І. Кіріспе Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі– Абай болса, ХХ ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар әуезовтің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы — бүкіл совет әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Орыс совет жазушысы К. Федин «Ұлт туралы толық, та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырады, мен енді ғана хош иісті са¬мал өскен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ, болып кеткен тәріздімін...»— деп жазды. Француз жазушысы Л. Арагонның,: «Эпикалық, «Абай» романы... XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі»— деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ, лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман қазақ, совет әдебиетінің зор жетістігі болғанын айғақтайды. Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды.....
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: №2-сабақ Cөз таптары Оқу мақсаты:3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады; -мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды; -сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады; Оқушылардың көбі: -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; -мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды; -сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады; Оқушылардың кейбірі: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді; -зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды; -сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география Сабақтың тақырыбы: Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды Сабақтың мақсаты: Шаруашылық салаларының орналастыру факторларын талдайды....
Дон-Кихотты кім десең де өз еркің... Ал меніңше керек лайық сөздер тың, He десең де, Дон-Кихоттар қолында Дүниеге көзқарасты өзгерту! Дон-Кихоттар бұлталақсыз бұрыннан Мәселені қойған шұғыл, қырынан. Қиналысқа түссе......
[quote]Жамбылды өлді деуге ауыз бармас, Сұм ажал көрнеу келіп, бауыздамас. Туған соң топыраққа қайтады әркім, Қара жер қайсымызбен ауызданбас. Адамға аз жас емес жүз жыл деген, Қуармыз басқан ізді білдірмеген. Өлмесе ата-баба қайда кетті, Мәңгіге ешкім тегі бір жүрмеген. Жүз жасқа Жамбыл ата келіп кетті, Жеңісін Ұлы Отанның көріп кетті.......[quote]
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. .....
Жер сілкінісі (грек сөзінен шыққан «сейсмос»: жер сілкінісі) жер қабатындағы толқулар мен ауытқулар, жер асты дүмпулері мен соққылары, жер қабаты жылжуынан туындаған немесе адамдардың әрекеті салдарынан пайда болған үлкен қашықтықта болатын құбылыс. Күшті және қиратушы жер сілкіністері ең ауыр болып табылады, онда аймақта тұтастай ел және өңір қалуы мүмкін. Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар, құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда.
Жер сілкінісінің себебі соңына дейін анықталмаған. 18 ғасырда ғалымдар мынадай қорытынды жасады, жер қабатында жас учаскелер сілкінеді, осының салдарынан тау жыныстарының бөліну бойынша ығысулар болады. Бөліну үлкен болса, соғұрлым жерасты дүмпуінің күші қаттырақ болады. Кейбір аудандарда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Бұл аудандар сейсмикалық белсенді деп аталады. .....