Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дегендей, жарықтық Жәкемнің, Жамбыл ақынның арқасында былтыр біраз жердің дәмін таттық.
Сәті түсіп, мен Санкт-Петербург бағытына баратын топқа қосылдым.
Жамбыл ақынның жүз елу жылдығын Санкт-Петербург аса ' бір құрметпен атап өтті. «Ленинградтық өрендерім» деген үн Балтық жағалауын тағы бір жаңғырықтырып жіберді.
Жалғыз Санкт-Петербург емес, оның жан - жағын да араладық. Бір жағы — Выборг, бір жағы — Волхов.
Волхов дегенде есіме екі адам сарт етіп түсе кетті. Біреуі — өзіміздің Жуалының Мыңбұлағындағы Шолақ Сияқұл, екіншісі — исі қазақтың бәрі білетін Сырбай ақын.
Оқтай түзу асфальт жол. Қос қапталда — ойдым-ойдым орман. Солтүстіктің нар қарағайлары мен ақ қайындары сыңсып тұр.
Алматы облысы, Іле ауданы, «№12 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткен «Математика, физика және информатика» пәндер апталығының анықтамасы
21 қараша мен 26 қараша аралығында мектепте 5-11 сыныптар арасында "Математика, физика және информатика" пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. Ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, кештер өз деңгейінде өтті. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні «МИФ әлеміне саяхат» деген тақырыпта апталықтың ашылуы өткізілді. Пән болып киінген оқушылар шығып тақпақтар оқыды, математикалық ертегіден көрініс көрсетті. Кеш өте қызықты өтті. .....
Қазақ халқы -ежелден еркіндік аңсаған халық. Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз еркіндік пен азаттық жолында талай асудан асты. Түркі халқының ата-бабалары, яғни сақтар, ғұндар өз жері мен елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін сыртқы жаумен күрескен Томирис, Зарина сынды сақ патшалары өздері мекендеген жерді көздің қарашығындай сақтап, ата-бабаларынан қалған ұлан-ғайыр жерді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Сондықтан да біздің арғы түп ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді қорғау біздің басты міндетіміз болуы тиіс.......
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Абайды оқы, таңырқа! Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз» Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе Сабақтың мақсаттары: Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу; Сабақ мақсаты: Драманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманизм тұрғысынан талдай отырып әдеби эссе жазады.....
Қалыңдар жұқа жанымды құтырып, тепті, Бәрін де көріп, білесің жанарың қалса. Троллейбустар талайды түкіріп кетті, Ішінде соның болмадың, амалым қанша...
Соңғы рет күлген көктемнің көздерін аңсап, Соңынан қайтқан құстардың....
«Барады көшіп ауылың Келме көлге, Келме көл алыс дейді көрмегенге...» Ол дағы тоқтап жатқан көлмек шығар, Ойыма Жем түседі шөлдегенде. Кептіріп аңызағы кенезені, Тентек жел тепкілейтін терезені. Құмығып құмға.......
Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы. Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.
«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. .....