Родная сторона, Родина, Отчизна... Ты произносишь эти слова - и в сердце вспыхивает огонек любви и тепла. Ведь так мы называем то, что нам особенно дорого: край, где мы родились и прошло наше детство, родительский дом, страну, в которой мы живем. А в памяти оживают воспоминания, которые мы храним всю жизнь: тепло материнских рук , вкус бабушкиного пирога, лес за рекой, ромашки у крыльца. Вот почему в душе каждого человека живет собственное, только ему близкое понимание, что такое родина.....
Ұлттың ұлт екенін танытатын оның тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ойындары, фольклоры. Қазақ халқы бұдан кенде емес. Халық аузында жүрген әрбір мақал-мәтелдің немесе тыйымның өз тәрбиелік мән-мағынасы бар. Бірақ, қазіргі жаһандану заманында бұл құндылықтар өз бағасын жоғалтып, өткеннің еншісінде қалып бара жатқандай. Оны айтып, ескеріп отыратын көнекөз қарияларымыздың да бүгінгі келбеті мүлдем бөлек. Ақ жаулығын таққан әже мен ақ сақалы мен тақиясы бар атаны бүгінде кезіктіру өте қиын. «Заманына қарай адамы» дегеннің әсері болар. Заман талабына қарай өзгере беретін болсақ, ұлттық құндылық түгілі, шыққан текті ұмыту қиын емес бұлай. Өйткені бүгінгі «заманауи» жас отбасылар ата-ана қадірі, туыстық байланыс, салт-дәстүрді біле бермейді. Барлығына топырақ шашудан аулақпын. Бұның барлығын өте жақсы білетін де жандар жетерлік. Өйткені, олар «отбасы институтынан» тәлім алған. Сол алған білімді ары қарай өз ұрпағына үйретіп, үнемі қайталап отырады.
Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан, халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын, пайдалы азамат шықпайды»,- деген сөзі бар. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде оның ататегін қоса үйреткен жөн. Жан-жақты болсын деп бірнеше шет тілін үйрету, бос уақыты болмасын деп түрлі үірмелерге жазып қою бүгінгі күннің «тенденциясы» деп те айтуға болатын шығар. Өзге тілді үйренемін деп, ана тілін білмей шүлдірлеп жүрген талай қара домалақтарды көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Сонда өз тілін білмеген бала өзге тілді қалай сыйлайды?! Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Бірақ, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың өз алар орны бар екенін жас ата-аналар ұмытпаса екен.......
Кіріспе: Ұстаз-ұлы есім. Атауының өзі ерекше. Әр үйдің баласын өз баласындай көретін асыл тұлға жайлы қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өзі бас иіп:
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген-ді. Шыныменде, бізге ата-анадан кейінгі тәрбие беруші ұстаз.Ұстаздардың қадірлі екені «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген ата-бабаларымыздың мақалының өзінен айқын көруге болады.
Менің де мектеп табалдырығын аттаған сәттен сүйікті ұстазым пайда болған-ды. Оның әр балаға тараған жылы сезімі мені де баурап алған ғой. Менің бойымдағы ерекше дарынды байқап, мені шыңдаған алғашқы бастауыш мұғалімім Ергенқызы Гүлбану.Ол кісінің арқасында қазір мен дарындылар ортасы "Дарын" мектеп-лицейінің оқушысы атандым.
Негізгі бөлім:
Әр бала Күзгі серпінмен Қыркүйектің алғашқы жұлдызынан бастап мектеп әлеміне аттанады. Осы уақыттан бастап олардың алғашқы және сүйікті ұстаздары пайда болады. Ұстаздар балалардың жүрегін жылы лебіздерімен бірден нұр секілді жаулап алып, бір баланың сүйікті ұстаздарына айналады... Әлі оң солын тани алмайтын жас сәбилер сондағы ұстаз дегеннің кім екенін біліп, менің жақсы көретін ұстазым осы деп көрсеткенде, ұстаздардың жылы күлкісінің өзі жас сәбидің жүрегіне жылу болғанын қарашы деп ойлайсың. .....
“Астана-арена” стадионында Димаштың“Бастау” атты концерті өтті. Бұл мәлімет бүкіл әлемге тарап кетті. Жан-жақтан түрлі туристтер әншімізді көруге келді.
Қытайда өткен “Мен әншімін” байқауының жүлдегері Димашты қолдауға қытайлық Терри Лин, “Евровидение-2012” байқауының жеңімпазы Лорин, ресейлік Кристина Орбакайте, Қазақстандық майра Мұхамедқызы сынды әншілерден бөлек “Алау”, “Кешью”, “Бастау”және т.б топтар келді.
Өнердегі әріптестерінен соң сахнаға концерттің басты кейіпкері-Димаш шыққанда, оған көрсетілген құрмет-қошемет ерекше болды. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, бишілер тобымен ортада жарқырай көрінген ол қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдеріндегі туындыларды кезек-кезек орындады. Бес бөлімнен тұрған шығармашылық кеш барысында дуэткеде кезек берілді, күй де күмбірледі. Жүз пайыз жанды дауыста өткен концертте, әрине, мемлекеттік тілдегі әндерге басымдық берілді. Концертте “Бұл менің көптен бергі арманым ғой”деген Димашқа келген көрермендірдін қатарында қытай,орыс, француз жастары да бар.
Олар кеш бойы ақ тілегі жазылған парақшаларды жоғары көтеріп жас талапқа өз риясыз көңілдерін білідірумен болды. Недеген жанкүйерлік махабат десеңіз ші!....
Таңертеңгі шуақ. Алақанымды алақанға қойып қолымды жаңбырлы судық астына тосамын. Олар күн сәулесінде ойнайды, әртүрлі шуақ шашады. Осы шуақты күннің сәулесімен ел жүрегі Астанамды ойлаймын. ...Мына күннің шуағы – әдемілік, мына шуақ - жақсылық, мынау- қайырымдылық , ал мынау – махаббат. Осы қасиеттердің бәрін алақанға сыйғызу керек. Оны қорғап кейінгі ұрпаққа жеткізу! Осының біреуін де жоғалтып алмауымыз керек, қорғап, аялау, көркейту қажет.
Бұл қазақ халқының жүрегі – Астанасы. Тек оған қарайтын көз керек. Астана – Қазақстан Республикасының әкімшілік орталығы әрі елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы тұрмысты қамтамасыз ететін қауырт даму үстіндегі қалалық инфақұрылымы бар үлкен шаһар. Тамаша тұрғын үй кешен-дері, еңселі әкімшілік ғимараттары, гүлзарлары мен фонтандары, әсем мону-менттері мен сәулет ескерткіштері бар бүгінгі Астана көз алдымызда күн сайын өзінің керемет сымбатымен құлпырып барады. Ал Астананың ажарына ажар қосқан, жаңа корпустарымен қала ландшафтына тамаша кіріп кеткен Лев Гумилев атындағы Еуразия университетін айтпай тұра алмаймыз. Бұл оқу ордасының үйлесімді де әдемі сәулетіне әрдайым таңдана қараймын. «Астананың мәдени капиталы » деген ұғым Еуразия университетіне көз түскен сәттен-ақ менің санамда нақты бейнеге айналады. Себебі, онда менің ағам мен жеңгем білім алды, өмірді танып, шет елдерге шығып, өмірде орнықты өз орын-дарын тапты. .....
Жер аяғы кеңіп, табиғат-ана бір әсем күйге енгенде баршамыз ерекше күтетін бір мереке бар. Ол - кешегі сұм соғыста қасық қаны қалғанша Отанымыздың іргесін сөгітпей, төсінде фашист деген тажалды сайрандатпай, біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен аталарымыз бен апаларымыздың асқан ерлігі арқылы оңайлықпен уысқа түспеген Ұлы Жеңіс күні. Біздер, еліміздің болашағы - жастар осындай қасіретті соғысты көрмесек те жүрегімізбен сезінеміз, осындай болашағымыздың күндей жарқын болуына себеп аталарымызды ерекше ілтипатпен еске аламыз. Міне, бірер күндер соң тағы да бір жеңіс күнін атап өтпекшіміз. Кешегі өткен сұрапыл соғыстың бүгін де 75 жылдығына аяқ бастық. Өткен ғасырдың төрт жылға созылған қантөгіс соғысы тарих төрінен ойып тұрып орын алды. Брест қорғаны, тәтті ұйқыда жатқан бейбіт өмір тұрғындары, таң сәріде тұтқиылдан лап қойған «фашизмнің қолшоқпарларының» жауыздығы... «Тарихыңды білмей, бүгінгіңді білмейсің» дегендей отты жылдар жарасы мәңгі жазылмақ емес. Келешекте Отанды қалай қызғыштай қорып, ақыр демің қалғанша қорғау керек екенін біз осындай халқымыздың адал да ер ұлқыздарынан үлгі аламыз........
Тыныш түндер ылғи да табылса еді, Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді. Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды, Жаңбыр әні оятсын, жаным сені. Күләш Ахметова Осындай аналардың тілеуімен елімізде 71 жылдан бері тыныш таңдар атып келеді. Сол қарғыс атқан жылдардан бері менің отбасымда бейбіт өмірдің бағында ғұмыр кешіп келе жатқан мен үшінші ұрпақ екенмін. Мен де болашақта өз балаларымның түндерінің тыныш, таңдарының арайлы болғанын қалаймын. Бұл тек менің қалауым емес, жер бетіндегі ана біткеннің асқақ арманы деп ойлаймын. Әлемдегі әйел заты бұл кесапатқа түбегейлі қарсы болса, бәле ер адамдардан келе ме? Сонда әйел қауымының қолынан ештеңе келмей ме? Жоқ, ерлерді де дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін аналар. Ендеше әр ана өз баласына барынша мейірімін төгіп, дұрыс тәрбие беріп, бақытқа бөлей білсе, жер бетінде Гитлер сияқты қанқұмар адамдар болмас еді. Әжем айтушы еді: «Қорқыныш тудыратын жаман заттардың атын да атама, келіп қалады». Кейін мектепте мұндай сөздердің «табу» деп аталатынын білдім. Сол сияқты бұл тажалдың атын атаудың өзі қорқынышты. Өз басым адам баласына тек қорқыныш, орны толмас қайғықасірет әкелетін бұл сөзді «табу» қатарына қосу керек дер едім......
Қазіргі таңда қатты дамып кеткен жайттардың бірі, ол- әлеуметтік желі. Күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін алып кетіп жатады. Бесіктегі балаға да, еңкейген кәрімізге де әлеуметтік желі қызық. Бейне бір өмірдің мәні секілді. Ал біз бұл әлеуметтік желі арқылы қанша уақытымызды зая кетіріп жатырмыз.Тіпті ешбір бала далаға шығып бір- бірімен ойнамайды, үлкендеріміз немерелеріне ертегі айтудан қалды. Ал оқушылар мен студенттер көп кітап оқудың орнына осы әлеуметтік желіде бос уақыттарын өткізеді. Адам әрбір минутын бағалау керек. Өмірді бос әлеуметтік желіге үнілумен өткізбеу керек. Өзіне керекті, пайдалы іспен айналысу керек. Себебі «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені». Сондықтан адам әрбір уақытын тиімді жұмсау керек.
Адамдар әлеуметтік желіге не үшін кіреді? Барлығы неге тәуелді? - деген сұрақтар туындайды. Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің дамығаны соншалық түрлі сайттар пайда болып жатыр. Олардың ішінде көп адамдар қолданатыны: Instagram, Вконтакте, Facebook, You Tube, Однокласники және басқалары. Бұл программалар несімен қызық? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. .....
1975 жыл. Біздің ауылда бір қарапайым отбасы бар еді. Тұрмысы нашар болатын-ды. Ол отбасының 2 баласы бар. Үлкені Зәуреш онан соң Дәрмен болатын. Анасы аурушаң, хәлі мәз емес-ті. Олардың жағдайы нашар болғанымен тату еді. Зәуреш бауырына жақсы қарайтын. Тәрбиесін өз мойнына алған.
Бір күні Дәрмен далаға шығып балалармен асық ойнап жатты.Сол кезде өзінен 2 сынып жоғары оқитын тәмпіш кемпірдің немересі Сәдір оның асықтарын қолынан жұлып алды.Бала да оған қасарысуда. Әрине, Дәрменнің Сәдірге күші жетпейді. Екеуі төбелесе бастады. Мұны көрген Зәуреш жан таласа жүгіріп жетеді де, Сәдірге дүрсе қоя береді. Тәмпіш кемпір келіп үлкен дау шығарады. Дау аяқталып, бәрі үйді үйіне тарқайды.Арада біраз күн өтіп, балалардың анасы аурудан көз жұмды.Бұл қасірет Зәурешке үлкен соққы болды.Зәуреш 17 жасқа келді. Әкесі көз жұмар алдында Зәурешті досының ұлына атастырды. Дәрменде өз теңін тауып қалаға кетті. Арада 6 жыл өтті. Қыздың 3 баласы болды. Алайда қуанышы көпке созылмай, күйеуіде жан тапсырды.Зәурешті өмірден түңілдірмеген 3 ұлы еді.Олардың аш қалған сәттеріде болды. Бірақ, тағдырдың онысына да төзді. Кіші ұлы Берік 2 жаста болса да, Зәуреш жұмысқа тұрды.Ақырындап балалары ер жетті. 2 ұлы отау құрды. 2006 жылы кіші ұлы да үйленіп,қызды болды. Көп ұзамай қалаға көшіп сонда жаңа өмір бастады......
....Осы сөз. Көңіліңді көтеріп, жүрегіңді тебірентіп, өзіңе күш-қуат беретін асыл қазына. Сонау ғарышта жүрсең де, туған жерің әрдайым есіңде болып, топырғын аңсайсың. «Туған жердей жер қайда, туған елдей ел қайда» демей ме кемеңгер халық. Халқымыздың басына түскен нәубет жылдарында «Елім-ай!» деп еңіреп , жүрегі қан жылап, тау асып, тарыдай дүниенің төрт бұрышына шашылған қайран қазағым! Сол кезден қанша су ағып, қанша жыл ауысты. Бірақ «Елім-ау!» деп еңіреп, зар тартқан үн ақын ағаларымыздың қолындағы қалам тартуына себепкер болды да, болып келеді.Туған жеріне деген ыстық сағыныш сезімі, перзенттік ыстық ықыласы, қанына сіңген «балалық борыш» деген терең ұғым – бәрі де талай керемет туындылардың дүниеге келуіне себепкер болды. Тағы бір даналықта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл » делінген. Өзімнің арғы ата-бабаларым сонау 19 ғасырдың 60-шы жылдарында ақ патшаның отаршылдық саясатының салдарынан көп қиыншылық көріп, бірақ төзімі таусылған кезде Алтай тауларын асып Монголия еліне кетуге мәжбүр болды. Иә, сол кеткен сәтте қандай сезімде болды десеңші! Ата-бабамыздың төл жеріне, туған топырағымен қауышу мүмкіндігі тек бір ғасырдан астам уақыттан кейін әкелерімізге бұйырады. Жат елде жүрген жылдары балаларына өз ана тілін ұмыттырмай, ата салтын, ана сүтін қадірлеуді жас буын ұрпаққа сіңіре білген. Және елге оралған кезде өзімен сақталған бай мәдени қатпардың иегері бола тұрып, оны жергілікті халқының арасында насихаттап, тарата бастады. (Негізі үлгі аларлық жағдай)......