Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тамақ және сусын Жемістер мен көкөністер (1-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Тамақ және сусын. Жемістер мен көкөністер (1-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:1.3.1.1 сөздерді дауыстап тұтас оқу
1.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау
1.4.4.1 әріптерді дұрыс байланыстырып, анық жазу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Сөздердің көбін дауыстап оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын мұғалімнің көмегімен артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
сөздерді дауыстап тұтас оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, анық жазады.
Кейбір оқушылар:
Сөздердің барлығын дауыстап тұтас оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, жазба әріптермен анық жазады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі сүйікті пәндерім №2 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектептегі сүйікті пәндерім №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалім көмегімен сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 4-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• Кейіпкерлердің мінез-құлқын суреттейді.
Көптеген оқушылар
• Бет-бейнесін сипаттайды.
Кейбір оқушылар
• Шығармаға сүйене отырып жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Актёр болғым келеді

Екінші сынып оқып жүрген кезім. Ауылымызда Шайбаз деген молда кісі қайтыс болды. Ес білгелі көріп тұрған алғашқы өлімім. Көңіл айтып жан-жақтан келген адамдардың "Атамайлап" жылаған дауыстары үй иелерінің зарлы үндеріне қосылғанда құдды қиямет-қайым. Мұндайды бұрын соңды көрмеген бала жүрекке қалай әсер еткенін елестету қиын емес шығар. Енді міне жерлеуге алып бара жатыр. Қараңғы көрге. Түн ортасы болды көзім жыпылықтап әлі ояу жатырмын. Бір түрлі қорқыныш сезім. "Барлық адам бір күні өліп, қара жердің қойнауына кіріп, шіріп жоқ болады екен ғой. Түбінде....
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Естай Беркімбайұлы (1874 - 1946)

Естай Беркімбайұлы (1874, қазіргі Павлодар облысы Екібастұз ауданы қарасты Ақкөл ауылы - 1946) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.

Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.
20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды.
Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр", "Ашу — пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының құрылуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән:Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;
6.2.3.4 – М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;
6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек сұлтандардың саясатына баға береді
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Бала патша

Бұрынғы заманда бір шәрінің жас балалары жиналып ойын ойнайды екен. Балалардың ішінде Алдияр деген бала патша болып, енді біреулері уәзір, бек, жендет болып ойнайды. Енді біреулері қазы, сұрақшы болады, кейбіреулері тас жинап, патшаға сарай жасап, оны Алди- яр патшаның шәрісі деп атапты. Барлық балалар Алдияр патшаның өмір-пәрменіне риза болып, бас иіп тұрады екен. Сөйтіп, балалар күн сайын Алдияр патшаның шәрісі өздерінің ойнайтын жеріне жиналады, патшаның берген өмірін орындап, ұйлеріне кеш қайтып жүреді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Санамақ

Бір дегенім - білім
Екі дегенім - елім.
Үш дегенім - үміт,
Төрт дегенім - түлік.
Бес дегенім - берік,
Алты дегенім - арық.
Жеті дегенім - желім,
Сегіз дегенім - сенім,
Тоғыз дегенім - той,
Он дегенім -ой,
Онға дейін санап қой!
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Күріш өсірудің сорттық технологиясын зерттеу

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырда майда әрі тиімді суару жүйелері орнына шөлді және шөлейт аймақтарды үлкен масштабта суландыру жүйесі іс жүзіне асырылды. Нәтижесінде мақта және күріш өсіру, олардың егіс көлемін ұлғайту шаралары Арал теңізіне құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын егістікке пайдалануды қажет етті.
Сонымен қатар бұл өзендердің бойында гидротехникалық құрылыстардың салынуы да Арал теңізіне және оған көршілес территорияларға кері әсерін тигізді. Мысалы, әр жылдары Амудария мен Сырдария өзендерінің бойында Әндіжан, Тоқтағұл, Қайраққұн, Шардара су қоймалары салынды. Аралға құятын судың 70-75% -ы осы аталған су қоймаларында қалып қойып отыр. Нәтижесінде еліміздің Оңтүстік –батысындағы ұлан-ғайыр Сыр өңірі бүгінде экологиялық проблемалары шиеленіскен апатты аймақтың бірі болып отыр.
Күріш – суда өсетін дақыл. Сондықтан суды және тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып ғылым жетістіктері мен озат тәжірибе жаңалықтарын өндіріске енгізу арқылы егіншілік мәдениетін арттырып, фермер-күрішшілер игілігіне айналдыру керек. Бірақ, күріш егісі өнімі баяу өсуде, ал кейінгі жылдар тіпті төмендеп кетті. 1990 жылмен салыстырғанда еліміздегі күріш алқаптарының көлемі 1,6 есе қысқартылды, ал гектер өнімділігі Қытай, Жапония мемлекетеріндегі өнімділік пен салыстырғанда 1,5 еседей төмен. Мұның себептерінің бірі – күріш сорттарының биологиялық морфофизиологиялық және агроэкологиялық ерекшеліктері ескерілмей, жалпы күріш егісіне арналған орташа технология қолдануда. Сондықтан, экологиялық дағдарысты Арал өңірінде күріш егісіне азот тыңайтқышын беру мөлшерін оптмизациялау аталған тыңайтқышты қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін жасау – практикалық маңызы үлкен, актуальді проблема ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0