Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта Сабақ тақырыбы: Саяхатшы жануарлар Оқу мақсаттары: 2.3.7.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру. Сабақ мақсаттары: Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді тауып түзету және құраған сөйлемдерді толықтыру......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: Теңеумен танысу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасынасілтемеу) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/теріп оқу 3.3.2.1 хабарландыру, қызықты оқиғалар баяндалған күнделік жазу Сабақ мақсаттары: Оқушылар бір затты басқа затпен салыстыруды немесе оған ұқсас басқа затқа теңеуді үйренеді......
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Б. Төлеубайұлы «Тұңғыш қазақ ғарышкері» Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады, шығармадағы оқиғаларға сүйеніп дамуын болжай алады. Көптеген оқушылар:шығарма мазмұны бойынша қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп сюжеттің дамуын болжай алады. Кейбір оқушылар:шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп сюжеттің дамуын дәлелдер келтіре отырып болжай алады.....
Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.) Сабақтың тақырыбы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды? Белгілі бір оқыту мақсаты: • ғылым салаларын дамытудағы қазақ ғалымдардың ролін анықтайды • соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын түсінеді Сабақтың мақсаты: 8.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау.....
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақтың тақырыбы: Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту) Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру......
Пән: Химия Ұзақ мерзімді жоспар: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс Сабақтың тақырыбы: Негіздер. Негіздердің қасиеттері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.4.9 - негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну; -олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру Сабақ мақсаттары: -негіздер мен сілтілер арасындағы айырмашылықты түсіну -негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу -негіздердің және амфотерлі негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология Сабақ тақырыбы: Жасушадағы органоидтардың құрылымы мен функцияларының ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтері. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жасушалық органеллалардың құрылымдық ерекшеліктері және органоидтардың қызыметін білу Сабақ мақсаты : Оқушы біледі: Жасуша тірі ағзаның ең кіші құрлымдық бірлігі , жасуша қызыметі бар органоидтан тұрады. Оқушы түсінеді: Жасуша органоид құрлысы және атқаратын қызыметі. Оқушы жасай алады: Өсімдік және жануар жасуша айырмашылығы ......
Эритроциттердің өндірілуінің реттелуінің бұзылыстары мына жағдайларда байқалуы мүмкін: а) созылмалы уыттанулар немесе аурулар, (туберкулез, жұқпалы аурулар, қабыну ұрдістері ж. б) кездерінде макрофагтар мен Т- лимфоциттердің белсенділігі төмендеуі байқалатыны белгілі; ә) аденогипофиздің, қалқанша бездің, аталық жыныстық бездің қызметтері төмендегенде; г) бүйрек аурулары және басқа жағдайларда эритропоетиннің аз түзілуінен. .....
Нағашымды көрсем, жынымды көргендей боламын! Ол — битін сығып қанын жалайтынның нағыз өзі. Жасы жетпіске тақалғанында оған осы бір кесел жабысып жақсы болды, әйтпесе оның шылқыған бай екенін есте біле алмайтын едік. Басқа туысқандарымыз сияқты ол да ептеп-септеп күнелтіп жүрген шығар дейтінбіз. Қалай ауырды, солай ақшасы атнөпір болды да кетті. Жаны тым-ақ тәтті екен!.. Бәрімізді ақымақ қылып алдап келгеніне біз қатты ашындық.
Кесел оның ішінен жабысты. Дәл қай жерінен екені беймәлім. «Қай жерің ауырады?» десең,— қуық тұсын сипалайды. Дәрігерлер не кесел екенін біле алмай дағдарысты.
Мен медицинаға бала кезімнен-ақ сенбеймін. Астрономдар, мысалы, бізден пәлен миллиард километр қашықтықтағы жұлдыздардың қайда, қалай тұрғанын айтып береді, ал дәрігерлер жерде, өздерінің жанында жүрген нағашымның ауруын айыра алмайды! Осыдан кейін бұл медицина ғылымына не дауа?
— Меніңше,— деді нағашым,— менің ішімде он шақты ит пен мысық бар секілді. Егер сол мақлұқтарды бір қапшыққа салып, аузын буып қойсаң, бірін бірі жүндей түтер еді. Менің ішімде де тура сондай бірдеңе боп жатыр.
Әрине, нағашымның құрсағында ырымға ит те жоқ, қысық та жоқ. Ол жас кезінен өлең оқуға, аспандатып әсірелеп сөйлеуге үйір болған көрінеді. Егер оның іші толған ит пен мысық болса, онда халы әлдеқайда жеңіл болар еді. Қаңғыбас хайуандарды қиналмай-ақ қырып салатын қала әкімшілігінің бай тәжірибесін дереу қолданар едік те, нағашыма уға пісірілген жұдырықтай етті жұтқызып жіберіп, байғұсты бейнеттен құтқарар едік. .....