Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күнделік жазу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы: Күнделік жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: (ОБ сілтеме) 2.4.1.1 Жай сөйлемдерді жазады, мәтінді құжаттар редакторында баса алады
2.4.4.1 Орфография ережелерін басшылыққа алып жаңа сөздерді дұрыс жазады; үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдаланып жай сөйлемдер құрастырып жазады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қойылған сұрақтарға көпмағыналы сөздерді қолданып жауап беруге үйренеді. Орфография ережелеріне сай сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып сөйлемдер құрастырып жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім:Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі»
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, өлеңнен негізгі ойды тауып, өз пікірін айтады.
Көптеген оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады,өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табады, сұрақтарға жауап беруде нақты дәлелдер келтіреді.
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойына қатысты өз ойын білдіреді, көркемдеуіш сөздерді ажыратады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Ән құдіреті» Жарқын Шәкәрімов (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: «Өнер» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Ән құдіреті» Жарқын Шәкәрімов
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/фото/суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес әдеби кітаптардан ақпаратты табады және ақпаратты берілген кестеге салады және сөйлеу барысында фотоны қолдануды біледі.
Көптеген оқушылар: алған ақпараты бойынша өздерінің таңдауларын негіздейді
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдану себебін талқылайды, өз ойын дәлелдейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Дүниежүзі тарихы [ЖМБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Мазмұны

I ТОҚСАН
Бөлім: «Өркениет: даму ерекшеліктері»

ІІ ТОҚСАН
Бөлім: Этникалық және әлеуметтік процестер

ІІІ ТОҚСАН
Бөлім: Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан

IV ТОҚСАН
Бөлім: Мәдениеттің дамуы
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Комбинаторика формулаларын қолданып, есептер шешу 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Комбинаторика элементтері
Сабақтың тақырыбы: Комбинаторика формулаларын қолданып, есептер шешу 2-сабақ
Осы сaбaқтa қол жеткізілетін оқу мaқсaттaры (оқу бaғдaрлaмaсынa сілтеме): 9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару
Сaбaқтың мaқсaты: оқушылардың қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып, есептер шығаруға бейімділіктерін қалыптастыру. .........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Коллинеар және коллинеар емес векторлар 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Коллинеар және коллинеар емес векторлар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.1.4.3 векторлардың коллинеарлық шартын біледі және қолданады,
9.1.4.4 векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктей біледі;
Сабақ мақсаттары: азықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу қалай орындалатынын үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Мейірімсіз князь

Ертеде мейірімсіз тәкаппар князь өмір сүріпті.

Оның жатпай-тұрмай бар ойлайтыны жер-жиһанды бір өзім бағындырып, қайтсем ашсам алақанымда; жұмсам жұдырығымда ұстасам деген пиғыл болыпты. Сөйтіп жан-жағындағы көршілес елдерді бірінен кейін бірін басып ала береді, оның әскері жүріп өткен жердің ойран-топыры шығады; егінді таптап, шаруалардың үйлерін өртеді, өрттің қызыл тілі айналасындағылардың бәрін жалмап, ағашты алқаптарды......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Аяулы

Танысу бұрышынан «Алматы» деген сілтемені тауып алды. «Я — парень», «Я ищу девушку», «В возрасте — от 18 до...»

— Өзіммен жастыларға дейін іздейін, үлкендерді қайтемін? — деп тез ойланды да, «до __» деген түйменің тұсына 22 санын енгізе қойды.

«Цель знакомства»... «Для серьезных отношений».

Енді «іздеу» деген нүктені басса болғаны. Жоқ-жоқ, суреттерімен қоса іздеген дұрыс.

Көз алдына самсап шыға келді. Түу, не деген көп! Жымиып қойды Жұмат.

Жұмыс арасындағы осындай бір жан шақырған сәттерде Жұматтың ғаламтор ақтаратын әдеті. Басқа-басқа, Жұмекең сияқты жұмбақ жандарға бұл әлемдік желі рақат болды. Монитор алдында өзінің бұйығы, сабырлы мінезінен түгел көз жазып, батыр, сөйлеуік, айтқыш болып кетеді. Әсіресе, осы танысу бұрышы керемет! Қыз бетіне өздігінен қарай алмайтындар үшін таптырмайтын ермек. Бірақ Жұмат бұған ермек деп қараған емес. Жүрегінің түбінде бір үміт жатыр — танысу бұрыштарынан... өзіне жар тауып алғысы келеді. Сондықтан да осы сайтта — Жұмат айтқыш, Жұмат аңқылдақ.

Бірақ жұрттың бәрі өзіндей ақтарылмайтынын өткен жолы ұғыңқырап қалған. Шашы карэ үлгісінде қиылған әдемі қыздың суреті бірден көз тартты. Жасы жиырма бірде екен. Жұматтың қазақша жазған хатына да тез жауап қатты. Ал бұл желіде қазақша сөйлесетіндер сирек. Сонысымен-ақ жақын тарта түсті сұлу қыз. Аты Жанат екен. Екеуі бір күн бойы жақсы сөйлесті. Бір қараса, Жұмат өзі жайлы барлығын айтып тастапты. Өзінің жалғыз ұл екенін, анасы мен әкесінің ауылда екенін, бұған көп үміт артатынын, солардың сенімін ақтауға тырысатынын... әй, қойшы, шертпеген сыры жоқ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Ақжан батыр

Ертеде бір бай болыпты, малы көп болыпты. Әсіресе, жылқысы сондай көп болыпты. Жылқысының саны алты айғыр үйір болыпты. Жаз өтіп, күз таяғанда, жылқыларды бағу қиынға түседі. Бір жағынан жылқыларға қасқыр тисе, екінші жағынан жылқыны шетінен білдірмей ұрлайтын белгісіз бір ұры пайда болады.

Бай қыстың, таянып келе жатқанын ойлап, қар түскенде жылқыларды далаға бақтыру әрі күнделікті жоғалуын тыю үшін, жылқы бағушы адамды іздеуге кіріседі.

Сол кезде елге аты шыққан жылқышы, әрі батыр, әрі мерген, мал дегенде жалғыз торы аты бар, Ақжан деген кедей бар екен. Ол туралы бай ести сала, Ақжанның.....
Ертегілер
Толық
0 0