Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым» Сабақ тақырыбы: Достық деген не? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) Сабақ мақсаттары: Мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау Сабақтың тақырыбы: Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын. Көптік жалғаулар Оқу мақсаты: 1.2 Оқиғаны болжау 2.7 Шығарманың композициясын анықтау 3.3 Мәтін бойынша жоспар құру Сабақтың мақсаттары: 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. 2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау 2.3.3.1 мұғалім көмегімен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.....
1941 жылы маусым айында бейбіт жатқан ел шетіне жау тиді. Отанды жаудан қорғау үшін әкелер мен ағалар, жауқазындай жастар, қызғалдақтай құлпырған қыздар шүберекке жанын түйіп, майданға аттанды. Майдан даласынан елге оралғандар да, хат-хабарсыз кеткендер де болды. Иә, өлгендер қайтіп келмейді. Ал мен тілге тиек отырғалы отырған қарт жауынгер, жерлес ата Қожанов Айнағұл екі мәрте өлгендердердің тізіміне ілігіп, тірі қалады. Әке-шешесіне бірінде Айнағұлдың қаза болғаны, екіншісінде хабарсыз кеткендігі туралы қара қағаз тапсырылған. 1948 жылы елге қайтып оралғанға дейін екі бірдей қара қағаз алған ата-анасы, ағайын-туыс Айнағұл атаның не өлі, не тірі екенін біле алмай дал болған. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Айнағұл атаға осы екі рет «өліп», тізімге іліну себептерін айтып берсеңіз деп қолқа салдық. - Шырақтарым, бұл өзі ұзақ әңгіме ғой» - деп ата бір күрсініп, әңгімесін бастап кетті. Біз бір әулеттен соғысқа тоғыз жігіт аттандық. Содан тірі оралған жалғыз мен. Майданда елің, жерің үшін жан пида, тіпті өзіңді ерлік көрсетуге міндетті санайсың. Он жеті жасымда қан майданды көрдім. Алғашқы соғыс қадамым бронетанк әскерінің Бас қолбасшысы Ротмистровтың жауға соққы беретін танк армиясынан басталды. Осы армияның жеке барлауға арналған мотоциклицстер полкінде бізге аса жауапты әскери тапсырмалар берілді. Полк жауынгерлерінің міндеті барынша құпия жолдармен жау тылынан өтіп, тірілей «тіл» және жаудың құпия құжаттарын әкелу болатын. Барлаушымыз десек те болады. Осындай маңызды тапсырмамен жаудың тылына жиі барып тұратынбыз. Бірде бес адам жауапты тапсырмамен жолға шықтық. Бұл 1943 жылдың 12 желтоқсаны еді. Біз 18 күнде өзімізге берілген тапсырманы орындап, әскери бөлімге қайтып келдік. Жау тылына кеткен 5 жауынгерден мен және Көшекбаев Төлеухан деген аталарың екеуміз ғана аман қалдық. Он сегіз күн бой бізден хабар ала алмаған соң полк басшылары бізді қаза болғандар тізіміне қосып, елге қара қағаз жіберіпті. Міне – бұл менің бірінші «өлгенім». ......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика Сабақ тақырыбы: Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: гравитациялық және электростатикалық өріс қасиеттерін салыстыра білу Сабақ мақсаттары: Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастықты анықтау арқылы электр өрісінің қасиеттерін бір жүйеге келтіру.......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі.......
Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді. .....
Шіркін, ауылдың қыстауын, жаз жайлауын айтсайшы. Қаладағы машиналар мен зауыттардың будақтаған түтіне тұншыққан ауасынан жусан иісі аңқыған ауылым артық. Иә, мен ауылдың таза ауасын,ағарғанның дауасын, сылдырап аққан бұлағын, жағасында жайқалып өскен құрағын, қырында қашқан қу түлкісін, әпкелерім мен жеңгелерімнің күміс күлкісін, әке мен ағаның қадір-қасиетін сезініп, бар жақсылығын бойыма жиып өстім.
Әлі есімде, апам қалаға барып келген сайын айтатын: «Жүрегім қысылып келдім, ауасы басымды ауыртты», - деп. Ал мен болсам түсінбейтінмін. Неге? Неге ылғи апам қалаға барып, шаршап-шалдығып келеді деп ойлаушы ем. Бірде сәті түсіп мені апам қаладағы ағамның үйіне жіберді. Қалаға баратын автобусқа мінген сәттен-ақ бір түрлі,ауылға деген қимас сезімім оянғандай болды. Қаладағы ағамның үйіне де жеттім. Мүлдем басқаша, тіпті қала тұрғыны мен дала тұрғынының арасында үлкен айырмашылық бар екен. .....