Ертеде бір тебен ине өмір сүріпті, ол өзін жіп-жіңішке қылдырықтаймын деп есептеп, шебер тігіншілер ғана пайдаланатын тігін ине санайды екен.
Әй, байқаңдар, мені мықтап ұстаңдар! – деді ол бірде өзін қораптан суырып алып жатқан саусақтарға. – Мені жерге түсіріп ала көрмеңдер! Еденге түссем, жаман айтпай жақсы жоқ, жоғалып қалармын: өйткені мен қылдырықтай ғанамын ғой!
- Ой, пәлі-ай! – деп саусақтар оны мықынынан қапсыра қысты.......
Ыбырай қызын ұзатайын деп жатыр деген соң тойына бардық. Айымкүл өзі теңдес қыздардың ішіндегі көрікті, ақылды, салмақтысы еді. Елдегі боз балалардың ішінде Айымкүлге көңілі кеткендер көп болған. Бірақ Ыбырай бір ұрт кісі: "Қызымды орынды жерге беремін" деп талайдың атының басын қайырып, ақырында Бурабай деген байдың қатыны өлген баласына берген.
Айымкүл бұған риза емес, бай баласы Рақымды "жасы 40-тан асып кетті, кәрі" дейді, "өзімнің сүйгеніме тиемін" деп айтады деген лақап соңғы кезде ел арасына шашылып жүрген. Сондықтан бұл тойға баруға кім болса да құмартып еді. Бұрын-соңды күйеуге берілген қазақ қыздары әке-шешесінің дегенінен шығып кете алмайтын болса да, Айымкүлде өзгеше бір күш бар, Айымкүл көнбейтін секілденуші еді...
Жалтыр көлдің басы қоралай қонған қалың ауыл. Бір-екі күннен бері Ыбырайдың тойы болып, елдің боз баласы, қатын-қалашы сол үйдің маңайында топтанумен жүр... Той тартыс өткен. Бүгін мерекенің ақырғы күні. Енді бірер сағатта Айымкүл Рақым мырзаның некелі қатыны болмақшы. Бірақ жұрт аузында бір суық сөз бар. "Айымкүл бармаймын деп жылап жатыр екен... әке-шешесі ұрсыпты. Ағасы ұрарманға келіпті..." дегенді айтып, жұрттың көбі жағасын ұстап жүр.
Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай» біздің ісіміз бітпейтін нағыз қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы!
Мен сағал осы хатты немістің блиндажында жазып отырмын. Жанымда бірнеше казак жігіті бар. Осыдан 40 минут бұрын бұл блиндажда немістер отырды. Біз оларды қамауға алып, үстінен басып қалдық. Тек аз тама солдаттары қашып құтылды.
Сен біз «дәу қара» деп атайтын Қарағандының забойшигі Бейсенәліні білесің ғой! Ол қазір бізбен бірге. Өзі де дәу қара десең, дәу қара - ау! Бүгінгі ұрыста жұртты тым - ақ сүйсіндірген сол болды. Оның қимылы да қызық. Сонша Ірі денесімен керіліп тұрып немісті найзаға түйреп алып, басынан асыра кейін лақтырады. Жау онымен қарсыласуға беттемей жалт береді. Жана оны командир шақырып алып, арқасынан қағып, алғыс айтты. Жауынгерлер оған Шығыс ұлы деп ат қойып алды. Менің есіме сен түстің сонда. Сондықтан саған хат жазуды дұрыс деп таптым.
Шығыс ұлы! Сонау туған.өлкең Арқаны есіңе түсірді. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.
Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр. .....
Зерттеудің көкейкестілігі: Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды. Елбасы: "XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады"-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Білім алудың негіздемелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" заңына, "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жылдағы жолдаулары, 2008 жылдың 6 ақпанындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" жолдауы және т.б. мемлекеттік құжаттарға сай жасалған. Қазақ елінің 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.....
Маңғыстау - республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, мұнайдың өлкесі, көл - көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы - кенге, қыры – мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі - кешті көптеген еңбектер жарық көрген. Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы. X - XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порттары мен қалаларын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткен. Бірқатар еңбектерде Маңғыстау – көне кезден Еуропа – Орта Азия, Орта Азия – Кавказ қақпасы көптеген елдерді байланыстырған, осындай маңызды жолдың бойында болуы Маңғыстаудың мәдени экономикалық саяси өміріне елеулі әсер еткен оның дәуіріне сай үлкен цивилизация орталықтарының дәрежесіне жетуіне әкелген. .....
Көрсеткіштік теңдеу және оның қолданылуы Мақсаты: Көрсеткіштік теңдеулерді шешуді тиімді жолдарын қарастыру және ғылымның басқа салаларында қолданылуын зерттеу. Өзектілігі: Көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін басқа пән есептерінде қолданылуын және өмірде кездесетін құбылыстармен байланыстыру. Есептеу тәсілдерін жетілдіру XVII ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі болып табылды. Сол кездердегі сауда жасау географиясын одан әрі кеңейту үшін Англия, Франция, Голландия сияқты мемлекеттерге қарапайым есептеулер жүргізетін инженерлер мен «арифметиктерге» деген үлкен сұраныс болды. Көрсеткіштік функция мен логарифмді ойлап табу – есептеу техникасының үлкен жетістігі болып саналды. Көрсеткіштік функция ұғымы XVII ғасырдың соңында пайда болды. Осы көрсеткіштік функция бағытында үлкен жетістіктерге қол жеткізген және осы ұғымды алғаш енгізген шотландық ғалым Джон Непер......
Бұл жұмыста еліміздегі мұнай өндірісімен тікелей байланысты газ өнімдерінің өндірілуі, ішкі нарықла тұтынылу деңгейі, экспортқа шығарылатын көлемі және тасымалдаушы магистралды құбырлардың технико-экономикалық жағдайлары толық көрсетіледі. Жұмыстың әр бөлімінде газ саласын курстық жұмыс тәртібі бойынша талдаймыз. 1-ші бөлімде газ саласының республикадағы жалпы жағдайы айтылады. 2-ші бөлімде Қазақстан Республикасының газ өнімдерін жалпы пайдалану және экспортқа, импортқа шығарылу көлемі көрсетіледі. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғанымыздай өте үлкен көлемді газ ресурстары магисрралды құбырлармен таратылады. Осы бөлімде магистралды құбырлардың ең бастылары және қосымшалары көрсетіледі. Сонымен қатар газ тасымалдаушы құбырлардың пайдалануға берілген жылдары және қазіргі проблемалары толық қамтылады. 3-щі бөлімде жұмыс бағдарламасы бойынша модель табылып болашақ үш кезеңге болжам жасалады. Жұмыстың басты мақсаты: Республикадағы газ өндірісінің көлемі мұнай өндірісінің көлеміне тікелей байланысты болғандықтан модель арқылы байланыстың деңгейін анықтау. Жұмыстың басты міндеттері: 1. Газ өндірісімен мұнай өндірісі арасындағы байланысты анықтау. 2. Анықталған байланысқа қатысты модельдерді құру. 3. Анықталған бойынша болашақ кезеңдегі өндіріс көлеміне болжам жасау. Модель бойынша еліміздегі мұнай өндірісі болашақтағы үш кезеңде өсетіндігін көрсетеді яғни осыған сәйкес газ өндірісінің өсетіндігін дәлелдейді. Жұмыста қорытынды және жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер келтіріледі. ....
Мақсаты: Балаларды қазақтың салт - дәстүрімен, қазақ киімдерімен таныстыру. Жүру барысы: Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Бәріңізге жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жылы болсын! Анель: Қыс өтіп, қар кетіп, Шырайлы жаз жетіп. Шаруаның кенелген, Мейрамы ежелден. Құтты болсын Наурыз! Бекарыс: Наурыз тойы салтанат, Наурыз тойы мархабат. Әр жүректен ән тарап, .....
Мақсаты: Балаларға Астананың көрікті жерлерін атау, өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, бақылау, салыстыру, сұрақ - жауап Көрнекіліктер: Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші Жаңа сөздер: Елорда, Есіл, парламент
Ұйымдастыру кезеңі. Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. - Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ. - Ал қанекей балалар Астана қаласына барғандарын бар ма? Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. /Астана қаласына барып қайтқан балаларға сұрақ қою/ Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық. .....