Реферат: Биология | Лейкоцитоз

Лейкоцитоз — шеткі қанда лейкоциттердің 8х109/л-ден астам көбеюі. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2—3 сағат әткен соң дамитын — ауқаттық, ауыр қол жүмысын атқарғаннан кейін — миогендік, жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде болады. Патологиялық лейкоцитоз көптеген аурулар кездерінде дамиды, Бұл лейкоцитоз инфекциялық лейкоцитоз, қабынулық, қатерлі өспелер кездеріндегі және қансыраудан кейінгі лейкоцитоздар болып бөлінеді. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік (лимфоцитоз), моноциттік (моноцитоз) лейкоцитоздар болады......
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қайыршы Қасен

Бұрынғы өткен заманда бірнеше тайпа елге үкім жүргізген Хакім деген хан болыпты. Оның қарамағында алты шаһар бар екен. Қарауындағы алты қаланын ең салтанаттысы, сәндісі Әсем қала деген шаһар екен. Бұл қалаға мешіт медресе, ғылым оқуы деп, екі түрлі оқу орнын салдырыпты. Ғылым оқуын Сандал деген ғалымға бастатып, оның қол астына отыз ғалым беріп, сол тайпадағы бай, ақсүйек молда, қожалардың балаларынан шәкірт жиып беріпті.

Бұл оқудан кедей-кепсектердің баласы оқи алмайды. Оның мәнісі: оқуға келген шәкірт үш мың ділдәні Сандал ғалымға беруі керек екен. Ол ақшаны шәкірттердің киім, тамағына жұмсайды және оқытушы ғалымдардың еңбек ақысына береді. Үш мың ділдәні кедейге кім берсін, кедей балалары бұл мектептен оқуға шамалары жетпейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ішек

Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.[1]

Ішек (intestinum) - ауыздан басталып, тік ішекпен аяқталатын ас қорыту түтікшесі, (турбелярии, трематодтар, теңіз жұлдыздары т.б. ішектері бітеу аяқталатын жануарларды қоспағанда); ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ішекте ас қорытылады, сіңіріледі және қалдықтары сыртқы ортаға бөлініп шығарылады. Ішек ұзындығы иттерде дене ұзындығынан 5-6 есе, қойда - 35, үй шошқасында -14, адамда -3-4 есе артық. [2] .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бір сұлуға

Хордың қызын.

Діндар біткен сұқтанған,

Көргенім жоқ, көрмеген соң сенбедім.

Бұл сөзімді демес теріс ұққан жан,

Сұлуымсың жер бетінде сен менің.



Өзгелерден.

Өзгешесің, дарасың,

Сенің үнің

Әндей әсем мен үшін,

Өзіңменен табар жаным жарасым,

Өзіңменен табар жаным келісім.



Сүлеймен Баязитов.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында

(Баллада)

Теңіздей тербелген астықты алқапқа көз тіге тұрып осы өңірде 1931- 32 жылдары аштық болып талайлар көмусіз қалған дегенге сену де қиын.

Бұл алайда тоталитарлық жүйенің, бұғаудың шеңгелінде жатқан қазақ қырының бұлтартпас өмір шындығы еді.



Аштық азап

Ақыры жеңгені ме?

Жүріп кетпек алдағы сенгені не?

Жүріп кетпек,

Қалдырып бәрін, бәрін.

Әйелі мен бөбегі – ынтызарын,

Ынтызарын...







Жұтады-ау ажал залым...

Қармау керек көз жұмбай тірлік талын.

Жанбай жатып қалайша сөнеді бұл,

Аузынан шағында төгер жалын?

Шақ емес пе

Өрлейтін өмір төрге?

Өз еркімен

Қалайша кірмек көрге?

Үзілмесе тірліктің нәзік жібі,

Өмір мұны гүлдентіп, көгертер де.

«Қатын жолда» деуші еді « бала белде»,

Аштан өлмек

Асы бар жетпесе елге.

Бір таба нан –

Осы үйдің соңғы дәмі,

Дастарханға оралулы жатыр жерде.

Қолтығына сол нанды қысып алып,

(Қара көрер сезінді күшін анық)

Әйелі мен ұлына: «Қош!» деді бұл.







- Таңдамақшар күнінде ұшыралық.

-Мен қалайын,

Тастама ұрпағыңды! –

Деп әйелі шырылдап көп жалынды.

Сол бір сәтте тоқтатар күш жоқ еді,

Тілек жоқ ед тоқтатар көк жалынды.

Жалғыз мүдде санасын меңдеді анық,

Елге жетсе жығылмай естен танып.

Табады әлі әйелдің көкесін бұл,

Бала сүйед,

Күні ертең болад қарық.

Осы оймен артына бұрылмады,

Ынтызары «әкелеп» шырылдады.

Соңғы таба нанды да бұл әкетті,

Анық еді аштықтан құтылары.

Әйелі мен баладан күдер үзіп,

Тоқ ел жаққа жөнелді ол бетін түзеп.

Аштық артта біртіндеп қала берді,

Қол бұлғады алдынан өмір қызық.

Қилы-қилы тағдырды бастан кешіп,

Бас та емес,

Емес ол аяқта да,

Ел қатарлы жүретін тірлік кешіп,

Әйел алған,

Түзеген шаңырағын,

Тек үйінен шықпады жамырап үн.

Сәби даусын армандап іңгәлаған,

Шаңырақтың сезеді ол қаңырарын.

Келіп жетті ақыры сексен міне,

Есеп бар ғой өткен жыл, көшкен күнге.

Өкінбейді қарттықтың келгеніне,

Тек өлімнен ет жүрек сескенуде,

Сескенуде .

Ажалмен алысуда,

Күрсінеді кеткендей салы суға.

«Мен қалайын, тастама ұрпағыңды!»

Қайдан жетті таныс үн, таныс тұлға.

Бұған қолын созады, жалынады,

Құлағына жетеді талып және.

Сәби даусы «әкелеп» шырылдаған,

– Бұлар қайтіп, тәңірім-ау, қырылмаған,

қырылмаған...

Шал кенет шошынады,

Олар мені жүр екен тосып әлі.

Жанарынан ыстық жас жосылады,

«Айыптымын» дейді де тосылады.

Айыбын ол сол сәтте сезінеді,

Өмірінен өткерген безінеді.

Қылмысы үшін жасаған зар заманда,

Түсіп жатты ол өмір сот тезіне енді.



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Бие сүтінің химиялық құрамы

Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін.
Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: АӘД | Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары

Бір кездерде жұмбақ болған әрі жойқын зардабын тигізген көптеген кұбылыстар енді жақсы зерттеліп, адам оларға карсы күресуді үйренгенмен әлі де адамның ырқына көне қоймаған табиғат күштерінің стихиялық әрекеті мемлекетіміздің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратуда. Орман мен шым тезек өрті, жер сілкіну мен cy тасқыны, селдер мен шөккіндер, қар көшкіні, боран мен дауыл стихиялық апаттардаң келетің шығын әлі де едәуір көп болып отыр.
Кей жағдайларда біраз апаттардың пайда болуына адамдардың өздерінің де әрекеті себепкер болады. Мысалы, орман өрттері халықтың өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан болып тұрады. Eгep дер кезінде шара қолданылмаса, мұндай өрт стихиялық апатқа үшыратуы мүмкін. Қазір өрт адамзат үшін негізгі кауіптің біріне айналуда.
Өрт біздің еліміздін халық шаруашылығына да үлкен зиян келтіруде. Әсіресе, РСФСР-дың бірқатар өлкелері мен облыстарында 1972 және 1976 жылы ормандардың өртенуі жүрттың есінде.
Қәзіргі кезде, қалалар мен селоларында құрылыстар көбінесе тастан және темірбетондан салынып, сүмен, газбен, немесе электр қуатымен жылытылатын, өртке қарсы қызмет жақсы ұйымдастырылған қарамастан әлі де едәуір көп болып отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ақылды лақ

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Ақылды лақ
Оқу іс – әрекетінің мақсаты:
1. Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету;
2. Балалардың сөздік қорларын молайту;
3. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: ертегі желісі бейнеленген суреттер, демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері.

Оқу іс – әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: балалардың көңілін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері: Төрт түлік жыры
Шөре – шөре, шөлдедің бе, лағым,
Сонша неге елеңдейді құлағың?
Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,
Сен жыласаң, менің келер жылағым......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 4 цифрымен танысу

Мақсаты: 4 цифрін 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрінің сандық қатардағы орнын анықтау; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамыту.
Әдіс - тәсілі: әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы, шарлар, ойыншықтар, геометриялық пішіндер, асық, кубиктер.
Барысы:
Тәрбиеші: Жұмбақ.
! Әйгерім өз себетіне,
Үш саңырауқұлақ салды.
Қарап жүрмей тағы да,
Тап қасынан біреуін алды.
Жоғалтпайық уақытты,
Бізге тек санау ғана қалды.
Балалар: - 4 саңырауқұлақ.
Тәрбиеші: - Балалар, көңіл - күйлерің қалай?
Балалар: - Тамаша. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Мен елімді сүйемін!

Мен елімнің-патриотымын!
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну. Ол мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау. Қысқасын айтқанда, патриотизм - мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасын, оның мемлекеттік рәмізді-Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тиісті.......
Шығармалар
Толық
0 0