Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (З әрпі бойынша ат қою)

ЗАҒИЛА - араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.

ЗАҒИПА - араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» - қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.

ЗАҒИРА - (қараңыз: Зағила).

ЗАЙДА - иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙРА - араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙТУНА - бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ы әрпі бойынша ат қою)

ЫРЫСАЛДЫ - ырыстың, бақыттың алды. Қазақ тұңғыш балаға ырыстың бастауы болсын деп осындай есім берген.

ЫРЫСБАЛА - бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.

ЫРЫСТЫ - бақытты, құтты.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

30 күнде әдемі болу жолы

Сіз білмейтін 10 керемет
Бір айдан кейін жарқырап, жайнап көктем де келеді. Әрине, әйел затының көктеммен бірге құлпырып, әлдеқайда әдемілене түскісі келетіні анық. Ендеше, бір айдың ішінде қалай жақсаруға, жасаруға болады? Оның құпиясы төмендегі он кереметте жасырылған.

✅ 1. Ас мәзіріне мән беріңіз
Қызылша – өте пайдалы көкөніс. Ол ағзаны тазалап, асқазан мен бүйректің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ теріге тигізер пайдасы мол. Сондықтан оны күнделікті ас мәзіріне қосыңыз. Қарапайым салат жасаңыз. Бастысы, оны майонезбен емес, зәйтүн майымен араластырғаныңыз жөн.......
Кеңестер
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ө әрпі бойынша ат қою)

ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі.

ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.

ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие.

ӨРБИКЕ - қазақ сөзінен өр ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен, бике , бикеш — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш.

ӨРЗИЯ - асқан сұлу, адемі қыз.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Ас содасының әдемілікке әсері қандай

Ас содасы талай жылдардан бері ас үйі мен үй шаруасында белсенді қолданылады. Алайда екінің бірі оның косметикалық құрал ретінде қасиеті бар екенін біле бермейді. Ол сырт келбетімізге қандай күтім жасай алады?

✅ 1. Пилинг

Әдетте жуынуға қолданатын шель немесе көбікшеңізге бір шымшым соданы қосып, алақаныңызда араластырыңыз. Көпірішітіп, бетке асықпай жағып шығыңыз. Бірнеше минут бетіңізді уқалап, салқындау сумен жуып тастаңыз. Бұл жұмсақ скраб беттегі ұсақ тесіктерді ашып, өлі жасушалардан тазартып, теріні нәзік әрі қалыпты етеді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Әдемі қыз көзіңе жақын


В.А.Сухомлинский былай деген екен «Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшіліктің құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі жаңадан буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншісі ағысы қатты өзен сияқты, енді бірі момын да жуас, ал енді бірі өткір де өжет.

Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа деген өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, яғни ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі. Әркім өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді де, еңбекқор болашақта үлгілі әке мен шеше, яки бақытты ата мен әже ретінде көргісі келеді. Сол себепті әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі болатындай жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен келеді. Міне, ана есіміне кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет.

Қыз баланың ұстанар ережесі: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдептілік – әдемілік белгісі (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Әдептілік – әдемілік белгісі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қазақ тілінің төл дыбыстарын қолданып, салыстыру жұмыстарын жүргізе алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды үндестік заңына сай қолдана отырып, Қожаның іс-әрекетіне баға береді. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ұ әрпі бойынша ат қою)

ҰЛБАЛА - қыздан кейінгілері ер бала болсын деп қойылған есім.

ҰЛЖАН - ұл баласы аз немесе жоқ ата-ана қызына осылай ат беріп отырған. Синонимдері — Ұлбике, Ұлбибі, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, т. б.

ҰЛПА - қазақ— жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалыктық символы.

ҰЛФАТ - араб тілінен — достық, махаббат.

ҰРҚИЯ - араб тілінен алынған рукя — асқан сүйкімді, әдемі, шырайлы.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету «Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Қатені табу және түзету «Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев
Оқу мақсаттары: 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап береді
Көптеген оқушылар: шығарма құрылымын жетілдіреді, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді сұрақтар құрастыруда қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мәтіннің стилін жетілдіру үшін қателереді табады және түзетеді, өзіндік пікірін дәлелдей алады .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Әдемі қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдем-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың......
Өлеңдер
Толық
0 0