Өмірбаян: Ерік Жолжақсынов Қалиұлы (15 мамыр 1959 жылы)

Ерік Қалиұлы Жолжақсынов (15 мамыр 1959 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қарақас ауылы) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Астана Циркінің директоры.
Өмірбаяны
1959 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қарақас ауылында дүниеге келген. Әкесі — Жолжақсынов Қали, марқұм, ұжымшардың төрағасы болған. Анасы — Жолжақсынова Жазира, марқұм, мұғалім болған.
1977 жылы Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын тәмәмдаған. 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті. 1989 жылдан бері Шә Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің актері (қазіргі — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985 жылдан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). 2005 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Әскери атағы — капитан ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4В Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2.11 кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдылықтарының кестесін құрады
Сабақ мақсаты: Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын бекітеді; Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім қатарын құрады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық - құқықтық формалары

КІРІСПЕ
Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе.
Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады.
Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған.
Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары.
Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі.
Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз.
Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек.
“Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi.
Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экология | ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераның ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық екіншісіне өте отырып, соңынан адам организіміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғаламдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидан тапқан. Олар бұл жерге басқа жер-лерден ауа ағындарымен келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өз табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы коксхимия зауыттарымен, тау- кен өндіру және целлюлоза- қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкірт сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық- түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Қоңыр көмірдің жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиян тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топыраққа калий, кальций, магний элементтерінің көбейуіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдік пен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.
Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал келеді.
Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері- адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлақ, ұмытшақтық, көңіл- күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы

Организм реактивтілігі (латын сөзі – reactia – қарсы іс-әрекет) – организмнің сыртқы және ішкі ортаның әсеріне тіршілік жауап беруі.

Түрлік реактивтілік – белгілі бір жануарларға тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі. Адамның реактивтілігі көптүрлі, бұл жерде ІІ-ші сигнал жүйесінің маңызы өте зор. Сөздің әсері емдік әсер мен қатар ауру тудыруы да мүмкін.

Топтық реактивтілік – бұл жеке топ адамдарының (жануарларының) белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі. Мысалы: еркектерде подагра, превратник стенозы, асқазан жарасы, ревматоидты артрит, микседема, жиі кесдеседі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы

Нерв жүйесінің бұзылыстарына әкелетін себептік ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа бөлінеді. Экзогендік себептік ықпалдарға: биологиялық (микробтар мен вирустар және олардың уыттары), химиялық (улы заттар, металдар, этил немесе метил спирттері, кейбір дәрі-дәрмектер, мәселен стрихнин, хлороформ, кураре ж. б., гипоксия), физикалық (барометрлік қысым, иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр ағыны, электромагниттік толқындар ж. б.) механикалық (жарақат, ми шайқалысы), психогендік (жан-күйзелістері, жағымсыз эмоциялар) ықпалдар жатады. Сонымен бірге нерв жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін. Бұл келтірілген себептік ықпалдармен бірге адам үшін сөздің маңызы өте үлкен. Бір ауыз сөзбен адамның жанын жаралауға немесе науқас адамға дем беріп, сауықтыруға болады......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Отбасындағы әңгіме

От басындағы әңгіме әртүрлі бола беруші еді. Қазақтың кедей шаруасының революциядан бұрынғы әнгімесінің бір түрі мынадай болатын. Мысалы, наурыз тұрып, жер жібіп, жана жыл келген соң Әбділ үй ішін от басына жинап алып әңгіме бастайтын. Зағипа, сен Итбайдың сиырын саууға тұр. Артылған іркіті болса да, үйге әкеліп тұрарсың. Сәлім, сен Итбайдың қозысын бақ. Бір жылғы табан-ақы, маңдай терің үшін түк бермеді ғой. Бәрібір сабап-сабап бақтырады. Одан да ең болмаса өйтіп-бүйтіп тамағыңды асырарсың.

Ал коллективтендіруден он жыл кейін от басындағы әңгіменің түрі былай өзгерді. Әбділдің әйелі ойда жоқта қалада тұратын кіші баласының үйіне барамын деп әзірленіп жатты. Үйге кірген Әбділге «маған ат ерттеп бер» деп жабыса кетті. Бұрын әйелінің бетін қайырмайтын Әбділ осы жолы шыдамнан шығып кетті. Ол: істеп жүрген жұмысың қайда, көпшіліктің тапсырған ісі қайда, ферма меңгерушісіне айтпай кетіп қалғанын ұят емес пе және қазір колхоз жылқысы өрісте ғой,— деп өзінің шыдамсызданғанын тыжырынған қабағымен байқатты. Бірақ бұл қабақтың өзі жасынан үйреніскен жау болғандықтан Зағипа қояр болмады. Қайта одан сайын жабыса түсті.

— Е, немене, мен болмасам, сепаратор тартылмай қала ма? Менен де басқалар бар емес пе? Өзі зырылдап тұрған машинаны бұрай беруге еріне ме? Сүтті тартып, майды колхоз қамбасына өткізіп беріп жүрміз ғой осы,— дейді Зағипа.

— Сен тәртіп сақтамай, ешкімге айтпай кетіп қалған соң, орныңа кісі белгіленбейді де, ертең сүт тартылмай қалады. Сенің кетуің ертең мемлекетке майды аз өгкізуге салдарын тигізеді,— дейді Әбділ.

— Жоқ, менің өз еркім өзімде. Кетемін деген соң кетемін.

Ат ерттеп бермейсің деп еріне ашуланған Зағипа оның барлық сөзін жақтырмай шығып бара жатқанында үйіне баласы кіріп келді. Жаздың күні. Аспан айналып жерге түскендей ыстық. Ал Сәлімнің шешесі басына кимешек киіп, оның сыртынан қарағайдай күндік орап алыпты. Күндік болғанда да мұның өзі бір келіссіз нәрсе. Кәдімгі шаршылап тіккен кездемені орап-орап, ең үстіңгі жағын сиыр мүйіздендіріп қойыпты. Сәлім еріксіз мырс етіп күліп жіберіп, шешесінен қайда баратынын сұрай қойып еді.

— Қалаға, Ғалымның үйіне барамын, қыдырамын,— деді шешесі. .....[/quote]
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Ленинград берілмейтін берік қамал


Екінші дүние жүзілік соғыста фашистік Германия армиясына Францияны басып алу үшін 44 тәулік, Голландия мен Белгияны басып алу үшін бар жоғы 19 тәулік жеткілікті болса, Ленинград түбіндегі шайқас 900 тәулікке созылып, ақыры фашистік Герман мен Финляндия агрессорлары ойсырай жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды. Ленинградқа тура шабуыл 1941 жылы 10 июльде басталды. Неміс фашистерінің 741 мың солдаты мен офицері, 10070 зеңбірек пен менометі, 385 танк пен өздігінен жүретін зеңбірегі, 370 самолеті болды. Қалаға қасқырдай анталай ұмтылды. Сол күннен бастап, басқыншылар 900 тәулік бойы қалаға толассыз шабуыл жасады. Озбыр жау қалаға 1941 жылғы сентябрь — ноябрь айларында Ленинград көшелерінде 64930 өртегіш, 3055 фугастық бомба тастап, 30154 артиллериялық снаряд атты. Жалпы Ленинградқа тікелей шабуылдаушы неміс фашист және Финляндия армиясы 38 дивизиядан, олардың 32 жаяу, 3 танкілі, 3 маторландырылған бір атты әскер, екі жаяу әскер бригададан тұрды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ақын және бастық

Ақын жергілікті жердегі бастықтың үйінде отырды. Бастықтың әйелі ақынға шай құйғалы жатыр еді, бастық әйеліне: "Шайыңды қоя тұр", - деді де, ақынға қарап:

- Мына балаларға бір-бір шумақтан өлең лақтырып-лақтырып жіберші, - деді.

Бастықтың балалары көп еді. Ақын сүйкектетіп жазып отырып: "Есіл ерім-ай! Азаматым-ай! Баланы да таптырған екен", - деп бастыққа іштей разы болып отырды.

- Ағаңның бөлмесіне баршы, - деді бастық тұлымшағы селтиіп тұрған кішкентай қызына. - Ағаңның бөлмесіндегі суреттердің бәрін осында алып кел.

- Мынау Алматыда оқып жатқан ұлымыз еді, - деді бастық суреттерді ақынның алдына тоса беріп. - Осыған қарап отырып та бір-екі шумақ өлеңді лақтырып-лақтырып жіберші.

- Осы ит қайда? - деді бастық әйеліне. Сосын ақынды жеңінен тартты: - Жүрші! .....
Әңгімелер
Толық
0 0