Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы ерекше маңызды сала болғандықтан аграрлық салаға байланысты мәселе мемлекет саясатының стратегиялық маңызы бар бағыты болып табылады. Мемлекеттің аграрлық саясаты біріншіден республиканың байырғы тұрғындары – қазақ халқының тағдырына, өсіп - өркендеу және әлемдік өркениетке қосылу мәселелеріне қатысты шешуші роль атқарады. Мемлекет жергілікті халықтың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін, оның дәстүрлі, қалыптасқан ата кәсібі – мал және егін шаруашылықтарын, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға экономиканың басқа салаларына қарағанда артықшылық беруі қажет. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық-әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршамызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын [1]. Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.....
Аңдар патшасы арыстан қартайып, науқасқа шалдығады да үңгірінен шыға алмай жатады. Патшасының көңілін сұраған барша аң келіп-кетіп, кіріп-шығып жүреді. Түлкі ғана мезгілінде келе алмапты, Мұны естіген соң, қасқыр бір қулығын асырып, өзін алдап жүрген түлкіден кек алғысы келіп, науқас арыстанға оны жамандай бастапты: — Түлкі сені патшам деп құрметтемейді екен. Патшасының көңілін сұрамағаны оңбағандық! – деп, арыстанның ызасын қоздырып, ашуына май құйыпты.......
Ұстаз деген кім ол десең, Ұстаз жайлы тым аз білсең, Мен берейін бұған жауап, Сөзіме егер, құлақ түрсең! Ұстаз – дана, ұстаз дара Ұстаз деген бір тұлға. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сен сыйла! Ұстаз деген екінші анаң ізетті, Аямайық ұстаздарға құрметті!!!...
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік....
Кіріспе. Ежелден - ақ адамдар көзге көрінетін алдамшы дүниелерге қызығып қана қойған жоқ, оларды саналы түрде өз тәжірибелерінде пайдалануға ұмтылып отырды. Кеңістіктің тереңдігі сезілу үшін жазықтықтағы зор денелерді бейнелеуге тырысты. Мыңдаған жылдар бойы көру елестерін белгілі бір кеңістік ұғымын жасау үшін сәулет өнерінде мақсатты түрде пайдаланылып келеді. Мысалы: залдардың биіктігі мен аумағын ұлғайтудың мүмкіндігін көрсету үшін. Көру елестерін бейнелеу және цирк өнерінде тиімді пайдалануда. Сондай - ақ көру елестері кинематография мен телевидениенің негізі болса, баспа ісі мен әскери істе де қолданылады. Қазіргі адам өмірінде көру нақтылығы үлкен орын алып отыр, әрі ақиқатпен де үндеседі. Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың дамығандығына қарамастан адам барлық бағытта да өзінің субъективті бағалауын жалғастыра түсуде......
Бүтін дәнді және бидай наны денсаулық үшін аса маңызды. Ол диабеттің өршу қаупінің алдын алады.
Шығыс Финляндия Университеті мамандары зерттеу жүргізіп, жасұныққа бай бүтін дәнді нанды жиі тұтыну қандағы қант деңгейін төмендетуге және екінші дәрежелі диабеттің өршу қаупінің алдын алатынын дәлелдеген.
Қара және бидай наны да инсулинге төтеп беру реакциясын жақсартады, ал ақ нанның қанты жоғары адамдарға да, дені сау адамдарға да аса пайдасы жоқ екені дәлелденген. ......