Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!......
Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушысы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау өлкесінің Тиген ауылында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Ұштаған орта мектебін бітіріп, біраз жылдар бойы жүргізуші болады. 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер - құрылыс факультетін бітіріп, 1964 - 1969 жылдары Маңғыстау мұнай өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980 - 1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап жарыққа шығару, өлкенің зираттық сәулет ескерткіштерін дүние жүзіне танытарлық түрлі түсті, бірнеше тілді кітап альбом шығару, өнерді дамыту және сол мақсаттарды орындау үшін «Маңғыстау мұралары» атты циклдық кітаптарды шығармақ болған. Сол мақсатта «Парыз» мекемесін құрды. Қазір Сайын Назарбекұлы басқаратын бұл мекеме «Маңғыстау мұралары» циклдық кітаптарының алғашқылары «Маңғыстау мұралары», С. Жаңғабылұлының «Аманат» кітаптарын жарыққа шығарды. .....
1.1 Сыртқы экономикалық қызметті кедендік-тарифтік реттеу құралдары Мемлекет көздейтін мақсатқа байланысты сыртқы сауданың белгілі бір құралдарын пайдаланады. Халықаралық сауданы реттейтін мемлекеттік құралдар өзіне тән сипатына қарай екіге бөлінеді: тарифтік, бұл кедендік тарифті қолдануға негізделеді және тарифтік емес әдістер. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері, өз кезегінде, мөлшерлік, қаржылық, үкіметаралық келісім әдістері мен жасырын протекционизм әдістері болып бөлінеді [1,б.200]. Сыртқы сауданы реттеудегі мемлекеттің алдына қоятын басты мақсаты елдің салыстырмалы артықшылығы болып табылатын тауарларды экспорттауға көмек көрсету немесе ұлттық өндірушілерге зиян келтіретін импортты шектеу. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әдістерінің көбі ішкі рынокты шетел бәсекеден қорғауға бағытталған. Кедендік тарифтің мәнін, рөлін, оның ұлттық экономикаға тигізетін пайдасы мен мезханизмін, сонымен бірге елдің сыртқы саудасына әсерін тигізетін тарифтік емес құралдарды түсіну үшін бұл сұрақтарды тереңінен қарастырған жөн.....
Кіріспе Мемеджмент- бұл ұйымдарды басқару процессі, басқару ғылымы, басқару өнері және адамдар құрайтын басқару ұйымдары. 20 жүз жылдықта менеджмент теориясы және тәжірибесі классикалық авторитарлық менеджменттен гуманисттік теория менеджментіне дейін ұзақ жол жүрді, жаңа басқару моделіне негізделген. Менеджменттің негізгі даму бағыттары 90-шы жылдары корпоративті-мәдени сәтті басқару факторлары қалыптаса бастады, стратегиялық басқарудың кең таралуы, менеджменттің коммерциялық сферадан коммерциялық емес сфераға өтуі, арнайы менеджмент түрлерінің қарқынды дамуы. 1. Менеджмент этикасы дененіміз не Жалпы айтқанда этика─бұл адам іс-құлығы немесе бір топ адамдардың және олардың ойлары мен іс-қимылдарының теріс не оң бағалауларын басқаратын моральдік принцптер мен құндылықтар жиыны. Өзін қалай ұстау керектігін, қандай шешім қабылдауға болатынын, жақсы мен жаманды ажырататын шекараның қайда екенін анықтайтын заңдар кодексі деп айтсақта болады. Этика ішкі құндылықтарымен тығыз байланысты, ал олар өз алдына корпоративті мәдениеттің бөлігі болып табылады және қабылданған шешімге әсер етеді, сыртқы ортадан әлеуметтік шығуын анықтайды. Этикалық мәселе бір адамның немесеэтикалық норма ауызша ереже болып табылады, қандай да бір істі дұрыс жасауы, өйткені, керісінше жағдайда қарама-қайшылыққа алып келуі мүкін. Егер этикалық дилема болған жағдайда, жағымсыз альтернативтік шешімдер немесе варианттар қолданғанда негативті потенциялды моральдік қайшылықтар кезінде жақсы мен жаманды ажырату қиын ұйымның іс-қимылы қоғамға кері немесе оң әсер етуінен туындайды.....
Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мем¬лекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мем¬лекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық; 2. Өркениеттік. Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда — мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. ....
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. ....
Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды. Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан. Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесін (тауардың, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбасталу істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі. ....
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды. ....
Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының не бір буынның, бір дыбысының өзгеріп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады. Қос сөз: қайталама, қосарлама Қайталама қос сөздер - белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайтьалануы арқылы, не сол сөздің не бір дыбыстың немесе бір буынның өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. М, қора – қора, мая – мая, үлкен – үлкен, қолма – қол, қап – қара т.б. Қайталама қос сөздер компонентерінің ерешеліктеріне сәйкес, қалыптасқан сыртқы дыбысының және морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай төрт түрлі болады. 1) қосымшасыз түбірдің қайталануынан тұратын сөздер 2) қосымшалы түбірдің қайталануынан құралатын қос сөздер 3) түбірдің бір дыбысы өзгеріліп құралатын қос сөздер 4) түбір ықшамдалып құралатын қос сөздер 1) бұл топты жай қос сөз дейді: жол – жол, биік – биік. 2) Қосымшалы қос сөздер: үйдей – үйдей, айта – айта, қолды – қолына, үй – үйдің, мүй – үйге. 3) қағаз – мағаз, шай – пай, қалт – құлт. Бұл өзгерістердің заңдылығы: а) Егер сөздердің бірінші дыбысы дауыссыз болса болса, ол дыбыс қайталанғанда көбінесе, м (тас – мас, қол – мол, ) әредік с (кемпір – семпір, мәре – сәре), неме,се п (шай – пай, нан - пан) дыбысына ауысады. Компоненттерінің ара қатынасына байланысты күрделі сөздерді біріккен, тіркескен, қос, қысқарған сөздер деп бөлеміз. Компоненттерінің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану, тіркесу арқасында туған күрделі сөздердің сыртқы фонетикалық түр-тұрпаты мен ішкі семантикалық құлымында, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптасқан қарым-қатынастардың нәтижесін я оның жиынтығын айтамыз. ....
Қай заманда тимеген жанға сүргін? Тыртығы мен тарихтың таңбасы — ырғын. Қайсар халық қаншалық күрессе де, Қасіреті қалмаған әр ғасырдың. Қарап тұрсаң дамудың мәңгі заңын, Адам жолы — қиямет, зарлы жалын. Ғасырлардың иығы — қызылала... Мен айтпай-ақ қояйын арғы жағын. Мен бармай-ақ қояйын ар жағына, Мың-мың жылдың дауына, жанжалына.......