Жоғары сатыдағы жануарлар организмінің миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олар бәрі 6ip-6ipiмeн тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан да ол тipi организм денесі біртұтас болып табылады. Клеткалардың үйлесімді әрекетін нерв жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады. Нерв жүйесі нейрондардан, нерв клеткаларынан турады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, нерв жүйесінде қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Нерв жүйесі арқылы хабар беру өте тез — миллисекунд ішінде беріледі. Нерв клеткалары бірімен-6ipi өзара тікелей байланысқан. ....
• Біздің ана тіліміз – қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым - қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.
КІРІСПЕ «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт. ... баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді...» Х. Досмұхамедұлы
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор. Қазіргі заман талабына сай үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Ал үш тілді білудің алғышарты ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеру негізімен тікелей байланысты......
Кімнің болса да жүрек түкпірінде туған жерге, Отанға, отбасына да деген қимастық сезімі болады. Осылардың ең биігі елжандылық, отансүйгіштік қасиет. Бұл қастерлі ұғым арқылы қоғамның негізі қаланады. Отан отбасынан басталады, демек өзіңнің ата-анаңды қалай қастерлесең, Отаныңды да сондай қасиеттей біл. Ер жігіт елі үшін туады деген ғой. Отан қорғау саласында еңбек етуімнің өзі елжанды болуымнан деп ойлаймын.
1. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС. Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату. В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты дәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады. Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі. Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян. А.С.Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде», - деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Баланың айхайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. ....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақ тақырыбы: Саяхат туралы жазылым Саяхаттау арманым. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады . 1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады. 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді. Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 7-сабақ Оқу мақсаты: Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру. Сабақ мақсаты: Оқушылар: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады, жаңашылдығына баға береді.....
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Екі қаз бен бақа» ертегісі Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, өз ойын жеткізеді, кейіпкерге хат жазады. Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын анықтауда кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез-құлқына баға береді, өз ойын жеткізуде көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып хат жазады. Кейбір оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді орынды қолданып, өз ойын жеткізеді, өмірмен байланыстырады......
Жиырма бес қалайы солдат болыпты. Бәрінің де анасы бір қалайы қасық, ағалы-інілі бауырлар еді. Бәрі де қараса көз тойматын сымбатты сұлу болатын: бәрінің де қызыл әдіпті мундирі, иығына асқан мылтығы болатын және бәрі де алға қарап көз тігіп қатып қалған!
Өздері жатқан қорапшаның қақпағы ашылған кезде олардың алғашқы естігені «қалайы солдаттар!» деген сөз еді. Оны айтқан кішкентай бала санын шапалақтап қуанып қалды, өйткені ойыншық солдаттар оның туған күніне әкелінген тарту еді.......
Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, копьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейлеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны «жұқтырып» алуы мүмкін. Адамға жұғатын вирустардың әрекетіне ұқсас (кәдімгі тұмаудан Эбола вирусына дейінгі), компьютерлік вирустардың әрекеті де әр түрлі болады: тітіркендіруден бүлдіруге дейін. оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып отырады. Бақытымызға орай, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып төмендетуге болады.
Зақымданған бағдарлама не қосымшаны алып, іске қосқан кезде, жұмыс барысында қиыедықтар туындаған сәтке дейін Сіз вирустың бар-жоғынан хабарсыз болуыңыз мүмкін. Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар: – компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді; – компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді; – жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді; – компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды; – қосымшалар қателермен жұмыс істейді; – дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады; – басып шығару қателермен жүреді; – қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды; – мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді. Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да, компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағдарламалар орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымданғанын дәл анықтау оңай емес.....
Кіріспе Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары. Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру. Келесі тақырыпта маллюскалар тобының өкілдері — бауыраяқтылар мен екі жармалылар, Ғылым және білім беру министрлігі басқармасы бауыраяқтылармен таныстыру барысында үлкен прудовикті мысалы келтіреді Қазақстан жеріңдегі кездесетін дала ұлуы мен шырышты ұлу құрылымы талқыланады. Малюскалардың бұл түрлері мақтаға, жоңышқаға басқа және басқа ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян, сондықтан оқушыларды өмір сүру мен құрлымымен танысуы мен тек танымдық ғана емес сонымен қатар тәжірбиелік маңызы зор. Оқушылар маллюскалардың ішкі құрылысының ерекшеліктерін танып олармен күресу жолдарын біледі. Екі жармалы тобымен танысуы барысында, Қазақстан Республикасында аумағындағы қолдар мен ағысы жай өзендерінде кездесетін тәрізділер мысалға алынды. Осы маллюскаларды оқу кезінде, шығу тегі бір екендігі және орналасу өзгешелігің анықтау мақсатында басқа түрлері мен салыстырылады. Буынаяқтылар тобында оның түрлері өте көп. Бағдарлама оның мына үш тобын ұсынады. ....