Ұждандыны мақтайды тамам адам, Мейлi ғалым болса да, мейлi надан. Ар, нысаппен iс қылып, азап тартып, Ақ жолында өледi бiрталай жан. Разы қылам дейтұғын құдайы жоқ ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш. Сабақтың тақырыбы: Уақыт мақал-мәтелдерде №2 Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2. Эссе жазу 7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы Эссе тақырыпқа арналған; Эссе кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бар. Оқушылардың көпшілігі Эссе сұраққа жауап берген; Кіріспеде мәселе туралы жалпы ақпарат берілген; Негізгі бөлімде мәселенің себептері мен оған автор көзқарасы берілген. Қорытындыда автордың мәсеені шешуге ұсынысы берілген. Оқушылардың кейбірі Эссе сұраққа нақты жауап берген; Кіріспеде мәселе туралы жалпы ақпарат, мысалдар, қорытынды берілген; Негізгі бөлімде мәселеге аргумент пен контраргумент, олардың себептері мен оларға автор көзқарасы (келісу/келіспеу) берілген. Қорытындыда ойы жинақталып, ұсынысы берілген....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» Сабақтың тақырыбы: Аңыз-ертегілерді оқу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме)2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді 2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды 2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды Сабақ мақсаттары: Аңыз ертегіні мәнерлеп, түсініп оқиды. Мәтінге ат қоюды үйренеді.Мәтіннен зат есімді табады. ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика негіздері Сабақ тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экономикалық көрсеткіштері №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Әлем елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық құрамды қосымша қамту арқылы) Сабақ мақсаттары: • Елдердің ЖІӨ бойынша картадан ЖІӨ жоғары, орта, төмен 5 елден жазу • Елдердің ЖІӨ-ін есептеу • Елдердің дамуына әсер ететін факторды анықтау • Қазақстаның аудандарының даму көрсеткіштерін кескін картаға түсіру.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3A XIII – XV ғғ. І жартысындағы Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 3-сабақ Сабақ мақсаттары: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығындағы ішкі-сыртқы саяси оқиғаларды талдай отырып, оқиғалар мен тарихи үдерістер негізінде туындаған өзгерістерді сараптау.
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде Сабақ тақырыбы: 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.7. ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау; 8.1.2.1. қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау; Сабақ мақсаты:Әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының себебін анықтау, салдарын талдау......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Магнит өрісі Сабақтың тақырыбы: Ампер күші,сол қол ережесі 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.4.2 Электр өлшеуіш құралдардың,электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру. Сабақтың мақсаты: Өткізгіштің бойымен ток жүргенде пайда болатын магнит өрісінің шамасын анықтау. Ампер заңына есептер шығару......
Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды.
Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар, метаартериолалар, қылтамырлар және венулалар) арқылы қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О2, СО2,қоректік зат алмасу өнімдері) алмасуды айтады. Микроциркуляцияны Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ыңғайлы. Бүл кезде бақаны ішектерін сыртқа шығарып, тақтайдың тесігі үстіне кереді де, шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде қоздырғышты әсерінен (ішектерін шығарғандағы зақымдану) бірден пайда болатын артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен көруге болады. Ол рефлекстік түрде (аксон рефлексі бойынш тамыр жиырылтқыш нервтің тонусы артуынан) .....
Баяғыда Тоқтар деген саудагер Ғаббас атты жетім баланы асырап алып, оған сауда-саттық үйретпек болыпты. Бір жылы қолына он ділдә ұстатып, Ғаббасты жәрмеңкеге жіберіпті. Бала он ділдәға бір мысық сатып әкеліпті.
Тоқтар қанша қапаланса да, «бала ғой, бір жолға кешірейін» деп үндемепті. Келесі жылы жиырма ділдә беріп, тағы жіберіпті. Жәрмеңкедегі елдің бәрі қу, жаманын жақсы деп, керексізді керекті деп бірін-бірі алдайтыны белгілі емес пе. Ғаббасқа тағы да еш нәрсе кезікпейді. Ақыры, қайтарында жиырма ділдәға бір күшік сатып алады. Оның мына ісі Тоқтар саудагерге тағы да ұнамайды. Сөйтіп, ол баланы қуып жібермек болады.
Сонда бәйбішесі:
— Ана боламын деп бауырыма басып едім. Ер кезегі үшке дейін деген, тағы бір рет кешір, – деп жалынады. Тоқтар әйелінен аса алмай, тағы да кешіреді. Бала мысығымен, күшігімен ойнап жүре береді.......
Пейзаждары мен натюрморттары талай жылдар бойы шулы табысқа жетіп жүргендіктен әлі "скудаморлық мәнерде" салына қоймаған суреттері көрмелерде көзден жырақ, төбеге таяу тұстарға ілінетін күндерін біржола ұмыта бастаған әйгілі суретші Скудамор қаққан қазықтай міз бағар емес. Немере қарындасы табан астында өзін тастап кеткен орнында сіресіп тұр. Сұлу мұрты мен әдемі шоқша сақалдың арасындағы еріндері өкпелі мысқылмен қисайыңқырап, өзіне көрсетуге алып келген бұтақшадан жұмыр тас төселген аулаға жұлынып түскен итмұрын жидектеріне көз алмай әрі таңдана қарайды. Бұл оны салып қалғандай басын кегжең еткізіп жұлып алғаны несі? Жаңбыр тамшыларын шашырата төрт қан қызыл жидек бұтақшадан дірілдеп үзіліп түсердей жұлқына теріс айналғаны қалай? Бұл бар болғаны:
— Ғажап! Бұларды іске жұмсаса жөн екен! — деді ғой.
Ал ол болса "Құдайым-ай!" деп ышқына дауыстап жіберді де, жүгіріп ала жөнелді. Жоқ, Алисия расында есінен ауысқан, бір кездері ол соншалық сүйкімді болды дегенге сене де қою қиын. Еңкейіп, төрт жидекті жерден көтерді — осынау қою қызыл түс қандай керемет!
"Скудаморлық мәнер" мен табыстың сенімді құрыш сауыты тасасынан алай-түлей сезім мен нәзік түрде көре білу сыртқа атқақтатады. Суретін салу! Онда қандай мән бар? Мына сұлулықты қалай жеткізбексің? Қысқы күннің бозғылт сәулелері астында күмістеніп жатқан Эрон өзенінің ерте тасқындарынан қорғап тұрған тамаша етіп қайта жөнделген көне үйінің ауласымен аласалау тас дуалға таяп келді. Иә, нақ солай! Табиғатты, қалай саласың, оның мөлдір ала көлеңкелерін, түстердің жұмбақ үйлесімін қалай жазу керек, сәт сайын құбылып тұрған кейпін қалай кескіндемек? Қамыстың қоңыр үпелегін — әні, анау ақ сұр бозалаң жарықта иілген және әуеде қалқыған тынымсыз аппақ шағалаларды қалай ұстап қаларсың? Әйгілі "мәнері" туралы ойлағаны сол-ақ, табан асты жек көріп кетті — Алисия "Құдайым-ай!" деп дауыстап қалғанда да үнінде осындай жек көру бар-ды. Сұлулық? Одан не пайда! Оны қалай жеткізерсің? Ол да дәл осылай ойлаған жоқ па екен өзі.
Бұл дуалдың сұрғылт тасында қызарып жатқан төрт жидекке қарап тұр; біртіндеп естеліктер .....