Географиядан сабақ жоспары: Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары
Оқу мақсаттары: 9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады.
Сабақтың мақсаты: Ұйымдарды деңгейі мен мақсаты бойынша топтастыра отырып ҚР үшін маңыздылығын түсіндіреді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жүрек автоматиясының механизмі (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика
Сабақ тақырыбы: Жүрек автоматиясының механизмі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсінеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ)

Алаңдайды , ауырлайды тұл бойым ,
Сағынышпен күткендеймін жыл тойын .
Шаршамастан жыр бұлағын іздейін
Нұрға бөлеп туған жердің қыр – ойын .

Таң алдында гүлді орап сәулеге ,
Бұлбұл үнін сайратамын кеудеге .
Алауратып алыс.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Ертегі: Ермек

Ертеде бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек деген екен.

Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз сиыры болыпты. Ермек шешесін калдырып өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде бір қалаға келіп жетеді. Сонда жүріп әлдеқалай базарға шыға қалса, бір шал бір сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда»,– депті. Ермек келе жатып:

— Бұл сандыққа не сұрайсың? – депті. Шал:

— Сандығыма мың ділда сұраймын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Аюбала

Ертеде бір асқан бай болыпты. Оның бір бәйбіше әйелі болыпты. Әлгі бәйбішеден бес ұл туыпты. Бес ұлы ер жетіп, бай қартайып қайтыс болыпты. Бәйбіше әйелі отыз екі жасында жесір қалыпты. Сонан бір жылдары ел жайлаудан етекке түскен кезде, жайланып жылдағы бір отыратын тау етегіндегі қонысында отырады.

Сөйтіп отырғанда, бір күні іңірде далаға шықса, бір нәрсе көтеріп алып қашып кетеді. Бәйбіше қорыққандығынан даусы да шықпайды. Сөйтсе аю екен дейді. Сол апарғанынан аю үңгіріне апарады. Бәйбіше үңгірде қамалып жатады. Жейтін тамағы алма, шикі ет, түрлі жемістер болады. Аю күндіз кетіп, түнде келіп түнеп тұрады. Түрлі жеміс, етті әкеп тұрады екен. Сонан бәйбіше үйреніп, аюмен бірге күнелткізіп тұра береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Батыс Тянь-Шань таулары

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан жерінде Батыс Тянь-Шань Қырғыз Алатауынан басталады. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік Шыңы — Батыс Алемендин (4875м). Батыс Тянь-Шаньга ендік бойымен орналаскдн Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді.
Батыс Тянь-Шаньның геологиялық құрылымы протерозой тақтастарынан және қү_мтастардан, сондай-ак карбонның әктас, құмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралган. Сонымен бірге палезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптаскан интрузиялық және жанартаульщ, сондай-ақ платформальщ мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Батыс Тянь-Шань тау жоталары тауаралық ойыстармен және өзен аңгарларымен тілімденген. Соңғылардың қатарына төмендегі өзендер жатады: Сырдария өзенінің оң салалары (Жабағылы, Ақсу, Машат, Келес, Боралдай, Болдырбек, Арыс) Талас, Хантагы және тағы басқа өзендер.
Өзендердің морфологиялык; құрылысы әртүрлі. Оның негізгі сипаты аңғарларымен көрінеді.
«Өзен аңғары дегеніміз» - С.А.Қүсайыновтың айтуы бойынша жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойпаң түрінде көрініс беретін рельеф пішіні. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ерлі зайыптылардың миына 10 минуттық саяхат

Ерлі-зайыптылар жұмыстан қайтқанда екеуі екі түрлі ойланып келеді. Ер адам шаршап келе жатқандықтан, миы жай істеп тұрады да, 10 минутта бірнеше нәрсені ғана ойлай алады. Әйел адам да шаршап келе жатады. Бірақ, оның миы белсенді жұмыс жасайды. Сенбесеңіздер, әйелі мен күйеуінің миына 10 минутқа саяхаттап қайтайық.

Ер адам:

- Әйелім дәмді тағам әзірлеп қойса екен. Қарнымның ашқаны-ай...

- Дүкеннен не аламын?

- Жақсылап ұйқыны қандыру керек болды. Қатты шаршадым... ......
Кеңестер
Толық
0 0

Банан қабығының тоғыз қасиеті

✅ 1. Күмісті тазалайды
Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз. Одан кейін күмісті банан қабығының қалдықтарынан тазартып, жылтырату үшін жұмсақ матамен жақсылап сүртеміз.

✅ 2. Аяқ киімге арналған жақпа май
Банан қабығының құрамындағы майлар мен балауыз оны аяқ киімді тазалап, жылтырату үшін қолдануға мүмкіндік береді. Аяқ киімді қабықтың ішкі жағымен сүртіп, үстінен құрғақ матамен сүртесіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Биологиялық ұлпаларға жалпы сипаттама

Акустика — өте ерте заманнан белгілі. Ол алғаш адам құлағы ести алатын дыбыс туралы ілім ретінде дамыды. Ертеде Пифагор (б.з.б. 6 ғ. естілетін дыбыс тонының биіктігі мен перненің не кернейдің (трубаның) арасындағы байланысты тапты. Аристотель (б.з.б. 4 ғ.) дыбыс шығаратын дененің ауаны қысатындығын, оны сирететіндігін, ал жаңғырық дыбыстың кедергіден кері қарай шағылу құбылысы екендігін түсіндіріп берді. Леонардо да Винчи (15-16 ғ.) дыбыстың шағылуын зерттеді, дыбыс толқындарының таралуы дыбыс көздеріне тәуелсіз болатындығын (тәуелсіздік принципі) тұжырымдады. 17 ғ-дың аяғы мен 18 ғ-дың басында Г. Галилей дыбыс шығаратын денеде тербеліс пайда болатындығын және дыбыстың биіктігі оның жиілігіне, ал қарқыны дыбыс амплитудасына тәуелді екендігін тапты. Ауадағы дыбыс жылдамдыдығын алғаш рет франсуз физигі М. Мерсенн анықтаған. 17 ғ.-дың аяғынан 20 ғ-дың басына дейін Акустика механиканың бір бөлімі ретінде дамыды. Механикалық тербелістердің жалпы теориясы, дыбыс толқындарының (сер-пімді) белгілі бір ортада таралу және пайда болу заңдылықтары, дыбыстың негізгі сипаттамаларын (дыбыс қысымы, импульсі, энергиясы, дыбыстың таралу жылдамдығы, т.б.) өлшеу әдістері Ньютон механикасына, Гуктің серпімділік теориясының негізгі заңына, Гюйгенстің толқындық қозғағалыс приципіне негізделіп жасалды. Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны кеңейіп, Акустика инфрадыбыс (16 Гц-ке дейін) пен ультрадыбыс (20 кГц-тен жоғары) аймақтарын қамтыды. Ағылшын ғалымы Т. Юнг пен франсуз ғалымы О. Френель толқын интерференциясы мен диф-ракциясы теориясын, аустриялық ғалым X. Доплер дыбыс көзінің бақылаушымен салыстырғандағы қозғалуы кезіндегі толқын жиілігінің өзгеру заңын тұжырымдады. Күрделі тербеліс процесін қарапайым құраушыларға жіктеу әдісінің (Фурье әдісі) жасалуы дыбыс анализін және гармониялық құраушылардан күрделі дыбыс синтезін алудың негізі болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0