Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш. Сабақтың тақырыбы:Уақыт алтыннан қымбат №2 Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т1. Болжау 7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы Тыңдаған үзіндінің жалпы мазмұнын түсіне алады; Оқиғаның логикалық дамуын кейде дұрыс болжай алады. Оқушылардың көпшілігі Тыңдаған үзіндінің негізгі мазмұнын түсіне алады; Оқиғаның логикалық дамуын жартысын дұрыс болжай алады. Оқушылардың кейбірі Тыңдаған үзіндінің толық мазмұнын түсіне алады; Оқиғаның логикалық дамуын көбіне дұрыс болжай алады......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы Сабақтың тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы №2 Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О2. Ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар Мәтіннің мазмұнын түсінеді Көптеген оқушылар Мәтіннің форматын ажыратады Кейбір оқушылар Тілдік ерекшелігіне талдау жасай алады.....
Бір жесір әйелдің туған қызы және өгей қызы болыпты. Өгей қызы көрер көзге көрікті, биязы екен де, өз қызының сырт пішіні ұсқынсыз, оның үстіне кержалқау болса керек. Жесір әйел туған қызын жанындай жақсы көріп, тамақтың тәтті-дәмдісін соның аузына тосып, сөкет қылықтарын да елемейді екен, ал өгей қызына күндіз-түні жұмыс істетіп, жарытып тамақ та бермепті.......
Вирусты гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Негізінен бауыр зақымданып, зат алмасуы бұзылып, денесінің сарғаюымен қатар басқа да клиникалық көріністері ұқсас вирусты аурулар.
Сүлеймен патшаның нақсүйері томсарып отыр екен. — Сен, бүгін неге кейіп отырсың? – деп сұрапты одан әрі. — Мен кейімей қайтейін, осында жұрт патшаның нақсүйерін көреміз деп келген екен. Ойым – жұрттың ойынан артық, өзім сендей жер-дүниені билейтін патшаның зайыбымын. Ал дәрежем өзге жұрттан артық болмады, – деді. Сонда Сүлеймен патша:
— Ендеше сенің дәрежең қайтсе артық болады? – депті.
— Түзге отыратын жерім алтыннан болса, үйімнің іші-сырты шаңқан болса, сонда менің дәрежем де асар еді, – депті әйелі.......
І. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы. 1.1. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» 27.01.97 жылғы № 67 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі құрылымына байланысты ұғымдар кіреді. ....
КІРІСПЕ Адам ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан ұйым қызметкерлері жұмысының нәтижесін дұрыс бағалай білген жөн. Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та «мамандарды (қызметкерлерді) басқару» пәні 200-ге жуық жоғарғы оқу орнында оқылады. Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді. Өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгеше болып келеді және ол ұйымды басқаруда негіз бола алады. Сондықтан, ұйым қызметкерлерінің жұмыс нәтижесін бағалауға ерекше көңіл бөліп, бағалау әдістерін жан-жақты білу керек. Себебі, бұл мәселе тек біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл жер шарында маңызды мәселе болып табылады. Бұл тақырып қазіргі Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары қалыптасу жағдайында өте маңызды, көкейкесті және қызықты тақырып болып табылады. Себебі еңбек нәтижелелігін бағалау тікелей олардың жалақысымен байланысты, ал жалақыға байланысты барлық мәселелер соңғы жылдары қоғамда шиеленіскен реакция тудырады.....