Әңгіме: Боттар бізді алмастыра ма?

Біздің әлем қарқынды дамуда оған таласымыз жоқ.Деседе адамдардың өзі ойлап тапқан өнертабыстарының мүмкіншілігі қаншалықты жоғары? Дәл қазіргі уақытта тұрмыс -тіршілігімізге еніп кеткен боттар жөнінде және олардың қабілеті жұмысшыларды қаншалықты алмастыра алатындығы жайында сөз қозғасақ. Мысалға Америка...
Әңгімелер
Толық
1 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Аралдың жігіттері


Емтиханға дайындайтын ақылы курста бұдан өзге төрт жігіт оқыған еді. Бұл жігіттердің төртеуінің де жасы - бұдан ересек. Осы жігіттердің ішінде Аралдың жігіті мұны өзіне жақын тартады. Өйткені Аралдың жігіті екі сөзінің бірінде: "Маған Аралы не, Қазалысы не, бәрібір", - деп сөйлейді.

Аралдың жігіті кітап оқиды. Аралдың жігіті домбыра ұстайды. Жалдап тұрып жатқан пәтеріне барғанда, сол домбырасын алып сол кезде кең таралып жатқан "Көздеріңе ғашықпын" деген әнді салып отырады.

Бірде екеуі таныс қыздарды жатақханаларына дейін шығарып салғаны бар. Жатақхана жабылатын мезгіл болған еді. Қыздар бұлармен қоштасып ішке кірді. Жатақхананың аузында сол күнгі кезекшілікте бұларға таныс Қазалының қызы тұр екен. Есікке көлденеңдей үстел қойылған. Үстелдің аржағында Қазалының қызы, бержағында екеуі сол қызбен сөйлесіп тұрып қалды. Осы кезде ішке, сірә, қыздарына келген болу керек, төрт-бес жігіт кірді. Жігіттердің алдында келе жатқан өзін еркінірек, адуындылау ұстайтындығы байқалып тұратын төртпақ денелі, жауырынды келген жігіт әлгі үстелге қос алақанын қойған күйі асыла тұрды да: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Қой өңгерген


Біз ол кезде аудан орталығында тұратынбыз. Әлжуаз науқасшаң шешем екеуміз ғанамыз. Әкем енбек армиясында да, Хасен ағайым майданда.

Күз кезі. Аз күнде оқу басталады. Аман болсам, биыл жетінші оқимын.

Бітпейтін ұзақ соғыс халықтың титығына мықтап жеткен. Ел жесе асқа, кисе киімге жарымай, шықпа жаным шықпа деп, әрең жан бағып отырған қиын кез.

Бір күні біздің үйге осы аудандағы Октябрь колхозының шофері, шешеммен ағайындас Әкімжан дейтін адам келіп қонды. Қасында екі-үш жолдасы, бір жарым тонналық газиктің кузовына басып алған он бес шақты қойлары бар.

Әкімжан Алматыға барады екен. Колхозға оны-мұны бұл арада табылмайтын заттар әкелмек. Қой колхоздың және жеке меншіктің базарға сатуға алып бара жатқан қойлары.

Қазір ел ішінде машина аз. Алматыға әдейілеп барып қайту кімге де болса оңайға түспейді.

Шай үстінде шешем Әкімжанға:

— Сен мына Шәкіржанды ала кетсең қалай болады? Барып, қала көріп келсін. Қойшыларға қосып қойған бірді-екілі қой бар еді. Соның бірін ала барып сатып, үстіне киім алып келсін. Аз күнде оқуы басталады, не сырт киім, не аяқ киімі жөнді емес, — деді.

— Барсын. Тек машинаға ақша төлесе болғаны, — деп Әкімжан күлді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов| Ұлысын ұлықтаған ел жүрегі

Бірер сөз

Көзінің тірісінде- ақ аты алты алашқа аңыз болып тараған Сарыарқаның саңлақ ақыны, тарихшысы, ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары сонау тоқырау жылдарының өзінде әр жылдарда там - тұмдап болсын «Үш ғасыр жырлайды», « Бес ғасыр жырлайды» жарық көрсе, оның елден ерек дара қасиеті, әулиелігін кеңінен толғаған кесек дүние түгіл ауызекі айтылатын аңыз әңгімелердің арқауына айналудан қалып, ұмтылып бара жатқандай еді.

Оған 1952 - жылы Мәшекеңнің бейіті құлатылып, сол кездегі партиялық идеологияның ақынның аруағын қорлап, былайғы жұрттың үрейін ұшыруға негізделген солақай саясаттың салқыны ерекше әсер еткені сөзсіз.

Бір ғажабы идеологтар қаншама тырысып, талаптанса да Мәшекеңді халық санасынан жоя алмады. Оның рухы жылдар өткен сайын асқақтап, аспандай берді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Оққа байланған жауынгер

Мектептегі мұғалімдік жұмысының алғашқы жылы еді. Бірде мектептің тәрбие завучы бұған: "Жүр, екеуміз класта өткелі жатқан кездесуге барып, қатысып қайтайық", — деді.

Тәрбие завучы жасы үлкен кісі еді. Мұның мектептегі оқушы кезінде осы саланы басқаратын. Сондықтан ба келе жатып: "Енді осындай іс-шаралардан қалма, араласып тұр", — деді.

Кездесу соғысқа қатысқан кісілермен болғалы жатыр еді. Осындай сыныптан тыс іс-шараларды тәрбие завучы белгілейтін. Сынып жетекшілерге тапсырмалар береді. Өзі өтіліп жатқан іс-шараларға қатысып отырады.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сая Молдайып | Сұлтанмахмұт сүйген сұлу

«Кеудесі жақсылардың алтын сандық» дейді. Бұл сөз бабалардан қалыпты. Сол рас! Жақында редакцияға Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы ауылдан ардагер ұстаз Шолпан Әбілғазықызы Жақыпова келді. Осы аймақтан өткен тарихи тұлғалардың жұрт біле бермейтін мәліметтер, фотосуреттер жайлы көрген-білгенімен бөлісті. Соның бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров сүйген қыз Мәлике Мұқтарқызы!

Өнер-білімімен асқан, ақын, алуан-алуан тақырыпқа қалам сілтеп, әдебиет пен мәдениетке толағай мұра қалдырып үлгерген Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 жасқа қараған шағында өмірден «құйрықты жұлдыздай ағып» өтті, ол 1920 жылы 21 мамырда қайтыс болды.

Ақынның туып-өскен жері – Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы. Сол ауылда жерленген. Басына белгітас қойылып, тоқсаныншы жылдардың басында кесенесі көтерілді. Бұған ұйытқы болған әйгілі қаламгер Әбіш Кекілбаев болатын. Сол ауылда мұражайы бар. Осыдан 3-4 жыл бұрын барғанымызда мұражай тым жүдеу еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Созылмалы кеселі


(сықақ)



Банкоматқа тұрып

Жатып кезекке

Әдетімен жеңіл мінез жезөкше

Еркектерге қылмың –қылмың еткен-ді.

Уыздай жас әйтсе-дағы етжеңді,

Әлдебіреу бұған назар еткен-ді.

-Сіз бе соңы?

Көзін қысып, күлім етіп,

Еріндері жыбыр етіп:

-Иә,- деген бұл-дағы.

-Жақсы,- деген анау бұған тақалып.

«Өзі сұлу, өзі алып жігіт» екен деп,

Тұрды Жайна ойға кетіп, таңқалып:

«Мұндай жанды бұрын- соңды көрмегем».

Анау болса мұны баяу тергеген. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Біздің директордың ең сұлу орынбасары


Болса екен ұстаздардың бәрі сіздей,
Жүресіз әрқашанда күліп күндей.
Аямайтын ақылын көпшіліктен,
Аяулы жан арамызда мәңгі жүргей!

Шуағын төгіп жайқалған гүл көктемге де қадам бастық. Сұлу да көркем көктем мезгілі жеткенде барша қыз-келіншектер де сұлуланып, ажарлана құлпырып шыға келеді.

Сұлулық дегеніміз не? Иә, біз көбінесе сұлулық деп сыртқы сұлулықты айтамыз. Десек те, тән сұлулығы уақыт өте келе көмескіленетіні жасырын емес. Ал жан сұлулығына келетін болсақ, ол - мәңгілік, оның берері де мол! «Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады деген мақал да тегін айтылмаған ғой.

«Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу–ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой - ұлы, ойландыра алған сұлулық - ұлы»- деп жазушы Ғ. Мүсірепов айтқандай, мен бүгін қаламымды қолыма алып, осындай ұлы қасиетті бойына дарытқан, жан дүниесінде мейірімділіктің, махаббаттың сұлулығы толып жатқан жан туралы сөз қозғамақпын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Аянаның табысы


- Сайынованың шәкірті не болды?

Директордың бөлмесінде отырған Баянбаеваның осында кіргендегі көңілі пәс тартты. Әлгінде ғана қалалық жарыстан озып шыққан шәкірті Аянаның табысы директор ханымды аса қуанта қойған жоқ. Баянбаеваның алабұртқан көңілі осыған сап басылды.

Директор сұрағын тағы да қайталады:

- Сайынованың шәкірті не болды?

- Сайынова... - Баянбаева директор ханымның көңіліне қарап кібіртіктеп қалды. - Сайынованың шәкірті қалалық жарыстан өте алмады.

Сол-ақ екен, директордың қабағы қарс түйіліп кетті.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Артур Конан Дойл | Үш студент


1895 жылы кейбір жағдаяттар, - бұл арада оларға тоқталып жатпаймын, - мистер Шерлок Холмс екеумізді айтулы университет қалашықтарының біріне ат басын бұрғызды; біз онда бірнеше апта болып, тұрпайылау болғанымен тағылымы мол бір оқиғаға ортақтастық. Енді соны баяндап бергелі отырмын. Әлбетте, оқиғаның қай колледжде орын алғанын және қылмыскердің кім екенін оқырманның дәл анықтап білуіне мүмкіндік беретіндей егжей-тегжейлі деректер келтіру орынсыз боп табылады, оның үстіне бүл намысқа тиетін нәрсе. Мұншалықты масқара оқиғаны жылы жауып қоя салғаннан келіп-кетер ештеңе болмас та еді. Алайда тиісті дәрежеде сыпайыгершілік сақтай отырып ол турасында айтып берудің артығы жоқ, өйткені бүл оқиғада досымның таңғаларлық қабілет - мүмкіндігі жаңа қырынан танылған-ды. Айтқалы отырған әңгімемде мұның қай жерде болғанын немесе кім жайында сөз боп жатқанын аңғаруға септік жасайтын жайлардың бәрінен орағытып өтуге тырыспақпын.

Біз кітапханаға таяу маңда орналасқан, жиһазбен жабдықталған бөлмелерде тұрып жатқанбыз. Аталмыш кітапханада Шерлок Холмс ежелгі ағылшын хартияларын зерттеумен шұғылданып жүрген - ізденістерінің қайран қыларлық нәтиже бергені сонша, бұл менің болашақта жазатын бір әңгімемнің тақырыбына айналуға әбден татиды - ақ. Бір жолы кешкісін бізге танысымыз, Әулие Лука колледжінің оқытушысы, мистер Хилтон Сомс келді. Мистер Сомс ұзын бойлы, жұқалтаң адам еді және қашан кездестірсең де ашушаң, ызақор біреу секілді әсер қалдыратын. Ал бүл жолы жүзі тіптен түтігіп кеткен-ді, соған қарап әлденендей бір төтенше жағдайға тап болғанын аңғару қиын емес-ті......
Әңгімелер
Толық
0 0