Реферат: Тарих | Қыпшақ хандығы саяси тарихы Кәсібі мен шаруашылығы

XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, қүман, ертедегі башқүрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Автополиплоидия

Автополиплоидия (грек, autos — өзім, өздігінен; polys — көп; eidos — түр) — жасушалар ядроларындағы хромосомалар жиынтығы санының бірнеше рет көбеюі нәтижесінде пайда болған түқым қуалайтын өзгергіштік. Автополиплоидия, көбінесе, өсімдіктер жасушаларына тән. Жануарлар жасушаларында аталмыш құбылыс сирек кездеседі. Қолдан жасалған автополиплоидия негізінде қарақұмықтың, қарабидайдың, қант қызылшасының және т.б. мәдени өсімдіктердің өнімді жаңа сорттары алынған .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Жалпы театр өнері мен қазақ театры

Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген. Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта тіршілік белгісін бастап, тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, ауыр азап ішінде туады. Олай болса, әрбір өнердің иесі болған ел сол өнерді туғызып өсірген анасы есебінде. Әрбір өнер өзінің туып-өсу жолында, анайы топырағы сияқты болған еліне міндетті. Ел тіршілігінің өткен күні сол өнердің бойы өсуіне қажет болған шарттың барлығын берген болады. Сондықтан елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезінде, өз елінің әдет-салтын, ұғым-нанымын, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. Бұл хәлден тысқары жолмен өскен ешбір ел жоқ. Қай өнерді алсақ та әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды.

Бүгінгі күнде қазақ елі бір туыстың үстіне жетіпті. Қазақтың театры туатын мезгіл болды деген пікірге келіппіз. «Өзімізден бірдеме жасалса екен», — деген тілекті де тілейтін болдық. Сондықтан біз жаңағы айтылған жалпы сөзді екі салаға бөліп, соның екі тарауына да ойланып қарап, көз салуымыз керек. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Атай

Көктем келді далаға,
Көктем келді көшеге.
Атамыз бар аулада,
Білесің бе нешеде?.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетбол ойынындағы ойындық әрекеттердің маңызды көрсеткіші ретінде техникалық тәсілдерді орындау тиімділігінің ілімдік және әдістемелік негіздері

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазiргi кезеңдегi студент спортшылар дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондайақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен баскетбол жатады.
Баскетболшы студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi (қабылдап алу мен беру), лақтырудың алып жүгiрудi, кәрзеңкеден ыршыған, түспеген допты игерудегi, допты ұстап қалу мен соғып жүгiрудi тиiмдi орындау болып саналады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Зейіннің қасиеттерін баланың жас шақтарына байланысты зерттеу

Зерттеудің өзектілігі: Мектепке дейінгі жастағы балалар, кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.
Зерттеудің міндеті:
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін бағалау;
- Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту және шоғырландыру;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда зейінді зерттеу әдістемелерін пайдалану;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау;
Зерттеудің әдісі: Зейінді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психологиялық және әдістемелерді талдау.
-мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінің анықтауда қазіргі қолданылып жүрген психологиялық оқу құралдары мен психологтар тәжірибесін зерттеу;
-зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің жауаптарын талдау пайдалынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.
Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», — деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.
Зерттеу міндеті: «Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сочинение: Мы – будущее Казахстана

Расскажу о Сарыарке,
О желтой степи, золотом песке.
Здесь Улытау – священные горы –
Седою дышат стариной.
И здесь вольготно на просторе
Пасется лошадей табун степной…
Таким я вижу свой родной край, а он – сердце Казахстана. Застыли в степи менгиры, каменные бабы. Не одна сотня лет отделяет их от меня. И в то же время они рядом, только руку протяни. Касаясь тёплого камня, отшлифованного песком и ветрами, я чувствую, что прикасаюсь к Истории, к Прошлому.Когда июльское солнце неистовствует на степных просторах, мне слышится едва заметный шелест умирающих от зноя трав. Всё живое застывает в ожидании вечерней прохлады…....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Реферат: Экология | Атырау экологиясы

Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп ашып көрсетілген.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтылғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен.
Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғарыда айтып кеттік. Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.
Облысымызда 1 мың адамға шаққанда туылғандар саны республикалық көрсеткіштен жоғары болып, Атырау өңірі елімізде адам санын көбейтуде алдыңғы қатардың бірі екендігі көңілді қуантады. 2004 жылы бұл көрсеткіш еліміз бойынша 18,19 болса, Атырау облысында 21,36 болды, ал 2005 жылы республикада 18,41 болғанда, біздің облыста бұл көрсеткіш 23,09-ке жетті. Бірақ өкініштісі тұрғындардың жалпы аурулылық көрсеткіші жылдан жылға өсіп келе жатыр. 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 2004 жылы 32494,8 болса, 2005-ші жылы бұдан да көтеріліп 33496,3 жеткен. Соның ішінде, бір жастан бес жасқа дейінгі балалар арасында 1 мың балаға шаққанда аурулылық көрсеткіші өсіп отыр. Бұл жағдайды да біз экологиялық проблемалардан тыс қарай алмаймыз.....
Рефераттар
Толық
0 0