Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар
Оқу бағдарламасына сілтеме: О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.
А5. Сенімді және еркін жауап беру.
Оқу мақсаттары:7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.
7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №12 сабақ (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ №12 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру
2. Тақырып бойынша сөздерді сөйлеу барысында қолдану
3. Сурет бойынша әңгіме жазу
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздерді қолдау арқылы қолданады
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша сөздерді қолданады, сурет бойынша әңгіме құрап жазады
Оқушылардың кейбірі:кейіпкердің әрекетін бағалауға қатысты сұрақтар құрастырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу) тауып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап және мәтінді түсініп оқу
Көптеген оқушылар: теңеу сөздерді табуда өз тұжырымдарын ұсына алады
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, мәтіннің мазмұнын айта алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Топология

Интернет – кез келген компьтерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар).
Топология – компьютерлерді желіге біріктіру тәртібі. Internet желісінде «шиналық» және «жұлдызша» топологиялары қолданылады.
Әрбір торапта көбіне UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер – сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Тораптың оның иесі – провайдер деп аталатын (ағылшынның «provide» - қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Мауренахр мемлекеті Жоңғар хандығы Қазақ хандығы

1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған ¥рыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойы-мен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ ¥рыс ханның үстемдігі үзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Ал-тын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Ат бағушы құл

Бұрынғы өткен заманда бір ханның үш тұлпары болыпты. Бұл тұлпарын өзінің бір өте сенімді құлына бақтырады екен. Хан сейілге шығарында, ханның мінемін деген тұлпарын ат бағушы құлы ерттеп әкеп беріп, кешке тапсырып алып тұрады екен.

Бір күндерде хан уәзірлермен өзара кеңесіп отырып:

— Менің тұлпарымды бағушы құлым өмірінде өтірік айтпайды, мұндай да өтірік айтпайтын адам болады екен, – депті.

Сонда қасында отырған бас уәзірі:

— Тақсыр-ау, өтірік айтпайтын адам баласы бола ма екен? Ол құлыңыздың өтірік айтуына тура келетін істер кезікпей жүрген шығар, – депті.

Сонда хан:

— Ол құлым өліп кетуіне қайыр, бірақ өтірік айтпайды, – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қойшы Ғайыпберген

Ертеде Алдаберген деген шал болыпты. Шал баласыз болып, әулиеден әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, өлдім-талдым дегенде бір перзент көрген екен. Баланың атын Ғайыпберген қойыпты. Ғайыпберген он екі жасқа келгенде әке шешесі өліп, жетім қалыпты.

Ғайыпберген жастай Алдоңғар деген байдың малын бағып, күн көреді. Азып-тозып, басы таз болып, жүдеп-жадап кетеді.

Ғайыпберген жиырма бес жасқа келгенде, бай ойланып, жасынан еңбегі сіңіп еді деп, балаға бір жетім қызды алып береді. Қойдың шетіне қос тігіп, оларды бөлек шығарады. Ғайыпбергеннің қосағы өте сұлу болған екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкіден де өткен қу қаз

Түлкі бір күні оттап жүрген бір қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен басып тұрып, мазақ қылып, біраз азаптайын деп, мұртынан күліп:
— Ә, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің? Қаз сәл ойланып тұрып:
— Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеңе қойып, көзімді жұмып: «Ә, Құдай, бергеніңе мың шүкір!» дер едім де сені жеп қояр едім, – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Iрі қара шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Сапалы жем-азық базасы, қазіргі заманғы озық технологиялар шошқа шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін алғышарттар дейді жергілікті ғалымдар.
Біздің өңірде шошқа шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол дейді мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Виктор Сиволап. Бірінші кезекте аграрлық өңір болғандықтан мол астық өсіру шошқа басын көбейтуге жағдай туғызады. Десек те, соңғы жылдары аталған саланың мейлінше кенжелеп қалғаны рас. Бүгінде облыста 280 мың шошқа өсіріледі. Бұл тоқсаныншы жылдардағы деңгейдің 60 пайызы.
Ғалымдардың пікірінше, шаруашылықтарда ресурс үнемдеу технологияларын пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде үздік әлем стандарттарына сай ет өндіруге мүмкіндік береді. Әдетте технологиялар үлкен шығынды қажет етеді. Дегенмен, осы күні олар шошқа өсіруде мүлде қолданылмайды деп айтуға болмас. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Мектепте құқықтық тәрбие беру

Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас жеткіншектерден басталады, себебі болашақ қоғам солардың қолында. «Жаңа ғасырға» қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз.
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық – материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық – нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Солардың ішіндегі маңыздысы жастарға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиелеу.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді.
Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге силай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0