Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақ зиялыларының мұраларын оқу тәрбие процесі

Ғасырдың басында тарихи сахнаға ағартушылардың , педагогтер мен жазушылардың жаңа буыны шықты (А.Байтұрсынов, М.Дулатов , М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедұлы және т.б.). Олардың шығармашылық мұралары тек тәуелсіздік алғаннан кейін халқымызға қайтарылып, осы бағытта диссертациялар қорғалып, кітаптар жарық көре бастады. Әрбір халықтың тарихи жадында сақталатын адам-символдар және оқиға - символдар бар болатыны баршаға мәлім. Адамдар арасындағы ондай тұлғалар дара жандар болған, тарихи үрдісте де мұндай оқиғалар сирек кездеседі. Тұлға символдары мен оқиға символдар халық тарихындағы бір кезең Әбу - Насыр әл Фараби,Я. Коменский, Л. Толстой, К. Ушинский, А. Құнанбаев, олардың барлығы әрқайсысы өз жолын таңдап, адамзаттың дамуына септігін тигізген.
Ресейдің академигі А. Пискуновтың ойын басшылыққа алатын болсақ, тарихи педагогикалық жұмыстардың құндылығы, ең алдымен, нәтижеде олардың оқыту мен тәрбиелеу теориясына қалайша септігін тигізетінімен анықталады . Біз ғалымның ең бірінші кезекте ғылым феномендерінің генезисі, дамуы мен трансформациясын зерттеу,деген көзқарасымен келісеміз. Қазақстан үшін жаңа ғасыр талаптары мен сұраныстарына сай келетін тұлғалық универсумды қалыптастырудың жалпы адамзаттық мәселесі айрықша өзектілікке ие,себебі еліміз Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениетін сіңіріп, көптеген халықтардың тарихи тағдырларының тоғысында орналасқан және де қуатты әрі тұрақты өзегін қазақтардың дәстүрлі мәдениеті құрайтын көпмәдениетті, көпконфессионалды мемлекет болып....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Ц ц дыбысының әріп таңбасымен таныстыру, жаңа сөздермен танысу, сөздерді буынға бөлу, сөйлемдер құрау;
Ә) Дамытушылық: Балалардың ойлау, қиялдау, түсіну қабілеттерін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, тазалыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдттар, жеміс суреттері
Әдіс - тәсілдер: Көрнекілік, ойын, ертегі, сұрақ - жауап;

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Сәлем бердік біз.
Ә) Тренинг «Жылулық шеңбері» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Жас ерекшелігі психологиясы — психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні — адам психиқасының жас ерекшелігі динамиқасы, даму үстіндегі адамның психиқалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас: ерекшелігі психологиясы психиқалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогиқалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Педагогиқалық психологияның пэні — оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогиқалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық ироцестерінін қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуынын шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардық өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлар мен қоса, педагогиқалық психология оқушыларға жеке дара қатыінас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогиқалық және жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі — бала, жеткіншек, жас өспірім — ортақтығымен үсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамиқасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілрі, ал егер педагогтын мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогиқалық психологияньщ объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы — жас ерекшелігі пснхологиясынын бөлімдері. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Мектеп жағдайында тарихи білім беруді ұйымдастыру әдістері

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:
Тарих пәнін оқыту әдістемесі туралы баспалардан 1990 жылдарға дейін шыққан әдістемелік кітаптардың бәрінде де тарихтың оқу кабинеті, оның қызметі туралы жеткілікті жазылған. Оның үстіне "Тарих кабинеті" деген атпен орыс тілінде жеке шыққан кітаптар мен кітапшалар қаншама. Сол еңбектердегі тарих кабинеті мен оның міндеттері, қызметі, жабдықталу мәселелері туралы айтылған әдістемелік кеңестер мен ұсыныстардың біразын қазірде басшылыққа алуға болады.
Дегенмен өткен ғасырдың соңы мен жаңа ғасырдың басында халық ағарту саласында болған, болып жатқан өзгерістер тарих кабинетінің жұмысына жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Оның үстіне әңгіме біздің Отанымыз — Қазақстан тарихы туралы болып отырғандықтан бұл мәселе айрықша назар аударады. Қарапайым мысалға жүгінсек бұрын да, қазір де Ресей, орыс халқының тарихы туралы мектептерге арналған құралдар қаншама, ал Қазақстан тарихымен қатар оқытылатын дүние жүзі тарихы ше? Бұл курстан да мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған құралдар баршылық және де олар белгілі кітапханалардың бәрінде кездеседі.
Ал Қазақстан тарихының жағдайы мүлде басқа.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Жалпы теорияның пәні және әдісі

Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық – нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алматы қаласының болашағы

Әлемдегі көптеген елдерде осы секілді мегаполистер бар. Мысалы: Австралияда - Сидней, Қытайда – Шанхай, ал Түркияда – Стамбул. Бұл мемлекеттердің елеулі экономикалық және саяси процестерінің бәріде осы қалалармен байланысты. Алматы да сол қатарда.
Бас жоспарға сәйкес, қала халық аралық қаржы және инновациялық, мәдени және туристік орталық ретінде дамып келеді. Қала басшылығы қазіргі және болашақ Алматылықтардың жақсы өмір сүруі үшін, экологиялық жағымды және әлеуметтік ынғайлы жағдай жасау жолында, небір қилы шешімдер ізденуге мәжбүр. Алматы қаласы дамуының бас жоспарына сәйкес, саяси орталықтандыру принципі енгізілуде, яғни мегаполистің түрлі бөліктерінде көп функцияналды орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі әлемдік дамудың заман-ой тұстары, көлік инфрақұрылымын құруға кешенді түрде қарауға міндеттеп отыр. Республикада алғаш рет көліктің барлық, яғни жер асты, жер үсті және әуе түрін өзара әрекеттестірудің ерекше жүйесі жасалып енгізілуде.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қадырғали Жалайыридың Жами Ат Тауарих атты шежіресінің тілі

Қадырғали туындысы тілінің лексикалық негізін қыпшақ тобына жататын түркі сөздері құрайды. Мысалы, осы тұстағы өзге түркі ескерткіштерінде ау, ел / ал, ев / еу болып келетін сөздер мұнда аң (аңға чықты, аңға атланды), қол, үй түрінде қыпшақша, оның ішінде қазақша тұлғада жұмсалған. Сол сияқты бөлек, билеу (ел билеу), күйеу, біреу, ақча, башлық, йақа (жаға), йарылқа, қыр, ой урушты, ұчрады, чапты дегендер таза қыпшақ сөздері. Тек жеке сөздер емес, тұрақты немесе лексикалық тіркес болып келетін сөздер де қыпшақ тілдеріне, оның ішінде сол кезеңдегі (және қазіргі) қазақ тіліне тән қолданыстар екенін көрсетуге болады. Мысалы, шежіре тілінде кездесетін қыз берді, ел болды, ажабқа қалды, бәнде қылды (тұтқын етті), фарман қылды, кіріфтарлық чекті, хуш келді деген тіркестер беретін мағыналары мен жұмсалатын орындарына қарай қазіргі қазақ тілімен бірдей түседі. Бұл ретте әсіресе образды тұрақты тіркестердің шежіре тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі бірдейлігі өте-мөте көзге түседі. Олардың бірқатары бұл күнде сол мағынада тек қазақ тілінде жұмсалатындығы - Қадырғали шежіресінің тілін қазақ тіліне жақындататын, яғни оны қазақтың жазба әдеби тілі деп танытатын белгілердің бірі. Мысалы, аяқ асты болды, балдызлап берді, бір йашады, ол хатунын йеңгелете (жеңгелей) алды, көңүл қалышты, қыз айттурды, тілегін тіледі, хатун йіберді, хатунны айырды, сөзінден чықмады деген ондаған фразеологизмдердің біз әңгіме етіп отырған шежіре тіліндегі беретін мағыналары мен тұлғалық көрінісі қазақ тілімен дәлме-дәл түседі.
Әрине, Қадырғали жылнамасы тілінде қазақ тіліне тән емес, немесе қазіргі нормаға сай келмейтін сөздер мен тұлғалардың, тұрақты тіркестердің аз емес екендігі сөзсіз. Әсіресе фонетикалық тұлғалануы бөлекше йағмур (жаңбыр), тигәр (тиер), таг (тау), тугды (туды), сығыр (сиыр), төгүрек (төңірек), қатығ (қатты) тәрізді сөздер мен үкүш (көп), біту (жазу), айу (айту), нүң (не), өнгін (өзге), қайу (қайсы) сияқты көне сөздердің жақша ішіндегі сол кездегі (және қазіргі) қазақ авторының ана тіліне тән варианттарымен қатар қолданылғаны байқалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мәліметтер базасын арнайы өңдеу әдістерін таңдау

Әрбір МҚБЖ-ның өзіндік тіл жабдығы бар. Олар мәліметтерді сипаттап жазу үшін, мәліметтерді басқару амалдарын жасап және оларға ену үшін қажет.
Қазіргі уақытта АЖ-ны ұйымдастыру үшін көп мөлшерде әртүрлі МҚБЖ-ны қолданып отыр. Әрбір АЖ нақты МҚБЖ-нгы қолданса, экономикада көбінесе FoxBase, FoxPro, PARADOX, Access, ORACLE және басқада МҚБЖ қолданылады.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
• Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
• Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны қою;
• Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
• Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл жасау басталған жері болып саналады.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты
терезенің негізгі бөліктері сәйкес келеді. Бұлар Таблицалар, Сұрау салулар, Есептер, Парақтар, Макростар мен Модульдер.
Терезе тақырыбы – мәліметтер базасының файл атауы.
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан
басқа үш бұйрықтық кнопкалар бар: Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0