Наступила зима. Идёт снег. Вокруг белым – бело. Дети играют в снежки, лепят снеговики. На улице шумно и весело. Слышно лай собак и смех детей. Зимой в доме тепло, потому......
Анам қайтыс болған соң, нағашы әжемнің қарауында қалдым. Менің әжем тамаша кісі ғой. Мені шексіз махаббатқа бөлеп, үлде мен бүлдеге орап, қызымнан қалған қарашығым деп ерекше жақсы көреді.......
Мен Әбдәшім Гүлсая Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Асықата кентінде орналасқан «Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» КММ-нің 6 «А» сыныбында оқимын. Биылғы оқу жылының 10 қыркүйегінде біздің мектебімізге НәзірТөреқұлов атамыздың есімі беріліп, мектебімізге қойылған ескерткішінің ресми ашылу салтанаты ерекше тойланып, атап өтілді. Мектебімізге берілген Нәзір......
Ұлтының жүгін ауырсынбай арқалаған, аумалы төкпелі заманда қазағының сөзін сөйлеп, жанынан табылуы, озбыр саясаттың бүкір пейілін, ішкі арам ниетін көрегендікпен танып, бұқпантайламай өз ойын , өз шындығын халық қамы үшін ашық айтқан Алаш көсемі А.Байтұрсыновтың тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек. 1873 жылы дүние есігін ашқан Шошақтың немересі – Ахмет кеңестік жендеттердің қанды шеңгеліне арандап бақиға аттанғанға дейінгі 64 жылдың саналы ғұмырында өлшеусіз еңбек, ғасырлар бойы зерттелсе де түгесілмейтін мол мұра қалдырды. Азаматтық үні, қайраткерлік өнегесі, пендешіліктен биік тұрған өресі, қаптаған қара ниетті жауларына білімімен, көрегендігімен, алғарлығымен қарсы тұрып, есе жібермей, өркөкірек өзімшілдерге,......
Астана арман қала бағы бір жанған қала, Тұрады ол көркейіп мен үлкен болғанда да! Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін елімізде үлкен өзгерістер болды. Алғашында 1997 жылы 10 желтоқсанда біздің еліміздің астанасы Ақмола болды. Ал содан кейін 1998 жылы 6 мамырда қаланың аты жаңаша Астана деп аталды.Ерте заманнан бастап мемлекеттердің астанасын үлкен өзендердің жанына орналастыру дәстүрі бар екендігі белгілі.Табиғаты әсем, көз тоймас көркем, суы көп болса, қала әдемі және жасыл болады деген.......
Біздің жүрегіміз темір емес, Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп ,күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,ол –Отанға деген сүйспеншілік. Бауыржан Момышұлы Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмақ емес!Соғыс-күйретуші күш!Барды жоқ ететін,тауды жер ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал.Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз.Осыдан 71-жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді.Неміс фашистерінің аңсап келген арманына батырларымыз 4 жыл ішінде қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.Фашистер мақсаты жер бетін отарлап алу еді.Өзара одақ құрып бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекесін қашырды.Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Талғат Бигельдинов секілді батырларымыздың ерлігі арқасында тату өмірімізге,бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік.Сол батырларымыздың тағы бірі Бауыржан Момышұлы. Кеңес одағының батыры,жазушы,Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Ол 207 рет ұрысқа қатысты. «Қызыл Жұлдыз»орденімен марапатталды. Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы Адамзатты алға бастар Ар заңы! Мір оғындай Момышұлы Бауыржан Туа біткен туралықтың тарланы. .....
Бала және балалық шақ. Балалық шақ та әртүрлі болады: кейбіреудің балалық шағы бұлтсыз бейбіт аспан астында алаңсыз өтсе, бір ұрпақтың балалық шағы қатал да қиын тағдырлы. Ұлы Отан Соғысы. Қанша тағдырдың тамырына балта шапқан, балалықтың бал күнін «соғыс» деген суық сөздің ызғарымен қарыған 19411945-ші жылдар. Мен осы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміз қатарлы балалар жайында оқып білгенді ұнатамын. Сондықтан да он бес одақтас республика бір үлкен Отан болып есептелген Советтік Отанды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге атсалысқан жас батырлар туралы жазып отырмын. Соғысқа дейін олар жәй ғана қарапайым балалар болатын. Мектепте оқып, үлкендерге қолғабыс беріп, доп қуып жүрген ойын балалары еді. Оларды тек туыстары мен бірге оқыған достары ғана танитын. Кенет соғыстың сын сағаты жетіп, кешегі балалар өздерінің Отанды қандай үлкен жүрекпен сүйетінін дәлелдеді. Иә, соғыстың ауыртпалығы сол кездері балаларға да түсті. Бірақ ол ауыртпалықты жас балалар көтере білді, шыбықтай жас қабырғалар одан қайыспады да. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ Брест қамалын қорғауда музыка взводының тәрбиеленушісі он төрт жасар Петя Клыпа ержүректілігімен ерекшеленіп, І дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен марапатталды. Көптеген пионерлер партизан отрядтарында барлаушылық қызметін атқарды, кейбіреулері астыртын жұмыстарға қатысып, диверсант та бола білді. Пионер Зина Портнова Витебск облысында «Кек алушылар» отрядында жауға қарсы күресті, осы астыртын ұйымда жүріп ол комсомол қатарына қабылданды. Сатқынның ұстап беруімен қолға түскен Зина жауап алу кезінде үстелден пистолетті алып үлгереді, сөйтіп, тергеуші мен екі қарауылын атып қашуға әрекеттенеді......
Менің отаным – Қазақстан. Жүзі жылы, жүрегі кен, қолы ашық, дастарқаны мол, мінезі өр, намысшыл да еңбек қор елдің болашағы әрқашанда жарқын болатыны айқын. Тәуелсіздік пен жетістік оңай келе қойған жоқ. Бодандықтан тәуелсіздікке қол жеткізу бабалар арманы......
Қазіргі уақытта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралар арқылы көп ой тоқуға болады. Елімізде ең көп етек алып жатқан мәселе, ол - нашақорлық. Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүние жүзілік проблемаға айналды. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Адам оған тәуелділікке......
Тұғырың биік туған елім! Ақ басты бұлттары алыстан қол бұлғап шақыратын қасиетті Атамекенім! Сенің көсіліп жатқан дархан далаңда өзің үшін қасық қанын қиған не бір қасқалар өтті. Қиын-қыстау өткеніңді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбекті өзіне мұрат тұтқан нендей данышпандар ғұмыр кешіпті сенде. Бағзы замандарда, сенің мейірімді анадай нұрлы жүзіңе қылышынан қан тамған қатыгездер де ат ойнатыпты-ау. Одан бері де талай көш жүріп өткен жолдар сенің бетіңе торлай әжім боп ұялапты.......