Реферат: Тарих | ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ – ҚАЗАҚ МҰРАТЫ

Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар

Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар.

1. Сақ тайпалық одақтары. Сарматтар.
2. Үйсін және Қаңлы тайпаларының одағы.
3. Ғұн тайпалары.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мира Сембайқызы | Жәрдемақы жыры


Биыл қыс ерте түсіп, қалада жеке жұмыс берушілерде, кімдерге бұйыратыны белгісіз көпқабатты сансыз үйлердің кірпішін қалап, отбасын асырап жүрген Мұқыш жұмыссыз қалды. Ауылдағы бес баласына алатын жәрдемақы, әйелінің айтуынша, бір қап ұн мен бір баллон газ алуға және жарықтың ақшасын төлеуге ептеп-септеп жетеді екен. Бұған да шүкір. Бүгін таңғы ас кезінде әйелі бір әңгіменің шетін шығарды.

— Ана Түкеш бар ғой, соның әйелі «көп балалы» дегеннен өзге тағы да төрт баласына жәрдемақы алады екен.

— Иә, сонымен?

— Мен де құжаттарды жинап, сол жәрдемақыны жасатып көрсем қалай болады? Ең болмаса күн жылынып, сенің жұмысың қайта басталғанша бір себеп болар? — деді күйеуіне сұраулы жүзбен қарап.

— Әй, ол үшін мал басын есептейді деп еді… бізге шыға қояр ма екен? — деп Мұқыш сенімсіздеу жүзбен әйеліне қарады.

— Түкештердің бес сиыр, жиырма шақты қой-ешкісі бар ғой. Сонда да алады. Оларға қарағанда бізде мал басы аз ғой. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Демалыстан кейінгі сабаққа дайынды әрбір ата ана істей алуы мүмкін 7 жағдай

Жаздық демалыстан кейін мектеппен қауышуға дайындық көбіне қиынға соғады. Әсіресе 1-сыныпқа баратын балалар үшін әлдеқайда қиынырақ. Өмірдің жаңа қадамына аяқ басуға, сыныптастарына және де сабақтағы парталастарына үйренісуге тура келеді.

Bilim-all.kz жазғы демалыстан кейін оқушыларды мектепке дайындауға көмекші құрал ретіндегі ұтымды тәсілдерді ұсынады.



1. Балаңызды тек баға үшін оқуға үйретпеңіз

Ата‑аналар балаларын: мектепке барғанда тек бестік бағамен оқуың керек деп айтумен қателік жасайды. Қағаз жүзіндегі баға мектепке неліктен бару қажеттілігін көрсететін айғақ емес. Әр нәрсені білгісі келетін ізденімпаз ақыл иесі үшін білімнің маңыздылығы неғұрлым қызықтырақ. Балаға оның қаншалықты нәреселерді білетінін айтып беріңіз. Жаңалықтармен бөлісіңіз, жорамалдар құрыңыз, балаңыздың әлемнің қалай құрылғаны жөніндегі дүниетанымына деген болжамын құрметпен қабылдаңыз. Оны мазалайтын әрбір сұрақтың жауабын мектеп пәндерінен таба алатындығын айтыңыз.

«Адам қандай да бір қателік жасамайынша немесе өзі қалаған нәтижеге қол жеткізуде өзінің әрекетін өзгертпейінше одан сабақ алмайды. Қателік жасай білген адам, көбірек сабақ алып үйренеді. Қателіктің бағасын мойындамау, көп нәрсені білуге кедергі келтіреді. Егер жіберілген қателіктеріңізге дұрыс мән берсеңіз, ол сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі».

Даниэле Новара, психолог. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Барий гидроксидін алу жолын зерттеу

Барий және оның қосылыстарына химико - аналитикалық түсініктеме және жалпы сипаттама.
Барий Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан. Реттік саны 56, атом массасы 137,56г.
Барий атомының электрондық конфигурациясы ls2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s2 4p6 4d10 5s2 5p6 6s2. Барий көбінесе +2 тотықсыздану дәрежесін көрсетеді, +1 тотықсыздану дәрежесін көрсететін қосылыстары да бар, мысалы BaCl.
Табиғи барий 7 тұрақты изотоп қалдықтарынан тұрады: 130Ва, 132Ва, 134Ва, 135 Ва, 136Ва, 137Ва, 138Ва, осының ішінде 138Ва (71,66%)
Ең маңызды изотопы – 140Ва. Ол уранды, торийді, плутонийді ыдырату арқылы алынады; шығын 6,35% құрайды.
Минерлды барий (ауыр шпат, барий қышқылы, барий сульфаты) ХVІІ ғ. белгілі болған.
Металдық барийді 1808 жылы бірінші болып Дэви алды, одан кейін 1901 жылы барий қышқылын металдық алюминиймен қалпына келтіру арқылы А.Гунту алды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Тікелей эфирдегі сұхбат

Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді ұлттық мүддеге негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді.
Тақырыбымның өзектілігі сол қазіргі кезде, тіпті бұрын да көгілдір экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр– сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай, замана талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуында. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік сипат алған бұл жанр өз еңбек жолын теледидардан бастаған жас мамандар таңдайтын бірден-бір жетекші жанр болып отыр. Себебі өзге жанрлардың да құрамында кездесетін сұхбат ең оңай болып көрінеді. Мен айтар едім сұхбат– жүргізушіден табиғи талантты талап ететін өнер жанры. Сұхбатты терең зерттеп, оның қыр-сырына үңіле берсек, оның сыры көп сыршыл жанр екенін аңғарамыз. Уақыт талабына сай сұхбатқа қойылатын талап пен талғам да өсуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қалжан ахун Бөлекбайұлы

Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862 - 1916)
ХІХ ғасырдың ортасына таман Ресей империясы Арал аймағы арқылы бүкіл Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу үшін өз әскерін даярлай бастады. Сыр өңірін басып алу арқылы патша өкіметі бірнеше стратегиялық жағынан маңызы бар жоспарларын жүзеге асыра алатын еді.
Патшалық Ресейдің Орталық Азия елдеріне жақындай отырып, бүкіл Түркістанды (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Орта Азиялық республикалары - авт.) бағындыруы үшін ең алдымен - Сыр бойын жаулап алуы керек болатын. Сыр өңірінің тоғыз жолдың торабында орналасуы, Арал теңізі мен Сырдария өзені арқылы Түркістан өлкесіне етене ену мүмкіндіктерінің артуы, бұл өлкенің әскери - стратегиялық маңызын еселеп арттырды. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау

Кіріспе
Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Мен үшінең қымбат мекен – Қазақстан.Осындай киелі, әрбір қазақ үшін қымбат, тәуелсіз, жан дүниесі де байлыққа да бай Қазақстан атты елде өмір сүру мен үшін үлкен мақтаныш.
Меніңтуғанжерім – ҚазақстанРеспубликасы. Бұл – бай тарихымен, көнемәдениеті мен ерекше табиғатымен мақтана алатын ұлымемлекет. Қазақстанның тамаша табиғаты-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлығы да менің Қазақстанымда.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Бозбеткей

Ақжусаны бүрлеген бозбеткейді.
Бозбеткейдің шетіне көз жетпейді.
Тұлымшағын жел сүйген құлын бауыр,
Қарлығаштан хат жолдап тез жет дейді.

Соғақ судың жағасы Қызылқайың.
Түспесінші қалқатай....
Өлеңдер
Толық
0 0