Курстық жұмыс: География | БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

К І Р І С П Е
«Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында Республикадағы ірі «Балқашмыс» металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасының 1ақша реформасы

ҰЛТТЬІҚ БАНКІ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орга¬ны болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Артық май жиналу себептері

Іштегі қабаттанған май әйел адамның сыртқы пішініне зиян келтірмейді. Бұл – қалыпты жағдай. Оның себебін түсіндіреміз. Егер белгілі бір себептермен іштегі майдан арылғыңыз келсе, сіздерге мынадай кеңес береміз.

Әйелдердің 90%-ы майды қарнына, беліне жинайды. Әйел ағзасының бір ерекшелігі табиғатынан сондай. Оның бір пайдасы жүкті болған кезде құрсақты сыртқы күштерден немесе суықтан қорғайды. Демек, майдан қорқудың қажеті жоқ.

Майдан арыламын деген қыздар ең алдымен ағзасына мән бергені жөн, жиі күш жұмсап, дұрыс тамақтануы керек. Күш жұмсау дегеніміз – жиі жаттығу жасау. Бұның бәрі ниетке байланысты: егер қыздар май орнына текшелер шығарғысы келсе немесе майдан толық арылғысы келсе, жаттығуды жиі әрі көп жасауы тиіс. Майдан толық арылғым келеді дегендері бимен (әсіресе шығыс биімен), жеңіл жаттығулармен шұғылданса болады, ал егер кішкене текшелер шығарғысы келсе, жаттығу залынан шықпай, көп тер төгуі тиіс.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Каспийдің экологиялық мәселелері

Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүниежүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Каспий теңізі (ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар тағы басқа) –Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан жер шарындағы бірден–бір тұйық су айдыны. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км 2 . Меридиан бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке дейін 1030 км,батыстан шығысқа дейін 196–435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар. Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен .
Каспий теңізі Еуропа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы өсімдіктердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастарының дүниежүзілік қорының 70% осы теңіздің үлесіне тиетін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып (регрессия). ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 7 саны

Сабақтың мақсаты: Сандар туралы білімдерін қалыптастырып, 7 санымен таныстыру.
Олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қосу, азайтуды меңгерту.
Ұлттық дәстүрімізді дәріптеу.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлері, магнитті тақта, құрастырмалы сандар, санау таяқшалары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Қуанамын мен де,
қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
арайлап атқан әр күнге.
Балалар бізде қазір математика сабағы.
Математика сабағында біздер қандай сандармен таныстық?
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6
(әр суретті сана және тиісті сандарды шеңбер ішіне жаз). .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Баға нарықтық экономиканың негізгі элементі

Баға-көп функционалды экономикалық құбылыс, (ведущая) алдағы нарықтық категория. Бағаның өзгеруінен көбінесе әлеуметтік, экономикалық, сонымен қатар саяси қайшылықтар туындайды. Сондықтан да басқару құрылымдары (властные структуры) және маркетингтік қызметтер ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғам бағалар туралы барлық жақты және объективті ақпараттарға, олардың өзгеруінің заңдылығы мен тенденциясының терең анализіне қызығушылықпен қарайды.
Баға-тауар бірлігіне берілетін ақша соммасы, тауардың ақшаға айырбасының эквиваленті.
Бағалар, олардың құралу және өзгеруінің процестері өзімен статистикалық зерттеулердің пәнін көрсетеді. Баға статистикасы-нарық статистикасына және әлеуметтік-экономикалық статистикаға олардың құрама бөлігі ретінде кіретін жеке (самостоятельный) блок. Баға бойынша ақпараттардың екі қайнар көзі белгілі. Біріншісі, тұтыну нарығындағы тарифтердің бағаларының өзгеруін қадағалау. Екіншісі, халықтың тұтынуын, шығындары мен табыстарын таңдамалы статистикалық зерттеулердің бір түрі ретінде бюджеттік зерттеу. Осы қайнар көздердің негізінде негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтерін фиксталған (фиксированному) жинау (набор) бойынша тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) (кейде өмір құнының индексі деп аталады) есептеледі. Көп елдер (стран) үшін есептеу әдісі бірдей болып келеді. Бұл ТБИ-нің халықаралық салыстыруларын (сопоставления) жүргізуге көмектеседі.
Баға түсінігі, оның экономикалық табиғаты нарықта баға ойнайтын екі рольде сипат алады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Микроэкономика

Үкіметтің тұтас микроэкономикалық саясаты жоқ. Үкіметтің ұсынған бағытындағы басты қателік - мемлекет иелігінен алу мен жекешелендруге иек артуы, тауар өндірушілерден, тұтыну рыногын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен тікелей қамтамасыз ететін меншік иелерінің ауқымды тобының пайда болуы үшін, экономикалық реформаларды жеделдету үшін халықтың өзін, әсіресе ауыл халқын қозғалысқа түсіретін нақты негіз қалыптастырудан өздігінен сырт қалғаны.
Бұрынғы және жаңадан құрылған салалық министрліктер осы уақытқа дейін өнеркәсіп саясатын жасамады. Айталық, энергетика және оның ресурстары министрлігі мен Мұнай-газ министрлігі өздерін мемлекеттік монополиялық энергокомпанияға және монополиялық көмір, мұнай, газ және «ЖЖМ» холдингтеріне біріктіріп жіберді. Мұндай ведомстволарға өздерінің өнімдеріне нарықка қарсы ішкі бағаларды өсіру, дайын өнімдерді емес, шикізатты сыртқа шығаруды арттыру тимді. Мұндай монополияшы-ведомстволар құрылымының өзі нарық идеологиясына және реформаның тереңдеуіне қарсы жұмыс істейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Ақпараттық қорғаныс

Ақпараттарды қорғау мәселесі 80-жылдардың соңы мен 90 жылардың басында ақпаратқа қатысты, осы аймақтағы мамандарды мазалай бастады. Оларды мазалағаны компьютерлік қауіпсіздік пен көптеген дербес компьютерлерді, қолданушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін болатын. Бұл компьютерлік технологиялардың терең дамуымен, байланысты болатын. Сол кезден бастап «ақпарат» ұғымына деген түсінік те өзгерді.
Қазіргі кезде ақпарат ұғымы – бизнесте де, үлкен масатқа жету үшін қолданылатын құрал болып табылады. Және қорғау да, өте тиімді құралға айналды, бұл өндіріс үшін ақпараттарды қорғаудың, өте жақсы белгісі болып табылады. Бірақ та ақпараттық технологиялар көп қолданысқа ие, құралдардың бірі болып табылады. Сондықтан қазірігі кезде көп сатылы қорғанысты қолдану қажет болып отыр. Дегенмен де ақпарат иесінің ақпаратын сақтау үшін де, үлкен көлемде ақша төлеуіне тура келеді, өйткені бұл өзінің ақпаратын сақтауға, тиімді жол болып табылады.
Тағы айта кететіні ақпараттық сфера саясатқа да әсер етуде, тек саясатқа ғана емес, эконмикаға және басқа да қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін, қажет болып отыр.
Ақпаратты қорғаудың қажеттігі артуда, ол санкциясыз қол жеткізуді кіруді, ұрлық, ақпаратты жою іс әрекетерін тыю үшін қолданылуда. Бірақ көптеген қолданушылар мұны моиындамай, жеке құпияларын қауыпсіздіксіз сақтауға тәуекел етуде. Соның ішінде азғанатайы ғана, әйтеуір кейбір әдістермен, өз мәліметтерін сақтап қалуда.
Сонымен, бұл жағдайларды жою мен ақпараттың қауіпсіздігін сақтау үшін, криптоинтерфейс пен криптожүйелерді қолдану өте тиімді болып отыр. Өйткені қазіргі кезде, криптожүйелік шифрлауды кең түрде қолдануды артыру қажет деп ойлаймын.
Әр адам шифрлау туралы әр түрлі түсінікте болуы мүмкін. Дегенмен нағыз криптография дегеніміз – бұл нақты бір ақпаратты құпиялық түрде шифрлау мен қорғау тәсілдері десек те болады. Бірақ криптография (strong cryptography) ол өте үлкен жағдайдағы құпиялықты, қамтамассыз етуіге қажет. Ол дегеніміз – криптографиялық ақпараттарды, сенімді түрде қорғау үшін және көптеген ірі ұйымдармен мысалға алсақ мафия, трансұлттық корпарациялардан, және ірі мемлекеттерден ақпаратты олардың алуынан, сақтау мен қорғанысты қамтамасыз ету үшін қажет. Қазіргі кездегі криптография, бұрынғы кездері тек әскери мақсаттарға ғана көзделіп қолданылған, десек те болады. Бірақ қазір, ақпараттық қоғамның құрылуына байланысты, бұл орталық құралға, яғни ақпараттардың қауіпсіздігін сақтау үшін кең түрде қолданылуда.
Ақпараттық қоғамның білімділік өлшеміне, сапасына байланысты, ірі мемлекеттер үшін, бұл құралды қолдануда технологиялық құрылғылыр, милиондаған адамдардың қолдануына әкелді. Сондықтан криптографиялық интерфейс, қауіпсіздікті сақтаудың негізгі құралы болып табылады, бұл арқылы авторлық құқыққа сенімділік, және электронды төлемдер, корпаративті қауіпсіздік, және басқада өте маңызды заттар мен іс әрекеттердің сенімділігін арттрды.
Криптография әскерилердің ойлап тапқаны емес, және олармен байланысуға да қажетті емес. Криптографиядан құпиялықты алып тастаудың және оны қазіргі заманда қоғамында кең қолданысқа асырудың уақыты келді деп ойлаймын. Криптографиялық интерфейсті кең түрде таратудың аз ғана үлгісі бұл оның ақпараттағы қауіпсіздікті сақтауы болып табылады.
Курсавойдың негізгі мақсаты ақпараттық мәнінің маңыздылығымен, ақпаратты қорғау мен қауіпсіздігін сақтау, олардың орыны ұлттық қорғау жүйесінде болып, теориялық бөлінуі мен әдістік және ұйымдық негізінде, ақпараттың қауіпсіздігін сақтау, және ақпаратың классификациясы мен мінездемесін құратын, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараты қорғау, олардың құрамына кіретін логикалық компонентерін қолдануда, өте тиімді десек те болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Әдептілік негіздері

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырад. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан.
Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол оз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мәнін білдіреді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді.
Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысықа алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады.
Сонымен, педагогика - тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогака адамдарды тәрбиелеу, білілі беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде aлғa қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды.
Барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқарады.
Тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. ....
Рефераттар
Толық
0 0