Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.2.3.1 Тригонометриялық функциялардың анықтамасын, қасиеттерін біледі және олардың графигін салады; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: - y=sinx және y=cosx функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды; - y=tgx және y=сtgx функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды;.....
1960 жылдары Микронезия аралдарында өзіне қол жұмсау дегенді ешкім білмейтін. Кейін едәуір түрде көбейе бастап, 1980 жылдары дүние жүзі бойынша алдыңғы орынға шықты. Кішкентай ғана аралдағы жастардан болмашы ғана себептерді желеу етіп өміріне қол салатындар көбейіп кетті. Мұның себебі ақпарат құралдарында жарық көрген бір оқиға болатын. Сима атты 17 жасар жеткіншек әкесімен ұрысып, үйден қуып жіберген әкесіне жауап ретінде асылып өледі. Бұл оқиға ақпарат құралдарының ықпалымен құлақтан құлаққа жетіп, Симаның өлімі тәкаппарлығына нұқсан тигенсымақ жастар арасында өзін көрсетудің ритуалы халіне айналды. Жастар арасында осындай мәндегі өлеңдер, көше дуалдарында, футболкаларда жазылған жазулар көбейіп жастардың санасында қалыпты құбылыстай орныға бастады... .....
Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін. Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды. ....
КІРІСПЕ Адам баласы табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы адамның психологиялық жетілуі табиғат пен адамның әлеуметтік – психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады. Бұл табиғаттың өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда болды. Табиғат құбылыстарының апаттары : жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат құбылыстарының адамға әсері жөнінде Кореленко И.П., Гостюшин А.В., Лебедев В.И., Черноушек М., Душков Б.А. еңбектері болса, қорқыныштың ерекшеліктерін В.А. Андрусенко, В.Б. Сапунов, Ю. Щербатых, мазасыздануды Ч. Д.. Спилбергер, Г.Н. Кассиль өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи апаттардың адам психологиясына әсер ете, оның күнделіікті өмірде өзін ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі, жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды. Мүмкін болатын табиғат апаттарында адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын бөліседі. Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Жер шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым - үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі – сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп, тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.....
Кіріспе Шығындар дегеніміз - нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлікке-өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады.....
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Біздің алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру және келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Мен тоқтап қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономи¬каны одан әрі жаңғырту және жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын. Ең қиын жылдары біз салуды бастап, елдің жаңа байтағын – Астананы, біз осыны жүзеге асыра алатынымызға еш¬кім сенбеген кезде тұрғыздық. Біз осыны жасадық, мұны бүкіл әлем көріп отыр. Келіңіз¬дер, осы жақсы тәжірибені жалғас¬тыратын болайық. Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсат¬та дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады деп санаймын. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды. Бұл – уақытша, бірақ та қажетті шара. Бұл ретте біз қазіргі сәтте бар елдің жалпы резервінің сол көлемін, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз. Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді» деп айта кетті [1]. ....
Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады. Қазіргі пайдаланып жүрген мағынадағыдай педагогикалық технология ұғымы 1960 жылдардан бастап бихеииористік, необихеиористік тұжырымдардан басту алатын, «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және батыс Европа елдеріне практикаға ене бастаған маңгеру технологияларына байланысты пайда болды. Осы жылдарды шетелдерде біршама қолға алынған оқытудың технологиялық құралдарын пайдалану, бағдарлы оқыту мәселесі де педагогикалық технологиялар теориясының қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етті. Жалпы оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы педагогика ғылымына жүйелі түрде 1970 жылдардан бастап ене бастады. Кейбір әдебиеттерде оқыту процесін технологияландыру оған ақпараттық технологиялық құралдарды пайдаланумен байланыстырылатын көзқарастар айтылады. Төменде талданып «педагогикалық технология» ұғымының мәнінен көретініміз мұның бір жақта, алғашқы, үстіртін пікірден туғандығы. Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сабақтың тиімділігін арттырудың көптеген әдіс тәсілдері бар:
• жекелеме немесе топтармен жұмыстар; • мөлшерленген үй тапсырмалары; • стандартты емес сабақтар т.с.с
Стандартты емес сабақтың бір түрі модульдік сабақ. Модульдік сабақ бірнеше артықшылықтармен ерекшеленеді. Сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Себебі, оқушыларға мұғалім алдын ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқауын таратып береді. Онда сабақтың түпкі және оның әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетілген. ....
Потенциалды сатып алушылар қолындағы құралдарды тиімді пайдалануға болатын елеулі көмекті ипотека береді. Тұрғын үй ипотекасының несиесі құрылысшыларға да тұрақты және тұрғын үй құрылысын үздіксіз қаржыландыруға көмектеседі. Бюджеттен елеусіз қаражеттар бөлінгенімен, ипотекалық несие қазіргі уақытта бюджеттік емес қаржыландыруға түсетін пәрменді түпдеректің бірі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет үшін құрылыс кешеніне инвестициялық процессті реттеу мәселесі маңызды. Құрылыс кешеніндегі инвестициялық процесстерді жүргізу мен ұйымдастыру механизмі нарықтық экономика талаптарына баламалылық және «нарық ойынының заңдарын» инвесторлар (заңды тұлға), банктер, тапсырыс беруші және құрылысшыларды ескеру қажет. Шетелдік тәжірибені толық қолдану Қазақстан экономикасының ерекшелігі мен нарықтық қатынастардың толық орындалмауы салдарынан қиындатылған. Оған қарамастан, тұрғын үй ипотекалық несие тәжірибесіне сүйене отырып, оның тәжірибелік қолдануының мүмкіндігін куәландырады. [1, б.104] Бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы, Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің дамуы және қалыптасу процессі туудан және бүгінгі күнге дейін толық қаралған, яғни, ҚР ипотекалық жүйесінің әрекет істелгенінен бастап қорытындылау жасалған. Жұмыстың тәжірибелі маңыздылығы, осы тақырыпты одан ары зерттеу үшін қолдану мүмкіндігі, сонымен қатар, жұмыстың орындалуы барысында алынған білім, келешек кәсіпшілік қызметте өте бағалы және пайдалы бола алады ....
Кіріспе. Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстардың зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін жеке қандай бағамен алғысы келетінін дер кезде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс - әрекеттері «микроэконмиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі. Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда егер А,В,С тауарлар құрамы берілген болса, олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.....
КІРІСПЕ Қандай да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы болуын қалайды. Бірақ әрбір жас отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Осы әлеуметтік мәселені шешуде несиелеу механизмінің маңызы ерекше. Осы аталған тұрғын үйлерге байланысты және қаражаттары шамалы бірақ тұрақты жалақы бар азаматтарды несиелеудің ең ыңғайлы жолы мен түрі ипотекалық несиелеу болып табылады. Ипотека термині – кепілдік, кепілзат немесе кепілге салу деге нмағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие түрі. Ипотекалық несие экономикалық мағынасы жағынан – бұл банктен немесе басқа қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлік кепілінің алуын түрлілігі болып табылады. қарапайым тілмен айтқанда ипотека дегеніміз – бұл қарыз ақшаға үй сатып алу. Ипотекалық несиелеу формасы әлемніңң дамыған елдердің барлығында дамыған және ол елдердегі халықтың 30-40% ипотекалық несиелер арқылы тұрғын үйге ие болады. Ал Қазақстанда бұл көрстекіш 2005 жылдардың соңғы мәліметтері бойынша 11,7 мың отбасын құрап, бар жоғы 6% шамасында болып отыр.....