Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Спирттер Сабақтың тақырыбы: Спирттердің химиялық қасиеттері Оқу мақсаты: -10.4.2.26 молекуладағы атомдардың өзара әсері негізінде спирттердің химиялық қасиеттерін түсіндіру; Сабақтың мақсаты: - Спирттердің химиялық қасиеттерін бөлшектер негізінде түсінеді және біратомды, көпатомды спирттерге тән реакцияны қолдана отырып анықтайды......
Мырзалар ауласындағы үйрек пен тауыққа арнап салынған әсем жаңа үйшікте Грета дейтін құс өсіруші әйел жападан-жалғыз құстармен бірге тұратын. Бұл үйшік мырзаның қамал сияқтандырып айнала op қазып, оған аспа көпір салып, маңдайшасын кереге бастандырып оюлап тастаған көне үйінің орнында бой көтерген еді. Ал оның нақ түбі қалың тоғай. Бір кездерде тап осы жерден сонау көлге дейін ұласқан бау болыпты, қазір оның да орны......
Қалыңдықтар той дайындығы кезінде мынадай мәселелер бойынша алаңдайды екен:
– Көңілім бұзылып, көзіме жас келсе кірпігімдегі тущ ағып кетеді. Мұндай мәселе туындамас үшін суға ақпайтын тущ жағыңыз немесе қазір барлық қалыңдыққа ұсынылатын жасанды кірпікке бір күнге рұқсат беріңіз.
– Туфлиімнің өкшесі сынып қалса... Тойда қарбалас кезінде түрлі жағдай болуы мүмкін. Сондықтан барлығын ерте ойластырып қойыңыз. Бойыңыз тым кіші болса, бұл мәселе алаңдатпай қоймайды. Мүмкіндік болса, тағы бір өкшелі туфли жаныңызда жүрсін. Бойыңыз жолдасыңызбен қарайлас болса, жай табан аяқ киім алып, мейрамхананың (той өтетін жердің) сенімді жеріне қойыңыз.......
Зерттеудің өзектілігі: Батыс Рим империясы V ғасырда басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия IV—V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын тежей алды, құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді. Мұның мәнісі Византияның экономикалық жағынан күшті, әрі тұрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағұрлым мықтылығында еді. Зерттеудің мақсаты: VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийс-кий осынау патшаның жарқын да, бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның бір бойына мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық та, қажымас реформаторлық пен діншіл-ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан. Асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол заң-дық және әкімшілік реформалар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жургізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жаса-ған және сөйте тұра небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған. Зерттеудің міндеті: Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан, Прокопийдің айтуына қарағанда: «Жай әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді». Юстиниан өз саясатында Рим империясының байырғы кұдіреттілігін қалпына келтіруді, императорлық өкімет пен үстемдік құрушы шіркеудің онсыз да шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды. ....
Бұл курстық жұмыста келесі тақырыптар мазмұндалған: 1. Инвестициялық жобалардың түсінігі 2. Инвестициялық жобаларды талдау әдістері 3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерлілігінің шарттары 4. Әсерлілік шарттарының сезімділігін талдау 5. Шектелген бюджет бойынша жобалардың портфелін құру 6. ППП EXEL қызметтерін пайдаланып есептерді модельдеу 7. Инвестициялық талдаудағы тиімділік әдістері 8. «Шешімдерді табу» құралын пайдалану Материалдық және қаржылай активтеріне салынатын ақшалармен байланысты инвестициялық процесстерді басқару қаржылық менеджментінің фундаменті болып табылады. Қабылданған ұақ мерзімді шешімдер, әдетте: • Болашақта фирма жетілуіндегі стратегияның бөлігі болып табылады; • Қаржылардың біршама мөлшерде жылжуына әкеледі; • Белгілі уақыттан бастап қайталанбайтын қасиетке ие болады; • Болашақ шығындар мен кірістердің жорамалдык бағалауына негізделген. Инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде мағыналы кезеңдерінің бірі күрделі жұмсалымдардың әсерлілігін бағалау болып табылады. Сондықтан да, осындай шешімдерді қабылтайтын менеджерлер үшін инвестициялардың әсерлілігін бағалаудың заманға сай әдістерімен тәжірбиелік жүзінде меңгеру, сол сияқты теориялық тұжырымдамаларды толық және терең түсінуі өте маңызды болып ....
Мектепке дейінгі жастағы балалар, кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту. -Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін бағалау; - Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту және шоғырландыру; -Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда зейінді зерттеу әдістемелерін пайдалану; -Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау; Зейінді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психологиялық және әдістемелерді талдау. -мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінің анықтауда қазіргі қолданылып жүрген психологиялық оқу құралдары мен психологтар тәжірибесін зерттеу; -зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің жауаптарын талдау пайдалынады ....
Ертеде бір кейуана болыпты. Ол аяғы ауыр әйелдердің босануына жәрдемдеседі екен. Әйелдер «қолы жеңіл» деп, оның алдына жиі келіпті. Бір күні түн ортасында есігін біреу қағады. Кейуана есікті ашса, ешкім жоқ. Кемпір «қағыс естіген шығармын» деп, төсегіне қайтып келіп жатады. Бірақ оқиға дәл осылай екі рет қайталанады. Үшінші ретте есік алдында тұрған ақбоз атты кісіні көреді. Түр-тұрпаты бөлек, өзгеше екен. Жақын маңайдың кісілеріне ұқсамайды. – Бір жас келініміз босана алмай жатыр, соған жәрдем берсеңіз, – дейді ол. Кемпір келісіп, жолға шығады. ......
Кіріспе Еуропа жер бедері қалыптасуының күрделі тарихы оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізді. Еуропа үшін жер шарындағы белгілі тектоникалық құрылымдардың және рельеф типтерінің болуы тән. Қазіргі материктің құрамына кіретін платформалық облыстардың дүние бөлігінің қалыптасуы мен дамуы процесінде Жердің ең зор контитентінің негізін құрған ежелгі Шығыс Еуропа және Сібір платформалары. Солардың төңірегінде Еуразия құрлығының онан әрі ұлғаюы байқалды, олар осы уақытқа дейін өзінің тұтастығын және дамуының платформалық типін сақтаған. Олардың рельефінің қалыптасуында, сондай-ақ көтеріңкі рельеф құруға жеткізген, тектоникалық процестер үлкен роль атқарған. Европа платформасы Европа жерінде Скандинавия түбегінің шығысын және Финляндияны алып жатқан Балтық қалқанынан және негізгі бөлігі ТМД елдері жерінде жатқан плитаның батыс шетінен тұрады. Рельефі жөнінде оларға Швеция мен Финляндияның жазықтары мен таулы үстірттері, сондай-ак Ютлан¬дия, Дат аралдары, Польша, ГФР солтүстік бөліктері және Нидерланд территориясын түгелдей қамтитын Орта Европа қат-қабатты жазығы сай келеді.....
Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу. Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды. Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламалар қадылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы қаржы жүйесін жетілдіру. Жалпы, қаржы жүйесінің қалыптасуына энономиканың даму деңгейі, жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, халықтың қолындағы қаражаттар тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан ең алдымен халықтың қал-ахуалын жақсартып, содан кейін жүйені қалыптастыру қажет. Сонымен қатар нормативті-құқықтық актілерді ретке келтіріп, заңдар енгізу өзекті болып отыр. Мен білетіндей 1995 жылдары еліміздің қаржылық жағдайы өте нашар болды. Ал қазір ол көрсеткіштер өзгерген. 2004 жылдың 10-шы маусымында шыққан газетке жүгінсек, парламент бюджетті 121 млрд теңгеге көбейтуді ұсынған және бұл жүзеге асқан. Бюджеттің кіріс бөлігі, оның ішінде ішкі өнім 18,4 пайызды құрайтын жаңа параметрлері 934,3 млрд теңге көлемінде, ал шығыс бөлігін бюджеттің 92,7 млрд теңге дефицитін сақтай отырып, яғни ішкі өнімнің 20,2 пайызы 1027 млрд теңгеге бекітуді көздеген. Бұл мәлімет біз үшін көз қуантарлық болып отыр. Біздің ендігі мақсатымыз осы даму деңгейін ары қарай жетілдіре отырып, халықаралық аренада тек жақсы жағымен көріне беру. Келешек мемлекетіміздің мамандары біз боламыз, сондықтан әрбір студент өзіне жүктелген міндеттерді сезіне отырып білім алса, біздің болашақ қаржы жүйесі жаман болмайды деп сенеміз. Әлемдік практиканы өз елімізге ендіре отырып, тек тиімді жақтарын алуға тырысу қажет. Қаржы жүйесі функцияларын дұрыс анықтап, дефицит деңгейін мейлінше төмендетіп, макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып әлемдік стандарттарға сүйену қажет.....