Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы. Сабақтың тақырыбы: Ұлттар арасындағы достық неден басталады?М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу. ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану Сабақтың мақсаты: Эссе құрылымын сақтай отырып, эссе жазуға дағдыландыру. Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолдана білуге үйрету. Барлық оқушылар: Үзіндісінің мазмұнын түсінеді. Лексикалық минимумды орынды қолданып, эссе жазады. Болымсыз етістіктің жасалу жолын біледі. Көптеген оқушылар: Эссе құрылымын сақтап жазады. Адамды, бір оқиғаны сипаттап жазады. Эссе жазуда болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады. Кейбір оқушылар: Үзіндіден аргументтер келтіре отырып, оқиғаны сипаттап эссе жазады. Мәселеге өз көзқарасын білдіріп, баға бере алады.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем Сабақ тақырыбы: Суретпен берілген өлеңдерді оқимын Оқу мақсаттары : 2.10 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 2.2.10.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу 2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру Сабақ мақсаттары: Мәтіндерді оқып салыстырады,мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын өздері таба алады.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақ тақырыбы: Драма/сахналық қойылым Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.2.3.2 дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау Сабақ мақсаттары: Мәтінді мазмұндай білуге, сахналық қойылым түрінде көрсете білуге дағдылану......
Ұлы ұран тау қырандай саңқылдады, Дабысын ұлан-байтақ ел тыңдады. Сонау алыс ғасырлар түкпірінен Түсі суық найзалар жарқылдады. Қасым Аманжолов Міне, уақыт өте келе сұм ажалымен жалмаған соғысқа қарсы отан үшін күреске шығып ерлік көрсеткен бабаларымыздың нәтижесінде биыл Ұлы Отан соғысының жеңісті күндерін жетпіс бірінші рет атап өткелі отырмыз. Дегемен, азаттық пен бейбіт өмірді тарту еткен осынау Ұлы Жеңістің оңайлықпен келе қоймағанын еске түсірсек. Сол кездегі кеңес халқы ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ете отырып, соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізді, ерліктің сан үлгісін көрсетті. Сонымен қатар өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасында, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары бүгінгі күніміздің кепілі болғанды. Әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздарды атап өтпесек болмасты. Ұлы Жеңіс күні өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан......
Алдым биік, артым жар Айналарға жерім тар. Сағынғанда, жан апа, Бір көруге болдым зар. Жирен де аттың қасқасы-ай, Сыдырып өрген таспасы-ай. Айрылдым сенен, жан апа, Шығарда жанның басқасы-ай. Аспанда ұшқан құмайды-ай, Құмай да бойын сылайды-ай. Артыңда қалған балалар, Апалап кімге жылайды-ай?! Есіктің алды шие еді-ай, Шиеге жеңім тиеді-ай. Апам еске түскенде, Ішім от боп күйеді-ай. ....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар Сабақ тақырыбы: Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары 3-сабақ Оқу мақсаттары: Сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдану; Сабақ мақсаттары: Сектор мен сегмент ауданын формуламен есептей алу .....
Кіріспе Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді. Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге, жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған. Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-қатер. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады. Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз. Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген. Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар. 1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу 1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.....
Город Воронеж расположен в центральной полосе европейской части России на Среднерусской возвышенности в долине рек Дона и Воронежа, на перекрестке крупных транспортных автомобильных и железнодорожных магистралей. Расстояние от Воронежа до....
Унковский елшілігі- Ресей өкіметінің 1722 жылы Жоңғар хандығына жіберген елшілігі. Орыс артиллериясының капитаны И.Унковский басқарған бұл елшілікке жоңғар билеушісінен Ресей бодандығына мойынсұнатындығы жөнінде ант қабылдау және Жоңғар хандығы жерін картаға түсіру міндеті жүктелді. Елшілік 1722 жылы 26 қарашада Севан Рабдан қабылдауында болып, оған Ресей патшасы жіберген сыйлықтарды табыс етті. Севан Рабдан Ресей бодандығын қабылдау Цин әскерлерінің Шығыс Түркістанға басып кіруіне тосқауыл қояды деп санады. Бірақ бодандық мәселесін шешу үшін .....