Ерке қыз бен мысық бүгін де Ғажайып орманға жол тартты. Жолда Дүкенші ағайдың «Тек пайдалы заттар» сататын дүкенінен балқаймақ пен жеміс шырынын алды. Бұл орманның жай орман емес, Ғажайып орман екенін білетін боларсың, балақай. Ерке қыз ашық алаңқайда өсіп тұрған әдемі гүлдерді көріп, бір-екеуін жұлып алмақшы болып еді, гүлдер сыңғырлап күліп қоя берді:
Ерке қыз-ау, ерке қыз, Біз де сіздей еркеміз.......
Жаңа жылдық ертегі: «Күлте қыздың сауық кешіне баруы» Күлте қыз Ханзада Өгей шешесі Екі сіңілісі Ергежейлілер Фея Жыландар Патша Аяз ата Ақшақар Мысықтар Үш ат Сұлтандар мен сұлтаншалар Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге бақыт, табыс ала келсін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңызда аманшылық болсын! Бүгінгі «Қош келдің, Жаңа жыл»атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға мектеп алды даярлық тобы менен 1 «Д» оқушыларын шақырамыз. Балалар жаңа жылдық киіммен алдында үш ақ ат шана сүйреткен, қоңыраулармен ән әуенімен кіріп билейді. (Балалар беттерінде аттар бетпердесі болады) .....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Сабақтың тақырыбы: Былғары қолғап шебері – Серік Сәпиев Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру. Сабақтың мақсаты: Стильдері әртүрлі мәтіндерді салыстыра талдауға үйрету....
Мемлекетіміз бен Үкіметіміз өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне шексіз қамқорлық жасап келеді. Тәрбие жұмысын жүргізу—қиын да күрделі іс. «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деген қазақтың белгілі ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсариннің ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлін айрықша атап көрсеткен бұл сөзі бүгінде өз мән-маңызын жойған жоқ. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы–егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Бала тәрбиесі—өте.......
Қас талшықтарын нығайтып өсіруге арналған май қосындылары:
кастор, зәйтүн, камфор майларын араластырып, қасқа жағып, 15 минут бойы күтіңіз. Кейін құрғақ мақтамен майды сүртіп алыңыз.
Қастың өсуі үшін:
вазелин майы, балауыз және кастор майының 5 тамшысын араластырып қасқа жағу керек. Осы майды аптасына 2 рет жағыңыз.Шабдалы дәнінен алынған май қасты қатайтып өсіре алады. Ол үшін майды жылытып, 15 минутқа жағып қойған дұрыс.
Осылай үнемі күтім жасасаңыз қасыңыздың қалыңдап, әдемілене бастағанына көз жеткізесіз.......
Қазіргі таңда тырнақ күтімі маңызды рөл атқарып келеді. Қыздардың көпшілігі сұлулық салонына барып, қаражат пен уақытын сарп етуде. Сол себепті үй жағдайында қалай күтім жасау керектігі туралы бірнеше кеңес бергім келеді.
1 Қолыңызды жібіту үшін түймедағы тұнбасы қосылған немесе ас содасы бар жылы суға 15-20 мин қолыңызды салыңыз.
2 Егер тырнағыңыз желініп кетсе, онда тырнағыңызды жылы тұздық суда 10-15 мин ұстаңыз немесе йод жағыңыз.
3 Аптасына 1-2 рет өсімдік немесе зәйтүн майын жағып, маска жасаңыз.
4 Егеуіштің пластиктен және жұмсақ болғаны абзал.......
Кез келген экономикалық шешімнің негізінде қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа жобаға (біздің ШЫҒЫНЫМЫЗ) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өз шығынымыздан тысқары алатынымыз (біздің ПАЙДАМЫЗ) қандай ара қатынаста болуы керек? Кез келген өндірістік единица (фирма) өз қызметінен мүмкіндігінше мол пайда көргісі келеді. Пайда мөлшері екі фактормен анықталады: • Сұраным мен ұсыным нәтижесінде жинақталынатын тауарлардың немесе қызметтердің бағаларымен, бұл фактор көбіне-көп экономикалық коньюктуралық сыртқы жағдайға тәуелді; • Фирманың өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануына байланысты болатн өндіріс шығындарымен. Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады. 1. Айқын шығындар- ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдары жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар. Мысалы: 1.1. Жұмысшыларға еңбекақысы; 1.2. сатып алынатын немесе жалға алынған: станок, машина, құрал, ғимарат, құрылыс шығындары мен төлемдері; 1.3. көлік щығындарына төлеу; 1.4. коммуналдық төлемдер; 1.5. банктердің, сақтындыру компаниялардың қызметтеріне төлеу; 1.6. материалдық ресурстарды (шикізат, жартылай дайын өнімдер, жабдықтағыш бөлшектер) төлеу. 2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шыңындар)-ол ресурстарды пайдалнудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкіңмге ештеңе төлемейтін шығындары. 2.1. өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемді. Айырылып қалған мүмкіндіктер шығындарының мөлшері- ол ресурстарды пайдалнудың барша баламалы тәсілдердінің ең қолайлысынан түсетін аұшалай түсім. Мысалы, ЖОО оқытушысы өзінің жұмысын тастап, «қапшықтап сату бизнесіне» өтті делік, ондай жағдайда ол өз бизнесінің шығынына өзінің жоғалтақн оқытушылық жалақысын да қосуы керек. Тағы бір мысал келтіруге болады. Кәсіпорын ешкімге ештеңе төлеместен (сөйтіп экономика жағынан өзінің меншік иесі құқығын жүзеге асыра отырып) өзіне қарасты ғимаратты пайдалнады делік, бұл ретте ол бұл ғимаратты біреуге жалға беріп, одан алытнатын ақшалай төлем мүмкіндігінен бас тартады. Бұл шығындар айқын төлем да ол алынбай қала береді. ....