Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының банк жүйесі

“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египтте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XІІІ-XІV ғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Гремания, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
XV ғ. Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болды.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттағанда “қаржылық жағдай” дегеніміз немесе “қаржылық жай-күй” дегеніміз не деген сұрақтарға жауап береміз.
Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет “Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады” деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді”.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы “қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі” деп жазса, кәсіпорынның қаржы ресурстарының тұрақтылық жағдайы ақша қаражаттарын еркін айналымға салуының, үздіксіз жұмыс істеуі мен өнім шығаруының, өнім көлемін ұлғайтудың және жаңалап отыруының негізгі көрсеткіші болып табылады деп есептейді.
Профессор В.М. Родионованың есептеуі бойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық тұрақтылық дәрежесімен, жеке айналым қорымен, олардың сақталуымен, жеке және сырттан тартылған қорлардың қатынасымен, бағалы қағаздар шығару арқылы қосымша қаржылық ресурстар арқылы анықталады.
М.Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: “Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы”. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кеден режимі

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
Осы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруталаптары:
1. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік режим осы Кодекстің сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
2. Егер тауарларды Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
3. Кедендік аумақга тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін осы Кодекске сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.
4. Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру:
1. Әкелінген тауарларды қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында мынадай тәсілдердің бірін пайдалана отырып қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіру жүргізіледі:
1) тиісті уәкілетгі мемлекеттік орган берген қорытындыда аталмаған тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол бермеу мақсатында, белгілі бір технологиялық операцияларды орындайтын қойма үй-жайларына, технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз етуді орнату;
2) декларанттың, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге арналған шетел және (немесе) қазақстандық бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және басқа да таңбаларды қоюы;
3) өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар және жинақтаушы заттар туралы мәліметтерді қоса алғанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;
4) қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;
5) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеу

Кіріспе
Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» тақырыбының кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз - тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал - саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз. Бұл тақырыптың өзектілігі мынада - ол әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметінің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп атауға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне он жеті жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілуі «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні», - деп көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасқаны жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы заматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек». Бұдан туындайтын негізгі талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Осыған орай қазіргі таңда өзекті де, тартымды да мәселелердің бірі еліміздің инвестициялық, құрылымдық саясаты, оның құқықтық реттелуі болып отыр. Сонымен қатар экономиканың жедел дамуы, әлеуметтік өмірді тұрақтандыру, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына да үлкен үлесін қосуда. Сондай-ақ Елбасының жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты шоғырлануы-мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі» атты басым бағыттарының бірі – Қазақстанды зияткерлік меншік құқықтары қорғалған және сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасуы болып тұр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы ұғымы

КІРІСПЕ
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financiе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ

КІРІСПЕ
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Үкіметтің микроэкономикалық саясатын талдау

Үкіметтің тұтас микроэкономикалық саясаты жоқ. Үкіметтің ұсынған бағытындағы басты қателік - мемлекет иелігінен алу мен жекешелендруге иек артуы, тауар өндірушілерден, тұтыну рыногын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен тікелей қамтамасыз ететін меншік иелерінің ауқымды тобының пайда болуы үшін, экономикалық реформаларды жеделдету үшін халықтың өзін, әсіресе ауыл халқын қозғалысқа түсіретін нақты негіз қалыптастырудан өздігінен сырт қалғаны.
Бұрынғы және жаңадан құрылған салалық министрліктер осы уақытқа дейін өнеркәсіп саясатын жасамады. Айталық, энергетика және оның ресурстары министрлігі мен Мұнай-газ министрлігі өздерін мемлекеттік монополиялық энергокомпанияға және монополиялық көмір, мұнай, газ және «ЖЖМ» холдингтеріне біріктіріп жіберді. Мұндай ведомстволарға өздерінің өнімдеріне нарықка қарсы ішкі бағаларды өсіру, дайын өнімдерді емес, шикізатты сыртқа шығаруды арттыру тимді. Мұндай монополияшы-ведомстволар құрылымының өзі нарық идеологиясына және реформаның тереңдеуіне қарсы жұмыс істейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР сында инвестициялық қызметті

Тұрақтылық пен экономикалық өсу мүмкіндігін анықтайтын маңызды фактор инвестициялық белсенділік болып табылады. Қазақстанда қабылданған экономикалық реформалар іс жүзінде құқықтық, қаржылық-экономикалық және халық шаруашылығының негізгі буынының, яғни кәсіпорындар, ұйымдар, оның шаруашылық және азаматтық айналым жүйесіндегі статусын, әлеуметтік жағдайын өзгертті. Мемлекеттік меншікке негізделген экономиканың барлық салаларында жұмыс істеген бұрынғы кәсіпорындардың орнына жеке, аралас, сондай-ақ акционерлік меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қызмет етеді. Осының барлығы басқару мезанизмі мен экономикалық өсудің негізі, ұйымның бәсеке қабілеттілігі мен толық экономиканы жоғарылатуға бағытталған кәсіпорынның инвестициялық қызметіне әсерін тигізді.
Нарықтық қатынастардың даму барысымен бір мезгілде шаруашылық қызметтің тәжірибесінде кәсіпорындардың барлық меншік түрлерінің ішінен қаржылық инвестициялар кең тарады. Сонымен бірге, көптеген акционерлік қоғамдастықтар пайда болуда, атап айтқанда: мемлекет, банктер, кәсіпорындар еркін ақшалай капиталды тарту әдісімен қарыздық бағалы қағаздарды жиі қолданады. Фьючерлік келісімдердің, кепілдіктердің, яғни туынды бағалы қағаздар нарығы дамуда.
Бұл курстық жұмыста экономикалық өсудің құралы ретінде инвестицияға сипаттама беріледі, осыған сәйкес инвестицияның түрлері мен типтерін ашуда ерекше назар бөлінген, жалпы алғанда, инвестицияның қазіргі заманғы жағдайының анализі мен динамикасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат ұсынылады. Инвестициялық қызметке байланысты күрделі проблемалардың бірі инвестицияның қаржылық көздері болып табылады, сондықтан да бұл жерде инвестициялық ресурстармен қаржыландыру көздерінің классификациясы беріледі.
Мемлекет пен кәсіпорынның инвестициялық қызметі жөніндегі қарым-қатынасы мемлекеттік қолдаудың шаралары ретінде жеке талқыланады.
Инвестициялардың тиімділігін экономикалық тұрғыдан негіздеудің объективті қажеттілігі нарықтық экономика шарттарында экономикалық заңдардың қолданылуынан, толығымен өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі жабдықтау қағидалары бойынша жұмыс істейтін акционерлік және жеке кәсіпорындардың толық экономикалық тәуелсіздігінен; ал қаржылық ресурстар экономикалық жағдайда материалды-техникалық ресурстардың шектеулі болуынан туындайды. Сонымен қатар, экономикалық тиімділік көрсеткіштері мемлекеттік мекемелерді былай қойғанда акционерлік кәсіпорындарда жоспарлау нысаны, ал өткізілетін техникалық, ұйымдастыру-экономикалық сипаттағы іс-шаралардың экономикалық тиімділігі маңызды болып табылады. Сол себепті Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшу жағдайында инвестициялық үрдіс барысын және инвестиция тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағытын анықтау қажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау

Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық катего¬рия ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл эко¬номикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
• қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
• несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;
• қарызға берілген кұн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
• несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.
Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.
1. Егер несие - бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға. Пайыздық соманы төлеуге байланысты қа-тынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету құқығы қарыз алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік құкық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің занды бастапқы орнына қайтып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0