Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты. Кішісінің аты Бекболат екен. Бір күні ол кедей «тілімді алмайсың» деп Бекболатты үйден қуып жібереді. Бекболат қаңғырып келе жатып, көлдің жиегіндегі жалғыз үйге сәлем беріп, кіріп келсе, бір шал мен кемпір отыр екен. Олар жөн сұраса, Бекболат:
— Әке-шешем жоқ, қаңғырып жүрген жетім баламын, баласы жоққа бала болар едім, – дейді.......
7. Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы - 246° С. Тығыздығы 1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын ауаға қатысты – 1, 19.
Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.
8. Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.
9. Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 – 2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады. Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.
10. 200-260 мг/м3 қосылымдарда көзді ашытады, көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі, шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.
11. 750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.
12. 1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.
13. Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің шекті рұқсат қосылымы (бұдан әрі - ШРҚ) – 10 мг/ м3, көміртегімен қоспасында – 3 мг/м3.
14. Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің ШРҚ – 0, 008 мг/м3. Тұтану шегі 4,3-тен 45,5 % дейін (көлемдік). .....
Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты Асан, ортаншысының аты Үсен, ал ең кенже баласының аты Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақкөңіл бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен, Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса, маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», – дейді.......
Ертеде Сүлеймен пайғамбардың заманында бір Сүлеймен деген жарлы кісі отын арқалап сатады екен. Бір күні отыны өтпей балалары аш қалыпты. Сол күні түнде Сүлеймен пайғамбар әскерлерімен әлгі жарлы үйінің қасына келіп қоныпты. Таң атқасын жарлы Сүлеймен пайғамбарды көріп арызын айтқалы жүгіріп келеді. Есік алдындағы кісілер оны тінтіп көрді де жіберді...
Мектеп басшысы Ақмарал Асқарқызының аяқ астынан кітабы жоғалып кетті. Сірә, мектеп басшылары үшін аса қажетті дүниесін қойған жерінен таба алмай қалса керек. Дереу жан-жағында тұрған мұғалімдерінен сұрай бастады.
- Кітап көрдіңдер ме? Кітап алдыңдар ма?
Қатаң мінезді мектеп басшысының мына сұрағынан жас мұғалима қыздар үрпиісіп қалды.
- Жоқ, Ақмарал Асқарқызы! Көрмедік. Білмедік.
- Қайда кете қойды ол кітап?! Әлгі әзірде ғана тұрған сияқты еді.
Осы кезде мектепке қарай Әлке ағай келе жатты. Әлкенің өзі де мектеп табалдырығын енді ғана аттаған мұғалім емес қой. Бұл мектепке келгеніне де бес-алты жылдың жүзі болған. Кіммен қалай сөйлесу керек, кімнің жел жағына шығып кетпеу керек екенін Әлке жақсы біледі. Әсіресе, қатаң мінезді Ақмарал Асқарқызының жел жағына шыға көрмеңіз. Ақмарал Асқарқызы дегеніңіз - тек ұжымда ғана емес, өзінен жоғары тұрған басшылардың алдында да беделді мектеп жетекшісі. Әлке оның үстіне осы жылдардың арасында отбасын құрып үлгерген, бір тиынды қалай екі тиын етуді де ойлап жүрген жігіт. .....
Кіріспе Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор. Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз. Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.....
1.Маса қышықыл иске жоламайтындықтан, жаңа лимонды сығып, шырынын маса көп кіретін жерлерге
Тамызып қойсаңыз, немесе жұқалап кесіп алған соң шырынын терезе ернеулеріне жағып қойыңыз. 2.Сарымсақты ұсақтап тұрап алып, бөлмелердің терезесіне шашып қойсаңыз. 3.Витамиын B мен витамиын C ды ылайықты мөлшердегі сумен Ертіп, денеңізге жағып алыңыз. 4.Маса шағып алған жеріңізге азырақ тұз суын немесе тыс пастасын жағып қойсаңыз қышыған......
Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайын қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның жылдық бағдарламасын жасап шығарудағы негізгі шығындарын есептеу арқылы оның өзіндік құнын анықтау, салалық пайдалылығын қолданып, детальдің бағасын есептеп шығару. Жұмыста базалық технология мен жобалау технологиясын салыстырып, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынды, цехты, учаскені ұйымдастырғын кезде немесе өндіріп отырған өнімнің – детальдің тораптың, бұйымның өзіндік құнын есептеудегі негізгі шығындарға мыналар жатады: Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады. Осы мәліметтер бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап шығу керек: біріншіден- өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар, станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек. Екіншіден – жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың көлемдерін есептеу кетек. ....