызықтап қарап тұрмын.

Ересектеу баланың бірі кенет иығымнан жұлқып қалды:

— Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр!

Ауылдың ортасын қақ жарып, тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Сол жолмен түйеге мінгескен екі әйел соқтырып кетіп барады. Екеуі де кимешек киген. Артындағысы аумаған менің шешем. Мені бөтен ауылда қалдырып, жөнеп барады.

Мен шешемнен өлмей қалармын.

— Ала! Ала! — деп артынан қуып бердім. Құлындағы дауысым Құдайға жетіп, бақырып жүгіріп келем. Аяулы шешемнің маған бұрылып қарағысы да келмейді.

— Aпa! Апа!

Бақырудан өңешім жыртыла жаздайды. Жол шетіндегі үйлердің адамдары бәрі маған қарап қалған. Тек шешем ғана қарамайды. Ұзын аяқтарымен тайраңдай желген жүрдек түйе оңайлықпен жеткізбейді.

Бір әйел көлденеңнен дауыстап:

— Әй, қатын, балаң жылап келеді! — деді.

Шешем енді ғана маған жалт бұрылып қарады.

Сөйтсем, шешем деп жылап келе жатқан адамым мүлдем бөтен... Алдындағысы да мен танымайтын басқа әйел.

Өз шешем сол әлгі шай ішкен үйде отыр.

Уақыттың көбін су бойында өткіземіз. Су бойында ойнаймыз. Міне, енді қалжырап үйге қайтып келем, қарнымда түк қалмаған, ашпын.

Шешем құр талқан берді. Дәмсіз қара талқан. Жейін десем, тамағымнан жүрмейді...

Біздің ауылдан жоғары бір шақырымдай жерде Киікбай ауылы. Сонда күйеуге тиген немере әпкем тұрады. Қалай келгенімді білмеймін, сол үйде қазанға қарып жапқан күйелештеу нан жеп отырмын.

Бір кезде есіктен шешем кіріп келді. Мені көріп, жылап бас салды. Неге жылайтынына түсінбеймін.

Сөйтсем, шешем мені аяқ астынан жоғалтып алған. Бүкіл ауылдан іздеп таппаған. Суға ағып кеткен деп ойлап, есі қалмаған.

Бұдан аз бұрын шешем мені осында ертіп келіп, нан жегізген екен......
Әңгімелер
Толық
0 0

Бойжеткенді кафеге шақырған жігіт тамақ ақысын төлемей қашып кетті

Қырғызстанда жігіт бойжеткенді кафеге тамақтануға шақырып, 10 мың сом (45 мың теңге) тамақ ақысын төлеместен қашып кеткен. Бұл туралы Бішкек ҚІІБ-ның баспасөз хатшысы хабарлады деп жазады Stan.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0