Өмірбаян: Мұхамеджан Тазабек Оразбайұлы (1975 жылы 3 шілде)

Мұхамеджан Оразбайұлы Тазабек (1975 жылы 3 шілде, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылы) — айтыскер ақын, Асыл арна телеарнасының негізін салушысы әрі директоры.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1992-1996 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «филолог, орта оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік тәмамдаған. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша 1998 жылы магистр, 2000 жылы аспирант дәрежесін алған. Шетел тілдері мен іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша түлегі (2011). Мұхамеджан Оразбайұлы қазақтың төл өнері айтыс сахнасына 1987-88 жылдары оқушы кезінен шыға бастады. Айтыс өнеріне баулыған ұстазы Айтмұханбет Исақов. Алғаш рет ақындар айтысына түсіп 1990 жылы үшінші орынды жеңіп алған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Ертегі: Бақыт құсы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен.

Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде басынан күн, аяғынан ай туып, қасында екі қозы қошқар соғысып жатыр екен. Қазанқап «екі қошқарды айырайын, әйтпесе сүзісе-сүзісе бастары жарылар да бай маған ұрысар» деген оймен айғайлап тұра жүгіремін дегенде, өз даусынан өзі шошып оянып кетеді. Оянса, түн әлі қараңғы. Қозылар қотанда тып-тыныш жатыр. Ол аң-таң болып біраз отырды да ертеңіне байдың баласы......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Жырдың құндылығын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жырдың кейіпкерлерді салыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жырдағы кейіпкерлерді салыстыра отырып, құндылықтарға баға береді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Өзендердің гидрологиялық режимі №1 (8 сынып, II тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Өзендердің гидрологиялық режимі №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.4 - қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде өзендердің гидрологиялық режимін түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Өзеннің гидрологиялық режимін талдай алу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Құрбақа

Құдық терең еді, сондықтан арқан да ұзын болатын. Су тола шелекті тартқан кезде, шығырық ауыр айналатын. Құдықтың суы керемет мөлдір болғанмен, оның бетінде күн сәулесі шағылыспайтын, ал енді күн сәулесі өлеусіреп болса да жеткен жерлер, тастардың арасы жап-жасыл мүктен көрінбейтін.

Міне, тап сол араға құрбақаның үлкен тобыры қоныстанған. Құдықтағылар оларды ауып келгендер деп есептейді. Дәлірек айтқанда......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру

Кіріспе
Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметі орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жаяу жарыс

Жаяу жарыс — жер шарының көптеген халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқында ерте заманнан кең тараған жарыс түрі. Көне шежірелерде сақ, оғыз, қыпшақ тайпалары сарбаздарының жаяу жарысатындығы жайлы мәліметтер бар. Олардың бірі — 12 ғасырда өмір сүрген тарихшы Низам әл-Мүлік өзінің “Сиасатнаме” атты еңбегінде көне түркілер арасында Жаяу жарыстың кең тарағанын жазады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде (“Ер төстік”, “Күн астындағы Күнекей қыз”, т.б.) Жаяу жарыс жақсы суреттелген. Жаяу жарыс ежелгі мысыр, латын, эллин елдерінде кең тараған, ерте дүниедегі олимпиялық ойындардың бағдарламасына енген.

Наурыз мерекесінде ұлттық ойындардың ішінде әйел-еркек жаяу жарысы қызықты өтеді. Бұл жарыс алдында күні бұрын әр топ адамдары өз араларынан ең жүйрік деген қыз-келіншектері мен жас жігіттерін дайындайды. Сонымен қатар жарыс алдында топ басшыларыпың өзара келісімдерімен арнайы төрешілер тобы кұрылып, солардын, шешімінде озып келген жүйріктерге арнайы кымбат бағалы сыйлықтар белгіленеді. Ойын тәртібі бойынша жүйріктерді ынталандыру үшін әр қашықтық бойынша берілетін сыйлықтарды міндетті түрде алдын-ала хабарлайды. Осы кезде жүйріктер кашықтық, мөлшерін өздері қалайды .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0